Шымкент қаласында «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты басталды. Бұл іс-шара Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Бектұрғанов бастаған Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
КЕНТАУ БАСШЫСЫ МӘЛІМДЕЙДІ
Бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қаланың тыныс–тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде мәлім етті. 2017 жылы Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама оң өзгерістер болған. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары басталып, мөлтек аудандардың инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, пайдалануға берілген. Өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында инвесторлар тартылып, өңдіру және ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 3 АЙДА 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН
Түркістан қаласына ағымдағы жылдың 3 айында 285 021 зияратшы мен турист келген. Оның ішінде 5 мыңға жуығы шетел азаматтары. Туризм саласында І тоқсанда 1 689,3 млн. теңге табыс түсіп, қала экономикасының ұлғаюына үлесін қосып отыр. Айта кететіні, былтыр қасиетті қалаға 1 млн. турист келген болатын. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті. ...
Толығырақ »ПАРЛАМЕНТАРИЙЛЕРДІҢ ОҢТҮСТІККЕ КЕЛУІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ә.Бектұрғанов, Ж.Нұрмағанбетова, Б.Хаменова, А.Тасболатов, Н.Жұмаділдаева және «Нұр Отан» партиясының «Білім» бағыты бойынша Комиссияның хатшысы Ш.Лепсибаевпен кездесті. Бас қосуда Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуіндегі еліміздегі білім сапасын жақсартуға байланысты қойған тапсырмасын орындау жайы талқыланды. Кездесу барысында аймақ басшысы өңіріміздің білім саласының жай-күйімен таныстырып, қонақтарды Президент қойған міндеттерді бірлесіп орындауға шақырды. ...
Толығырақ »ОҚО-да мақта дәнін себу жұмыстары басталды
Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта дәнін себу жұмыстары басталды. Отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын облыста биылғы жылы меже бойынша шитті мақта 100 мың гектардан астам жерге себіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда оңтүстікқазақстандық шаруалар 24 мың гектарға мақта дәнін сеуіп үлгерген. Бүгінде мақта өсірумен өңірдегі Арыс пен Түркістан қалалары мен Мақтаарал, Шардара, Ордабасы ...
Толығырақ »АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 7 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
Арыс қаласында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалпы 7 балабақша ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасының аясында балабақшамен қамту деңгейін 90,4 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті. Бұдан бөлек, Дермене ауылдық округінде 150 және 200 орындық 2 орта мектептің құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар ...
Толығырақ »Гульжан Ергалиева объявлена в розыск
По информации портала 365info, 20 апреля Сарыаркинский районный суд Астаны постановил Медеускому РУВД разыскать журналиста для принудительной явки в суд о клевете. В телефонной беседе с журналистом Гульжан Хамитовна отказалась что-либо комментировать. По ее словам, она ничего об этом не знает и не получала на руки постановление суда. Соцсети раздора Частным обвинителем против Гульжан Ергалиевой выступает известный адвокат Асхат Оразаев. ...
Толығырақ »ОҚУШЫЛАР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Төле би ауданында жалғасты. Алдымен, «Облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат» тəрбиеленушілерінің іс-шарасы өтті. Ісшарада мектеп-интернат тəрбиеленушілері өздері жасаған бұйымдарымен таныстырып, арнайы үйірме иірімдерінің жемісін көрсетті. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» ұранымен қойылымдар қойылып, жүрекжарды балалар əндері ұсынылды. 34 жылдық тарихы бар мектеп-интернат ұжымы төл перзенттерінің тіл кемістігі жазылып, қоғамға ...
Толығырақ »Шымкентте 500 өнерпаз флешмоб жасады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласында өткен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалінде ең әуелі 50 барабаншы өз өнерлерін көрсетіп, 50 күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындаса, 500 өнерпаз «Рухани жаңғыру» флешмобын жасады. Шымкент қаласындағы оқушылар сарайында мәдениет үйлері мен клубтардағы қолөнер және қылқалам шеберлері үйірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, ағаштан жасалған бұйымдар да ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫ ТЕРБЕТЕ ТҮСКЕН ТӘЖЕКЕҢ…
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 19648,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 пайызға артты. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2016 жж. жалпы құны 4722,2 млрд. теңгеге 19 жоба енгізілді. Қаланың ауыл шаруашылығы саласында 4020,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы 4007,8 млн. теңгені құрап, 103,9 ...
Толығырақ »АРЫСТАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен жылы 985 млн. теңгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы бұл меже артығымен орындалатын болады. Биыл жеке сектордан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлерден 5900 шаршы метр пәтер ел игілігіне беріледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті. Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы ...
Толығырақ »ҚОШҚАР АТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Ордабасы алаңының оң жақ бетіндегі Қошқар ата өзенінің 1,2 шақырым болатын аумағы қоқыстан тазартылды. Жазы аптап ыстық шымкенттіктер үшін бұл аймақ таптырмас демалыс орны болатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде емдік қасиеті бар судың тазаланған бөлігінде балалар шомылып жүр. Осыдан алдын Қошқар ата өзенінің айналасы қоқысқа толы, маңайында орналасқан жергілікті тұрғындар қоқыс қалдықтары мен шайынды суларын өзенге төгетін лас орын болған. Бүгінгі ...
Толығырақ »КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -5
Мұнан соң тілшілер «Жанға шипа» медициналық орталығын аралады. Отырарлық кәсіпкер Құтымхан Төлемісовтің иелігіндегі «Жанға шипа» медициналық орталығы дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Онда 15 адам жұмыспен қатылған. Бұған дейін Шымкент немесе Түркістан қаласына сабылатын науқастар енді өз ауылымызда да емделе беруге мүмкіндік туды деп қуанып отыр. Әсіресе, қызмет құнының қалтаға ...
Толығырақ »КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР-4
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлік нысанның бірі – «Ағысай» тігін шеберханасы. Шеберхана иесі Ержан Құлтаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 миллион теңге несие алып, «Ағысай» тігін шеберханасының жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шеберханада 4 адам жұмыс істейді. Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар болса, одан басқа ...
Толығырақ »КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -3
Тілшілер тобы Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстары 2017 жылы басталып, 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов бұл жұмыстар негізінен Арыс өзенінің бұзылып бара жатқан арнасын тоқтатып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Отырар ауданы аграрлы аудан болғанымен мұндағы топырақтың сорлануы, ...
Толығырақ »КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -1
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері алдымен аудан орталығында бой көтеріп жатқан жалпы сметалық құны 359,6 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан кешенде дзюдо, самбо, Қазақ күресінің кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаңдары болады. БАҚ өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында құрылыс жұмыстары ...
Толығырақ »АРНАЙЫ ТОП ЖҰМЫСЫ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА БАРДЫ
Заңсыз жолаушылар тасымалдау тыйылмай түр. Әсіресе, көліктен түскен жолаушыға жармасатын жүргізушілер бұл іске әбден машықтанып алған. Ертерек әрекетке көшпесең алдыңды орап кетеді. Тәуліктің кез-келген сағатында қатынас үзілмейтін жер — қала аралық заңсыз автотұрақ. Бұл тақырып көптен бері көпшіліктің талқысында жүр. Осы орайда, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өңірдегі заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою тапсырмасына байланысты арнайы жұмысшы топ Түлкібас ауданына барды. Жұмыс ...
Толығырақ »ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛМЕК
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», — деп атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта облыс ...
Толығырақ »ТІРКЕУСІЗ ТҰРУ ТОҚТАСЫН!
24 сәуірде «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. Қолға алған осы жедел профилактикалық іс-шара 28 сәуірге дейін созылатынын естеріңізге саламыз. PS. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен: 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НҰРЛЫ ЖОЛ…
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің аудан, қалаларында өтіп жатқан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Қазығұрт ауданында жалғасты. Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын Шымкент – Ташкент күрежолының бойындағы Қазығұрт жотасында «Қазығұртым» әнімен қарсы алған өнерпаздар аңызға айналған киелі жердің қадір-қасиетін өлеңмен айшықтаса, аудандық мәдениет және тілдерді ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС… ҚЫЗҒАЛДАҚ… ФЕСТИВАЛЬ!..
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өз алауын жақты. Қызғалдақтың төріне айналған қасиетті Түркібасы жері бүкіл республика өкілдерін, қала берсе шетелдік қонақтарын құшақ жая қарсы алды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп ...
Толығырақ »ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
Қасиетті Ордабасы жерінде өткен фестиваль соңынан қазылар алқасының мүшелері «Ордабасы оттары» газеті редакциясының ақпарат орталығында БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихатына шақырды. Ордабасылық өнер иелеріне оң баға беріп шыққан қазылар, бір-екі толықтырулармен бөлісті. Бір күн бойы өткен фестивальдің барысын төмендегі сілтемелер арқылы тағы бір шолып шығуға мүмкіндіктеріңіз бар: «ОРДАБАСЫДА ФЕСТИВАЛЬДІҢ ОТЫ ЖАНДЫ»: 1. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948675008475835 2. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948678471808822 3. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948683895141613 4. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948686645141338 5. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948689481807721 6. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948692221807447 7. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948695071807162 8. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948698561806813 «АҚҚОЙЛЫҒА АҚ ...
Толығырақ »ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ
Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық ...
Толығырақ »ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ
«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап ...
Толығырақ »ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи фронт-офисте жұмыс істей бастады. Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе, Әл-Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет ...
Толығырақ »