Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2017 (страница 5)

Годовые архивы: 2017

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ – БІРЛІК (1)

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» атты жиынның мақсаты – жыл бойы атқарылған жұмыстарға баға беріп, алдағы атқарылар жұмыстарды кеңесу болатын. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне жеті айдан аса ...

Толығырақ »

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ – БІРЛІК (2)

  Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов: «Бүгінгі таңда облысымызда қыруар тірліктер атқарылып жатыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жыл санап жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан барлық салаларға қолдау қаржы мен қажетті қамқорлық көрсетіліп отыр. Бүгінгі қоғамның оның ішінде жастар тәрбиесіне, отбасы құндылықтарын сақтау, ауызбірлік пен ынтымаққа шықыру, халықты Елбасымыз көрсетіп отырған бағыт-бағдармен хабардар ету осында отырған барша абыз-ақсақалдарымыздың ең ...

Толығырақ »

БЕС ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған. Соның ішінде бір Ресей мемлекетінің нарығына 145 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз шығарылды. Сонымен бірге, өңір шаруалары Көкөніс пен бақшадан басқа бұл елдерге ...

Толығырақ »

ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын. Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» ЖШС-нің кілем фабрикасына атбасын бұрды. Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК 9 ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Бұл туралы селекторлық режимде өткен аппараттық жиында мәлім болды. Қазіргі таңда баға тұрақтылы күн тәртібіндегі басты мәселе екенін айтқан аймақ басшысы азық-түлік тауарларының бағаларын негіссіз өсірген азаматтар жауапқа тартылатынын қатаң түрде ескертті. Сонымен қатар, барлық аудан, қаладан тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды тездетіп қолға алуды тапсырды. Және де ол базарларда «Оңтүстік» АИО мен ...

Толығырақ »

150 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іспен қолдаған оңтүстікқазақстандықтар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін елді мекендерінде ағаш отырғызып, қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстарын қолға алу арқылы көрсетті. Рухани жаңғыруды өзіңнен бастауды негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс көлемінде тазалық айын жариялаған болатын. Осы аралықта өңірдегі барлық аудан, қалада сенбіліктер ұйымдастырылып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен балалар ойын алаңшалары, ...

Толығырақ »

«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017»

Облыс орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, аталған фестиваль Алматы қаласында бастау ...

Толығырақ »

«АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ»

Оңтүстік Қазақстан облысында 427 адвокат қызмет атқарады. Яғни, бұл бір адвокатқа 6766 азамат жүгінеді деген сөз. Сондай-ақ, облыстағы халық саны көп шоғырланған Түркістан қаласында бір адвокатқа 13 мың азаматтан келсе, Мақтарал ауданында бір адвокатқа 20345 азамат жүгінеді. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиында облыстық әділет департаментінің басшысы Орынбасар Тастанов мәлім етті. Департамент басшысының айтуынша, елімізде адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады. ...

Толығырақ »

ЖЕР АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы алдағы жылы негізгі 4 бағытта дамитын болады. Олар: өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Күн тәртібіндегі «Күзгі жиын терім жұмыстарының аяқталуы және ауыл шаруашылығы саласы ...

Толығырақ »

КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген шетелдік Германия мен Голандия елдерінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде шетелдік кәсіпкерлердің жобасымен танысқан облыс басшысы аймақтың экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді атап өтті. «Үш миллионға жуық халқы бар өңір үшін бұл жоба өте қажет және өте тиімді. Себебі, біз электр энергиясының 65 пайызын сырттан тасымалдап ...

Толығырақ »

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА

«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында түркі әлемі қолөнер шеберлерінің фестивалі өтті. Қасиетті шаһардағы аталған шараға елімізден бөлек түркі тілдес бірқатар елдерден бармағынан бал тамған шеберлер қатысты. Аталған басқосу ТҮРКСОЙ шеңберінде жыл бойы өткен ірі халықаралық шаралардың соңғысына саяды. Қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалінде сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев Түркістанның биыл шарықтаған жылы болғанын айта келе, жалпы жетпістен ...

Толығырақ »

БОКС САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде өтіп жатқан бокстан республикалық біріншілік қарсаңында сала саңлақтарымен кездесті. Олардың қатарында ҚР бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай, Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, ҚР еңбек сіңген спорт шеберлері әрі Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаев, сондай-ақ Данияр Елеусінов, бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиевтер бар. Кездесуде облыс басшысы ...

Толығырақ »

ШАНИН АТАМЫЗДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу салтанатты кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында театр тарланының туған немерелері «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы Болат Шанин, Райхан мен Жанат Қасымханқыздары да бар. Кездесуде сөз алған өңір басшысы биыл облысымызда қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА «RIC ON KO’RME» АТТЫ АПТАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ БАСТАУ АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстанда «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңке бастау алды. Алғаш рет ұйымдастырлып отырған жобаға «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы мұрындық болып отыр. Отандық өнімді қолдау және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараның салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Тауар өндіруші мекемелердің өнімдерімен танысқан өңір басшысы, кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тілеп, осы қалыптан тайынбай еңбек ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ БҰҰ ХАЛЫҚТЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ ДЖУЛИЯ ВАЛЛЕЗЕМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы Джулия Валлезені жаңа қызметімен ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАСТА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысымен және тыныс-тіршілігімен танысты. Бауыржан Салдарұлы ең алдымен Тастұмсық ауылындағы облыстық бюджеттен салынып жатқан фелдьшерлік акушерлік пункте болып, құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды. Мұнан бөлек, ол Азаттық ауылындағы «Майлыкент сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өндеу цехын ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА 74 МЫҢНАН АСТАМ СТУДЕНТ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 жылдар аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74176 студент білім алуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыспен оқитындардың саны 5,4 пайызға артқан. Өңірде кәсіптік білім беретін жүзге жуық оқу орны бар. Осындай облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі №5 колледж жұмысымен журналистер ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында танысып қайтты. 1941 жылдан бері ...

Толығырақ »

ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік механизмдерін талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын айтқан аймақ басшысы екі елдің сауда-экономикалық әріптестік байланысы бойынша 5-орында келетінін атап өтті. «Қазақстан негізінен мұнай, металл мен металл өнімдерін, химиялық ...

Толығырақ »

«AGRITEK SHYMKENT – 2017» КӨРМЕСІ АЯСЫНДА

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді.  Сондай-ақ,  тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр.  Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы үлесі 80 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы «AGRITek Shymkent – 2017» халықаралық көрмесі аясында өткен семинар-кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Жиынға ...

Толығырақ »

ДӘСТҮРЛІ «ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ» ФЕСТИВАЛІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Өткен жылдары қазақтың ұлттың тағамы ет асудан шеберліктерін танытқан этнос өкілдері биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсті. Фестиваль аясында төңкерме, жөргем, жоңқа, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе, мипалау, қазан жаппа, құрт көже сынды қазақтың ұлттық тағамдарын ...

Толығырақ »

ГЕРМАНИЯНЫҢ ЕЛШІСІ РОЛЬФ МАФАЭЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Өңір басшысы Германияны Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық әріптесі деп санайтындығын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, әкім биылғы жылдың 9 айында Оңтүстік Қазақстан облысы мен ...

Толығырақ »

XАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУX АЛАТЫН ОРНЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ АГЛОМЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 1573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады. Ондағы негізгі мақсат – қала аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелері шешу. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті. Оның айтуынша, агломерация – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалдының төрағалығымен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» алғашқы отырысы өтті. Жиынға облыс және қала әкімдігінің мүшелері мен салаға жауапты басқарма басшылары, екінші деңгейлі банк өкілдері, құрылыс салушы компаниялар қатысты. Отырыста сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға шақырып, ...

Толығырақ »

«ҚЫС – 2017» КОМАНДАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қыс – 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шараға облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстың, қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдай комиссиясы, өңірдегі дислокацияланған Қорғаныс министрлігінің бөлімдері қатысты. Шараның ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев азаматтық қорғау қызметтері мен құрлымдарының қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайларға әзірлігін тексерді. «Қыс жақындап келеді. Сондықтан қыс мезгілінде ...

Толығырақ »