Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 103)

Қазақстан жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ДАМЫТУ

  «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті. Шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев, белгілі ақын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бегманов, ҚР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі М.Абишев, Облыстық мәслихат депутаты Б.Сулейменов, Әл-Фараби ...

Толығырақ »

ОҚ ӨТПЕС, ҚЫЛЫШ КЕСПЕС – ҮКАША АТА

Үкаша атаға қатысты тарих пен аңыздан бұрын бабамыз Мұхаммед Пайғамбардың өзіне жақын сахабаларының бірі болған Үкаша атаның тарихтағы алатын орнынан бұрын, бұл кісінің кім екеніне тоқталып кетсек. Үкаша ата Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабаларының бірі болған. Яғни, Пайғамбарымыздың замандасы болып, оның көзі тірі кезінде бірге ислам дінін қабылдаған жандардың бірі. Пайғамбарымызбен бір жорықтан келе жатып, Үкаша ата мүбәрак қолын сүймек болып Пайғамбардың ...

Толығырақ »

2200 жылдық тарихы бар Шымкент

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қазба жұмыстарының басталғанына бір айға жуықтады. ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«Қарттарды қадірлейік». Шымкенттегі арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығында осындай атаумен 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара өтті. Бұл күні осында әлеуметтік қызмет алып жатқан 250-дей қартқа арналып кең дастархан жайылды. Сала басшысы бастаған атқамінерлер қазыналы қарияларды құттықтап, тарту-таралғы жасады. Концерттік бағдарламаға ұласқан бұл кеш ата-әжейлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жергілікті өнерпаздар алдыңғы буын өкілдерінің көңілін аулап, әуезді әннен шашу ...

Толығырақ »

6000 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 116 көпқабатты үй яғни 6000 пәтер пайдалануға беріледі. Ал, жалпы өңірде 263 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттен 108 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 61-і жыл соңына дейін тапсырылады. Ұлттық компаниялар есебінен 45 ...

Толығырақ »

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша ең белсенді облыстардың бірі. Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардың өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Ең бірінші себеп – бұл кепіл мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келіссөз жүргізіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ. Бағдарламаның басты ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ

Алишер Гапиржанұлы – «Жанубий Қозоғистон»  облыстық қоғамдық-саяси  газетінің директор-бас редакторы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өзбек жастарының жетекшісі, белсенді азамат Алишер Сатвалдиев өзінің еңбек жолын «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалында есепке тіркеу секторының меңгерушісі ретінде бастағанымен, оған дейінгі мектеп кезі мен студентшағында да жастар саясатын жүргізудің озық үлгісін көрсетіп, белсенділігімен көзге түскен болатын. Ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінде оқып жүріп, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында студенттік ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ

1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде. Екі жоғары білімі бар: Тимирязев К.А. атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында «Ғалым агроном» мамандығына оқыса, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Заңгер» мамандығына оқыған. Қарабеков Ғани көпбалалы отбасында дүниеге келген, 11 баланың 9-сы. Қарабеков Ғанидың еңбек жолы 12 жасында Қ.Мұңайтпасов атындағы №2 х/с бөлімінде тракторшы ретінде бастады. Төзімділігі, еңбекқорлығы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТӘЛИЕВ

Алтынсары Үмбетәлиев – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Алтынсары Дүйсенбекұлы ОҚО-дағы кірістер департаментіне басшы болып келгелі, көлеңкелі экономикаға қарсы, салық-кеден бойынша бірнеше нақты шаралар атқарылып, оң нәтиже көрсетіліп жатыр. Бұл да болса, білікті маман, экономика саласының білгірі А.Үмбетәлиевтің арқасы. Ол тек экономиканы емес, заң ілімін, инженер-механика саласын оқыған, жан-жақты азамат. Ол 1958 жылдың 13-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ӘБДІБАҚЫТ МАҚҰЛБАЕВ

Әбдібақыт Тіллабайұлы облыстың экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан азамат. Қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіп, жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғарылағаннан-ақ Әбдібақыт Тіллабайұлының атқарған жұмыстарының жемісін көруге болады. Бір сөзбен айтқанда әкім болып келгелі шағын шаһардың шырайы кіре бастады. Ол 1961 жылдың 29-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында  дүниеге келген. 1983 жылы ...

Толығырақ »

36 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

Биылғы сегіз айда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымы бірлесе 5 868,5 млн теңгені құрайтын 2 096 жобаға несие берген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре мәлімдеді. Төрағаның мәліметі бойынша, қаржыландырған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,5 пайызға артқан. Ал қаржыландыру сомасы 20,5 ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕХАНИЗМІ

Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру жұмыстарын жеңілдету және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мұнан бөлек, кооперативтерді құру және қаржыландыру бойынша 14 ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға, ал жеңілдетілген төлем мерзімі 24 айға дейін беріледі. Сонымен қоса кооперативтерге лизинг ұсыну бойынша бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтатын болсақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни коперативтерден кепілдеме ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген.  Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда. Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БЕЙБІТ БЕРТАЕВ

Суретші-кескіндемеші, фотосуретші — Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында 1987 жылдың 1-мамыр айында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағын ОҚО Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекенінде өткізді. Тылсым табиғаттың сұлулығына қызыққан оқушы кезінде болашақта суретші болуға бел байлаған. Аңсаған арманына жету үшін тау-тасты қағаз бетіне бейнелеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесінде салуға қызықты. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы. Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АБАЙ ҚАЛШАБЕК

Абай Батырұлы Қалшабек – ақын, аудармашы. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Абай Батырұлы Қалшабек 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре айтты. Оның айтуынша, қаржы орталығында кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, кепілдікке ауылдық жердегі мүлік алынады, бастапқы старт-ап жобалар қарастырылады. Тиімді өтеу кестесі жасалынады. ...

Толығырақ »

ӨҢІРІМІЗДІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады. «Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт беретін – Ұстаз. Ендеше, төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Елбасымыз атап өткендей, қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесінің біріншісі – ұлттық код пен ұлттық мәдениеттің ...

Толығырақ »

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕП

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, білім ордасының мұражайымен, балалардың жасаған қолөнер бұйымдарын және кітапхана жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аймақ басшысы ардагер ұстаздармен кездесіп, қазан айының бірінші жексенбісі өткен «Мұғалімдер ...

Толығырақ »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті. Эксперттік талқылауға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының эксперттері, облыстың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Эксперттік талқылауда ...

Толығырақ »

Артық ғылым – кітапта

Хакім Абай: «Артық ғылым кі­тапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлі­шер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиет­ке тарту мақсатында өз қаража­тынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 ...

Толығырақ »

Туған жерге туыңды тік

Спортты сүймейтін бала жоқ. Кішкентайынан асық ойнап, доп тепкен ауылдың қара домалақтары­ның ең үлкен арманы – спорт кешенінде жаттығу. Іскер азамат ауылдағы ағайынның арманын далада қалдырмай, олардың спорт­пен шұғылдануына ерекше жағдай жасап берді. Оның дәлелі – Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешені. Ұзақ жылдар бойы пайда­ланылмай, қаңырап қалған ғима­ратты жекеменшіктен сатып алып, өз қаржысы есебінен қыруар қаржы құйып, зәулім спорт са­райына ...

Толығырақ »

Ізгіліктің бастауы – отбасы

«Әке – асқар тау, Ана – баурайындағы бұлақ» деген тамаша тәмсіл бар. Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Әке мен ана сол шағын мемлекеттің құру­шысы, иесі, қорғаны. Баланың да жақсы болуы – ата мен анаға бай­ланысты. «Атаға қарап ұл өсетіні, ана қарап қыз өсетіні» белгілі. Өркен Есейұлының да әкесінің ерекше жан болғанын ауылдағы ағайын жиі айтып отырады. «Есей ақсақал өте мейірімді, ...

Толығырақ »

АУЫЛДАН БАСТАҒАН…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген еді. Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті. Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды ...

Толығырақ »