Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 61)

ОҚО жаңалықтары

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ ТҮСПЕК…

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан – Өзбекстан бизнес форумы аясында Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады. Өзбек делегациясымен болған екі жақты кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен жүйелі жұмыстарды атқару жайы қарастырылды. Өз кезінде Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам ...

Толығырақ »

ШАРДАРАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НӘТИЖЕЛІ

Шардара ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыздықты жоюда оң нәтиже беруде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында өткен жылы 2952 адам қатыстырылды. Оның ішінде 984 жұмыссыз болса, 1234-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 734 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы табысы аз азаматтар. Ал 2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА САРЫМСАҚ ӨСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

2016 жылы Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады. Бастапқыда 10 гектарға жаңа технологиямен жүзім еккен шаруа өткен жылы қосымша он гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызып, былтырғы жылы алғашқы жемісін жинап алды. Еңбегіне қолдау ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында Сайрамдағы өзбек драма театрында «Мемлекеттік тілді білу – парызым!» атты республикалық конкурс өтті. Үш кезеңнен тұрған конкурсқа Қазақстан Республикасындағы өзбек мектептерінің аудан, қалалардан іріктеліп шыққан 2018 жылғы бітіруші 17 оқушы қатысты. ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ

Түлкібас ауданындағы «Ақ шатыр» демалыс орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған басқосуда облыс басшысы өнер азаматтарын кәсіби мерекемен құттықтап, облыстың рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айтулы үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Шара барысында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Жұмат ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ МЫҚТЫ МЕЖЕЛЕРІ 

Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда. Биыл аудандағы өнеркәсіп өнімін 13666,4 миллион теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Қазіргі таңда ауданның индустриалды аймағынан жер бөлініп, құрылысы басталған «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытын салуға 300 млн. теңге жұмсалатын болады. Жоба бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады. Сондай-ақ, «Раджапов» ...

Толығырақ »

«Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқау-көрмеcі мәресіне жетті

Бүгін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ОҚО Бейнелеу өнері музейі және облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқау-көрмеcі өтті. Үміткерлер ақын, Физули атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Құрал Көмектің «Қазақ елі», «Астанаға нұр шашу» туындыларына сүйене отырып, өлеңдердің мазмұнына ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ ТАУЫ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасыдағы  тариxи қорықты туризм орталығына айналдыру жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты. Бұл туралы ОҚО әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды. Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған жоба аясында келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары мен жобаның ...

Толығырақ »

НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ ОҢТҮСТІКТЕ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтап, облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге ...

Толығырақ »

АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың қайсар қызы атанып кеткен Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті. Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР

Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесінен отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді. Жаңа демалыс аймағының ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары қатысты. Шымкенттік Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Сондай-ақ, облыс басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттарына «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды ...

Толығырақ »

ТАРИХ ТҮТІНІ ТҮП-ТҮЗУ

Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру болып табылады. Жыл ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БИЫЛ 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстанда өңір халқын сапалы ауыз сумен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты атқарылуда. Облыстың даму жоспарына сәйкес, үш жылда 84 елді мекенді, яғни, 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде биылғы жылы ауыз су саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға ...

Толығырақ »

АЛАҚАЙ! БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған бағдарламаларды іске асыруда «Қазақстан» Теле Радио Корпарациясы» АҚ атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау үшін республикалық «Мен – қазақпын» атты дәстүрлі әнші, термешілер және күйшілер арасындағы байқауын жариялады. Оңтүстіктен іріктеліп шыққан үш өнерпаз республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.  Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ontustik» ...

Толығырақ »

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ЮНЕСКО/ИКОМОС консультативтік миссиясының бағдарламасы аясында келген ресейлік сарапшы Наталья Душкина, Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы Әлібек Күзербаев, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Серік Үркімбаев, «Қазқайтажаңғырту» бас директорының орынбасары Еркеболат Тоқмағамбетов, «Қазқайтажаңғырту» ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры Садуақас Агитаев, «Қазқайтажаңғырту» ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВТЫ «ТЕНТІРЕТКЕН» ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫМАДЫҚ…

Өткен апта соңында ел назарын өзіне аударған бірқатар мәдени-тарихи шара ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына және ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Оған ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс ақындары Ақмарал Леубаева (Бәйдібек ауданы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қажымұқан Абзалов (Бәйдібек ауданы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), ...

Толығырақ »

КӨҢІЛДІ КӨТЕРГЕН «КӨҢІЛ»

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-13 мамыр күндері аралығында Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік іссапары өтті. Аталған жыл аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді. Мәдени қарым-қатынасты ұлғайту, көрші елдің сахнадағы ерекше қойылымдарын ...

Толығырақ »

БУРСА ҚАЛАСЫНДА «ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Түркия Республикасының Бурса қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды. Шараға Бурса қаласының губернаторы Мұстафа Дүндар, қала басшылығы мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен тарихшы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Көрменің лентасын Бурса қаласының губернаторы Мұстафа Дүндар мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы салтанатты түрде қиып, жиынға қатысушыларды тарихи күнмен құттықтады. ...

Толығырақ »

ОҚО-да тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті

Бүгін, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті. Шара барысында шетелдік би ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етті. «Би театры — көп ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА 90 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР БІЛІМ ОРДАСЫ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі 90 жылдық мерейтойын тойлады. Қазақтың біртуар азаматтары оқыған білім ошағының салтанатты жиынына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, көпшілікті аталған мерекемен құттықтады. «Сіздерді жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімін иеленген іргелі білім ордасының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мектеп 90 жылда талай шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге ұшырып келді. Кеңестер Одағының ...

Толығырақ »

ДОДАҒА ШЫҚТЫ ДҮЛДҮЛДЕР

Бәйдібек ауданының 90 жылдығы және «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы орай Боралдай ауылында  дүркіреп өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, ...

Толығырақ »

МЕЙІРЛІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ 

Шымкент қаласындағы облыстық Опера және балет театрында халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында сала үздіктері облыс әкімінің, облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, 11 медицина саласының қызметкеріне «Ең үздік медбике» номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл күні елуге жуық азамат айрықша құрметке ие болды. Жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ...

Толығырақ »

БОЛАТБЕК ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ

Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысан құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті. Аудан басшысының айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ҚҰЙМА КЕРАМИКАСЫ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің мақсаты — өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау. Аталған шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ...

Толығырақ »

Түркістанда «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» фестивалі өтуде

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау аясында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі өтуде. Аталған өнер додасы Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тауып, ақсақалды қариядан ең жас дарынына дейін салт-дәстүрлерді дәріптеп, түрлі жанрдағы өнерлерді ортаға салды. Сонымен қатар, халық өнегесін үйрету мақсатында қолөнер шеберлері ...

Толығырақ »