Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 90)

Қала тынысы

ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр Түркістан ауданы Үшқайың ауылында 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1942-1946 жылдары әскер қатарында болып, Чита қаласында жасақталған 1011 полктың Быков автоматты-барлау ротасында қызмет етті. Забайкалье майданында Қытайдың Цицикар қаласын жапон милитаристерінен тазартуға қатысты. Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков Г.К.», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдермен марапатталды. 1949 жылы әскерден оралғаннан кейін 1992 ...

Толығырақ »

МАЙДАНГЕРЛЕР ЕРЛІГІ ЖАДЫМЫЗДА

ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет, ҰОС ардагері ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет 1925 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген. 1942-1950 жылдары әскер қатарына алынып, 1034-ші дайындық полкінде болған. Одан соң Иркутск қаласындағы авиациялық училищесінде оқып, механик мамандығын алған. Авиамеханик ретінде Венгрия, Румыния, Украина, Белоруссия үшін болған шайқастарды бастан кешті, сөйтіп Германияға дейін барып қайтқан. Бұдан соң Жапониямен болған ұрыстарға қатысып, екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойды. 1950 ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматша үй жағдайында өз бетінше емделіп, медициналық көмекке жүгінбеген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқас коронавирус ошағынан анықталды. ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. Зарыға күткен бейбіт күндерде ...

Толығырақ »

АҚ КІЛЕМНІҢ ТАЛҒАТ ДЕГЕН АТАСЫ

Талғат Ысқақов бауырымыз талай биіктерді бағындырып келе жатқан, әрдайым үздіктердің қатарында көрініп жүрген абзал азаматтарымыздың бірі. Қазақ кілемдерін қайта жаңғыртып, әлемге таныта білген бүгінгі күннің кәсіпкері. Абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп жүрген – өзінің ерен еңбегі. Өте елгезек, бауырмал жан. Айтпақшы, Талғат-бауырымызды демалыс күндеріне сәйкес келген туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла ісіңізге абырой беріп, мәртебеңізді биіктете берсін! Әр қадамыңыз берекелі ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ПАЛАУЫ БЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі Фердауси және Жантақсай елдімекендеріне жауапты болып бекітілді. Аталған елді мекен тұрғындарының 400- ден аса азаматтары Мақтаарал ауданындағы №44 Ә.Науаии мектебіне эвакуацияланып, уақытша тұрғын орыны дайындалды. Төтенше жағдайдың алғашқы күніндегі ауыз ашарға 50 келі палау дайындалып, аталған мектептің спорт залына карантин режимін сақтай отырып, әр столға 4 ...

Толығырақ »

277 556 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 2 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 277 556 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 252 806 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 556 азаматтың ішінде 264 774 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Толығырақ »

БІР ТУДЫҢ АСТЫНДАМЫЗ!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Алия перделер жеке ателье демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түліктер мен бетперделер таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттердің жалдамалы ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты. «Әлем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды. Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтанда аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

4 МАМЫРДАН БАСТАП…

Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 5 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда. 1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының ...

Толығырақ »

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді. Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

Жер-жаһанды жайлаған вирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде бірқатар құрылымдардың қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Солардың бірі әрі негізгісі індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласының мамандары. ​ Бүгінде қалалық №5 емхананың медағасы болып жұмыс істейтін Айбек Жандарбек Шымкенттегі Қызылсу блок-бекетінде кезекшілікте тұр. Карантин кезінде рұқсат қағазы бар азаматтарды жіті бақылаудан өткізіп, арнайы құрылғылар көмегімен тексеретін маман қандай да бір ауру ...

Толығырақ »

ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ОРАСАН

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...

Толығырақ »

64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​ Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...

Толығырақ »

534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Толығырақ »

8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚТАЙ ШЕШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...

Толығырақ »