Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 18)

Әлеумет

ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зертас ауылдық округінде егілген көшеттерге арық тарту, суғару жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, Ленгір қаласы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы шөптер орылып, күл-қоқыстардан тазалануда. Тасарық ауылдық округінде шөп ору жұмыстары жалғасын табуда. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде іс-шара өтіп, аудан әкімі Азат Оралбаев аудандық «Ордабасы оттары» газетінің ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, марапат жасады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — 89 жылдан бері оқырман қауымның айнымас серігі, рухани азығына айналған «Ордабасы оттары» газетін жаңалық пен жақсылықтың жаршысы деп санаймын. Сіздер ...

Толығырақ »

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық зомбылық жол жоқ» акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық мәдениет сарайының кіші залында өткен бұл шараның мақсаты — “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,құқық бұзушылыққа жол бермеу. Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер ...

Толығырақ »

Құрметті мемлекттік қызметшілер және полиция қызметкерлері!

Ел мүддесі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен елдің айбыны, қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметші пен қоғамдағы тәртіп сақшысының міндеттері сабақтас. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкер мен полиция – мемлекеттік аппараттың жұмысын алға жылжытушы кадр және мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға. Дамыған мемлекет – тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің және қоғамдық тәртіпті, ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНЕ АУДАН ӘКІМІНЕН ҚИЯНАТ

(Әл-Фараби ауданынан арнайы фоторепортаж) Күні кеше «ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!» деген жазбаларымызда Рашид Мыңбаевтың «іскерлігі мен ісмерлігін» паш ететін Қазыбек би көшесі бойындағы тұрғын үйлердің аулаларындағы қалыптасқан жағдайдан қалың көпшілікті хабардар еттік. Бүгінгі сапарымыз мегаполис орталығындағы ірі көшелердің бірі – Тәукехан даңғылынан бастап, Бекет-батыр көшесіне дейін созылды. Сөйтсек, ондағы жағдай кешегі Қазыбек би көшесіндегі жағдайдан бес бетер ...

Толығырақ »

ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!

Рашид Мыңбаевтың ұйымдастырған көптеген фейктері біздің сындарымызға: «Дәлел қайда?» деген соң, көпшілік назарына шығарғымыз келмеген осы айғақтарды жариялауымызға тура кеп отыр. Оның үстіне, редакциямызға біраздан бері аудан тұрғындары хабарласып, бұл әкімнің өз тікелей функционалдық міндеттеріне деген енжарлығына наразылығын білдіріп жүргенін ескердік. Сонымен, көпшіліктің сұранысымен қала орталығындағы Қазыбек би көшесіне портал тілшісі ат басын бұрды. Сондағы көргендеріміз мынау болды: тозығы жетіп, ...

Толығырақ »

ТАҒАЙЫНДАУ!

Аудан әкімінің Өкімімен Махашбаев Бағдат Талғатұлы Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы Бағдат Талғатұлының қызметіне табыс тіледі. Жүктелген тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, ауданды кешенді дамытуға бағытталған жұмыстарды өз ...

Толығырақ »

АҚЖАРДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Aудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, Бағыс елді мекенінде жайылым жер мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайын талқылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Талипов және жер иелері қатысты. Жиын барысында тұрғындар жылдан жылға мал санының көбеюіне байланысты, ортақ мал жайылымын ұлғайту туралы ұсыныс пікірлерін білдірді. ...

Толығырақ »

Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ – 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН СУБСИДИЯ АЛАСЫЗ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бүгін өткен халықпен кездесуде осылай деді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суды үнемдеу, оның ішінде инновациялық әдістерді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру бойынша жан-жақты қолдаулар жайлы айтты. «Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын пайдаланушылар үшін әр гектарына 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Мен ...

Толығырақ »

АУДАНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов аудан орталығындағы үздік білім беру ұйымдарының бірі Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында болып, мектептің бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасына қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басып жатқан барша түлектердің қадамдарына сәттілік тілеп, ата-аналар мен ұстаздарға алғысын айтты. Ол өз сөзінде: «Сіздерді бүгінгі ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды. Зауыт басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен бөлісті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке кәсіпкердің ұсынысын тыңдаған аймақ басшысы кәсіпорындардың мүмкіндігін кеңейтуге мемлекеттік қолдау жолдарының қарастырылатынын ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. ...

Толығырақ »

ТАМЫРДАҒЫ ОТТЫ ОЙНАТҚАН ТАРЛАНДАР

Бүгін Түркістан төрінде 120-ға жуық балуан “Оңтүстік Қазақстан” газетінің жүлдесі үшін белдесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Gauhar Nurmahankyzy-ның фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Турнирге арнайы ат басын бұрған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков биыл ғасыр толған газеттің Оңтүстік өңірінің шежіресін қалыптастырудағы орасан зор үлесіне тоқталып, құттықтауын арнады. Қазақ күресіне жанашырлығы, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еселі еңбегі үшін басылым ұжымына, бас редакторы Абай ...

Толығырақ »

18-ҚАЗАҢДАҒЫ 578 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) 2024-2025 оқу жылындағы абитуренттерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18-қазаңдағы 578 бұйрығы негізінде қабылданады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары мемлекеттік тапсырыс ...

Толығырақ »

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленген, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Нұранның, ауданның бас дәрігері Бекзат Слановтың, медицина саласының ардагерлері Кәрібай Досанбаевтың, өзге де медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында Серік ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСҚА 500 ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Спорт кешенінде 26 маусым «Нашақорлық қарсы күрес» күніне орай, Төлеби ауданы әкімінің кубогы үшін дзюдо күресінен республикалық жарысы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маусым айының 13-16 күндеріне жоспарланған спорттық сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Түркістан облысының барлық аудандарынан 30 команда, 500 ...

Толығырақ »

КАНГЕЛДИЕВ ЕРЖАН КАНГЕЛДИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aудан әкімі Азат Оралбаев “Қарызсыз қоғам” әлеуметтік жобасының Ордабасы ауданы бойынша қаржы сарапшысы Кангелдиев Ержан Кангелдиевті қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қарызсыз Қоғам» ұлттық жобасы азаматтарды тек қаржылық сауаттылыққа үйретіп ғана қоймай, әр қатысушымен кеңес өткізеді. Сұхбатаса отырып қатысушыға : •банкрот жариялау; •жеңілдетілген несие бойынша және мемлекеттік бағадарламарға қатысуға кеңес беру және сүйемелдеу; ...

Толығырақ »

АУДАН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді «19 маусым — Қала күні» мерекесіне орай зейнеткерлер арасында өтетін шахматтан жарысқа қатысуға шақырамыз! – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. • 19 маусым сағат 10.00-де басталады. • Іс-шараның мақсаты — белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды факторы ретінде қарт адамдар арасында шахматты насихаттау. Өйткені, шахмат — бұл адамның миы мен жаны үшін ...

Толығырақ »

ЖЫЛҒАДАҒЫ СУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Aудан әкімінің орынбасары М.Баигабулов Жылға ауылдық округіне арнайы барып, ауылдық округке қарасты Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендерінің су ұңғымаларының жағдайымен танысып,ауыл тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, кездесуге Жылға ауылдық округінің әкімі Ғ.Бижанов, ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысының м.у.а. А.Утебаевтар қатысты. Бақылау барысында су ұңғымаларына су құбырларының ескіріп,су деңгейі төмендегені ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА ДЕРМЕНЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Дермене ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауылдастармен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды бөлісіп, оларды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады. Дерменеде атқарылған жұмыстар аз емес. Алда атқарылатын істер де жеткілікті. Қала басшысы әр сала бойынша жеке жеке тоқталып, сандарды сөйлетті, қала көлемінде атқарылған жұмыстар туралы толыққанды айтты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар-тренингтің бүгінгі екінші күніне аудан, қала прокурорлары, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Түркістан облысы бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ AVTOBYS ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Енді тұрғындар Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы жол ақысын оңай төлей алады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа да санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге мүмкіндік ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТІ ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ МӘЛІМЕТ ҰСЫНЫП, ЕСЕП БЕРДІ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің мамыр айында тұрғындармен кездесуі нәтижесінде нақтыланған 143 тапсырманың бүгінгі таңда 131-і орындалды, қалған 12 тапсырма қаржы қажет етуіне байланысты құжаттандыру сатысында. Бұл жөнінде бөлім басшылары кезекті лездемелік мәжілісте мәлімет ұсынып, есеп берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменованың мәлімдеуінше, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын ...

Толығырақ »

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Шақпақ ауылдық округінде «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шақпақ баба ауылында тазалық жұмысы және әктеу, сырлау, көшеттер отырғызу жұмыстары атқарылуда. Әр біріміз ауламыздың, табиғаттың тазалығына үлес қосайық. #Таза_Қазақстан #тазаШақпақ © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС — САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловтың төрағалығымен өткен бұл жиынға штаб мүшелерімен қатар аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, ...

Толығырақ »