«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай өтініш беріп, тек ХҚКО арқылы рәсімдеу керектігін айтып берді. Сондай-ақ, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін еске салды. 2022 жылдың жеті айында шымкенттіктерге 112 565 жеке куәлік пен паспорт берілді. Паспорт алу Паспорт ...
Толығырақ »Шымкент
А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТУГЕ ЖАҚЫН
Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының құрылысы жақында аяқталады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте ескі мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы. Құрылыс жұмыстарын көруге арнайы барған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға тапсырылған істің сапалы орындалуын талап етті. Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Алғашқы әскери дайындық, робототехника, ...
Толығырақ »Шымкентте 16 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіліп жатыр
Шымкентте Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» автокөлікке 886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 437 азаматтардан өтініш қабылданып, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЕГУ БЕКЕТІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын алдын алу және оған қарсы жасалатын вакцинация жүргізілуде. Шымкентте осы профилактикалық шараны күшейту мақсатында сауда орталықтарында жылжымалы егу пунктері қайта қызметін бастады. Нақтырақ айтқанда, қаладағы «Шымкент Плаза», «Гипер Хаус», «Даймонд плаза» сауда ойын-сауық орталықтарында екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 37 медициналық ұйымдардың егу пунктерінің жұмыстары сағат 21:00-ге дейін ұзартылды. Кез-келген қала тұрғыны емханаға барып, екпеден ...
Толығырақ »АБАЙ АУДАНЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту барысын баяндады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауданда ең өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым. 2020 жылға дейін елді мекендерді дамыту мақсатында жобалық сметалық құжат әзірленбей келген. Қала әкімі М.Әйтенов аудан тұрғындарымен жиі кездесу барысында негізгі проблеманы шешу үшін шұғыл тапсырма беріп, қысқа мерзімде ауыз ...
Толығырақ »Шымкентте екі мыңнан астам адам оңалту шараларымен қамтылды
Шымкент қаласында 2 157 адам оңалту шараларымен қамтылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Есепті 6 ай кезеңге 2 157 адам оңалту шараларымен қамтылды. Оның ішінде стационар жағдайда – 775 азамат, жартылай стационар жағдайда – 236 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 726 азамат, үкіметтік емес ұйымдар арқылы ...
Толығырақ »ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
Шымкент қаласында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Екі күнге жоспарланған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен ҚХА-ның қоғамдық медиаторлары қатысып жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлаудың маңыздылығына тоқталып өтті. – ...
Толығырақ »«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500 БАЛАҒА ОҚУ-ҚҰРАЛЫ БЕРІЛДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Орталық мешітте өткен іс-шарада аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына сөмке мен мектепке қажетті оқу-құралы берілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Игі шараға қатысқан Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жыл сайын өтетін бұл акцияның мақсаты — балаларға қажетті құрал-жабдықтар үлестірумен бірге, оларға мейірім ...
Толығырақ »ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ ЖЫЛ САЙЫН КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласының Тұран шағынауданы қаланың солтүстік-шығысынан келетін күре жолдың бойында орналасқан. Бүгінде Тұранның биік-биік үйлері менмұндалап, шаһардың көркіне көрік қосып тұр. Қазіргі күнге дейін онда 28 көп қабатты үй бой көтеріп үлгерді. Оның 16-сы 5 қабатты, 12-сі 9 қабатты тұрғын үй. Аймақта жол, газ және кәріз жүйесі қолға алынып, тұрғындарға жағдай жасалуда. Шағынауданның инженерлік-коммуникация жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар ...
Толығырақ »Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарттық агентігі. Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. ...
Толығырақ »Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды
Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 2022 жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 8359 отбасыға (40 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды
Шымкент қаласында санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі) курорттарымен келісім шарттар түзілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 736 зейнеткерге жолдама беріліп санаторлық-емдеу курорттарына жолданып ...
Толығырақ »Биыл Шымкентте 25 мыңға жуық жұмыс орны құрылады
Биыл Шымкент қаласында 24 196 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орны (тұрақты – 14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Мұратбаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжар шағын ауданындағы 1,8 шақырымды құрайтын Мұратбаев көшесіне және Мұратбаев көшесінің тұйығы № 1,2,3 көшелеріне асфальтбетон қабатының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталмыш жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, төселген асфальттың қалыңдығы 10 см құрады. Сонымен қатар, көшеге бір жақтама аяқ жол салынады. Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК АЗАМАТ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ
Шымкентте «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі өтті. «Дара» дарындыларды қолдау қоры, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға қала жастары белсене қатысты. Белтемірге тартылу сайысында ең көп қатысушылар тіркеліп, сонымен қатар, рекордтық нәтиже жаңарды. «Мұз сарайы» спорт кешенінде өткен турникке тартылу бәсекесі таңнан кешке дейін жалғасты. Көше спортының мықтылары, сонымен қатар, белгілі балуандар мен ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: № 107 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстары барысын тексерді. 2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ...
Толығырақ »Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құраммен жедел кеңес өтті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі А.Жүзжасаров төрағалық еткен кезекті жиын өтті. Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Ш.Қожахметов, КАС «Даму» атқарушы директоры А.Битебаева мен тәртіп сақшылары қатысты. Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ талқыланды. ...
Толығырақ »Шымкентте 130-ға жуық мектеп жанынан медиация кабинеті ашылады
Шымкент қаласында 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Басқарма мәліметіне сүйенсек, қаладағы инклюзивті білім беру бағытында жұмыс жасайтын жалпы мекемелер саны – 26. Оның ішінде 2021 жылы 4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар және 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 7 логопед кабинеттері ашылған. Сонымен қатар, басқармаға қарасты Әдістемелік орталықтан «Инклюзивті ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылды
Шымкент қаласы Қайтпас-1 және Құрсай мөлтек ауданы сапалы интернетпен қамтылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда. Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар, Жаскент, Ақ ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 мыңнан астам орын бөлінді
Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 704 орын бөлініп отыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан 11 427 студенттің 3 725-і аталған оқу жылы бітірген. Нәтижесінде 2 466 студент жұмысқа ...
Толығырақ »Шымкент 4 рет «Алтын түйме» белгісіне ие болды
Шымкент қаласы электронды журналды жүйелі жұмыс жүргізуі мен белсенділігі бойынша 4 рет «Алтын түйме» белгісін жеңіп алды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2020-2021 оқу жылының бірінші және екінші жартыжылдығында, сонымен қатар 2021-2022 оқу жылының да бірінші және екінші жартыжылдығында, яғни қатарынан 4 рет те де ...
Толығырақ »Ғылыми жоба жарыстарға қатысқан шымкенттік оқушылардың 30-ға жуығы жеңімпаз атанды
Биылғы оқу жылында республикалық ғылыми жоба жарыстарға қатысқан шымкенттік оқушылардың 29-ы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан 60 оқушы жеңімпаз атанып, алтын, күміс, қола медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған. Оның 10-ы алтын, 17-і ...
Толығырақ »Шымкентте үш қосымша білім беру ұйымдары салынады
Шымкент қаласында балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 3 қосымша білім беру ұйымдары салынуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінгі таңда қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 3 қосымша білім беру ұйымдары салынуда. Атап айтсақ, пайдалануға беру мерзімдері бойынша: — 2022 жылы 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы ...
Толығырақ »Шымкент қаласында 28 балабақша ашу жоспарлануда
Шымкент қаласында 28 балабақша ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары 86,2% белгіленген. 2021 жылы 22 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары толығымен орындалған. 2022 жылға қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданы сапалы электрмен қамтылады
Шымкент қаласы Достық шағын ауданы сапалы электрмен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі. Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау және 13 электр трансформаторларын орнату, 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Қарашада абоненттеу ...
Толығырақ »