Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2019 » Октябрь (страница 2)

Месячные архивы: Октябрь 2019

«Жылыту» профилактикалық операциясы өтуде

Күзгі-қысқы 2019-2020 жылдары өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалардың қауіп —  қатерін азайту және азаматтық қорғау саласында бақылау басқармасы «Жылыту» маусымдық профилактикалық операциясын ұйымдастырды. Осы операция шеңберінде Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары тұрғындармен пештерді және басқа да жылыту құралдарын пайдалану ережелері туралы профилактикалық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Профилактикалық іс-шараларды өткізуге өрт сөндіру қызметінің Мамандандырылған жасақтың ...

Толығырақ »

Қауіпсіздік үшін бірге!

Шымкент қаласында күн сайын газ қызметі, жергілікті атқарушы органдар және аудандық ТЖ бөлімдері мамандарының бірлескен рейдтері өтуде. Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері кезекті бірлескен рейдті Химфарм және Забадам шағын аудандарында өткізді. Әл-Фараби ауданының әкімі Г. Мәуленқұлов алдын ала бекітілген бірлескен жоспарға сәйкес осындай бірлескен рейдтерге жеке қатысып отырғанын атап өту қажет. Басым көпшілік жанулардың тұрғын секторларында орын алатындығы белгілі. Жылу ...

Толығырақ »

Шымкентте дәрігелер қолқа тамыры жарылған жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады

Шымкентте дәрігелер қолқа тамыры жарылған жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады. Операция кезінде медицина мамандары іштегі баланы босандырып, келіншектің жүрегін тоқтатып қойған. Бір мезетте жасалған екі күрделі отаның нәтижесінде салмағы 3 келіден асатын ұл бала дүние есігін ашты. Дәрігерлер ана мен баланың бүгінгі жағдайы жақсы дейді. Кардиохирругтар операция кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төнгенін жасырмайды. Тәуекелге барған дәрігерлер отаны ...

Толығырақ »

ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр қала бюджетінің орындалуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі, 23 қыркүйектегі №490, №701 Қаулыларына сәйкес, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Ербол Әбілқайырұлы негізгілерін атап көрсетті: – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 10 981,3 миллион теңге; – Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға (304 пәтер) ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУҒА — 6,5 МЛРД ТЕҢГЕ

Мегаполистегі жұмыс істейтін жастарға үй салуға 2 160 млн теңге, ал, тұрғын үй сатып алуға 4 320 млн теңге қаралып отыр. Бұл — 904 пəтерге қаралған қаражат. Бүгін Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Ербол Садыр БАҚ өкілдерімен өткен брифингте 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау барысымен таныстырды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бөлінгеннен кейін үшінші мегаполисте 29 басқарма құрылып, жаңа басқармаларға ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ: «БІЗДІ АЛДА ҮЛКЕН ЖҰМЫСТАР КҮТІП ТҰР»

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында сөз алған шаһар басшысы Ерлан Айтаханов бірнеше мәселелерге тоқталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Бұл бағдарлама халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Бүгінде өзекті мәселелер өз шешімін күтуде. Яғни, біз партия мүшелері проблемамен тікелей күресуіміз қажет. Бұндай талапты бізге «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қойып отыр. Мәселен, қаладағы ...

Толығырақ »

Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті. Отырысқа партияның Шымкент қаласы бойынша төрағасы Ерлан Айтаханов пен партия мүшелері қатысты. Бұ лтуралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Шымкенттің 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы болды. Аталмыш бағдарлама жайында қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр баяндама жасады. Ербол Әбілқайырұлының сөзінше, Бағдарламада 72 индикаторлар ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА 11 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Бұ л туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Аталған сессия жұмысында қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, алып:  «Өздеріңізге белгілі, республикалық статусқа байланысты қала бюджетінде қаржылық тапшылық орын алған болатын. Бүгінде республикамен қарқынды жұмыстар жүргізіліп, тапшылықтарды жою үшін 6,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінуде. Қаражатты ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Бұ л туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Аталған сессия жұмысына қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясының отырысына Бегайдар Төлегенов төрағалық етіп,  күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Оның негізгісі ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ «ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкентте қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараевтың бастамасымен жастар мәслихаты құрылды. Мұндағы негізгі мақсат – жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну және шешілуіне ықпал ету. Сондай-ақ, жастар арасындағы ерте жүктілік, суицид, нашақорлық, ішімдік мәселелеріне қатысты бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізу, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бүгін аталмыш депутаттар алғаш рет Шымкент әкімі Ерлан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ТАҒЫ БІР АДАМ ӨМІРІН ҚҰТҚАРДЫ

Шымкентте өрт сөндірушілер тағы бір адам өмірін құтқарып қалды. 2019 жылғы 25 қазанда 11 сағат 51 минутта «101» пультіне қаланың 8-шағын ауданындағы көп қабатты үйдегі өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласының мамандандырылған жасағының жеке құрамынан 19 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шықты. Оқиға орнына келген соң пәтердің терезесінен бесінші қабаттағы түтін шығып жатқаны ...

Толығырақ »

Улы газбен уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Шымкент қаласының аумағында қысқы маусымда улы газбен уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.  Осы орайда, «Жылыту. Тұрғын үй» профилактикалық операциясы аясында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция басқармасының жауапты учаскелік қызметкерлермен бірлесіп табиғи газ өткізілмеген көп пәтерлі үйлерде кезекті профилактикалық рейдін өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — улы газбен уланудан адамдардың қаза болу фактілерін ...

Толығырақ »

Автовокзалдардағы өрт қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Автовокзалдардағы өрт қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік — инспекторлық құрамы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан аумағындағы автовокзалдарда рейдтік жұмыстарын жалғастыруда.Ұзақ жолдарға қатынайтын автокөлік жүргізушілерін жинап, ашық есік күнін өткізді. Бұл ретте «Автокөліктердегі өрттерді алдын алу»,«Өрт шыққан жағдайдағы жасайтын іс-әрекеттер» және «Улы газдың қауіптілігі» тақырыптары түсіндіріліп, жолаушылардың сұрақтарына жауап берілді. Шымкент қаласынан тұрғындар ...

Толығырақ »

«ӨЗІҢЕ ӨМІР СЫЙЛА»

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы Самат Алтаевтың «Өзіңе өмір сыйла» атты заманауи драмасын сахналады, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы»  телеарнасының тілшісі Ш.Тұрлыбектің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Қойылым жастардың өмірге деген құштарлығын оятып, өз-өзіне қол жұмсаудан бойын аулақ ұстауға шақырады. Тың туындының тұсау кесеріне Сенат депутаты Айгүл Қапбарова арнайы қатысты. Халық қалаулысы өнер ұжымымен жүздесіп, суицидке қарсы күрес жүргізуге әртістердің де ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте жылу беру маусымы басталды деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. «3-Энергоорталық» Акционерлік Қоғамы әзірге 3 жылу қазандығының 1-уін ғана іске қосып отыр. Өйткені, биылғы күз жылдағыдан едәуір жылы. Алайда мамандар тұрғындардың жылу үшін берешегі азаймай отырғанын алға тартады. Қарыз — 200 млн-нан асып отыр. Қыс ауасында болатын қиындықтарды болдырмау үшін борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті. Жылыту ...

Толығырақ »

Шымкентте «Достық дастарханы» жайылды

Шымкентте «Достық дастарханы» жайылып, палау фестивалі өтті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Дәстүрлі шараны қалалық Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестігі ұйымдастырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау білдірген. Фестивальға өңірімізден және алыс-жақын шетелден аспаздар қатысып, палаудың түр-түрін дайындады. Тоғыз жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға қала тұрғындары мен әр өңірдің шебер аспаздары шақыртылған. Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті. Байқау ...

Толығырақ »

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін — мемлекет сыйақысы

Мемлекет сыйақысы – бұл тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта — ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат, яғни мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі. Аталған қаражат әр жылдың басында бірден барлық депозиттерге бір рет аударылады. Биылғы жылдың соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, яки 505.000 ...

Толығырақ »

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін

«Нұрлы жер бағдарламасының шарттары бойынша келесідей талаптарға сай келген азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге қандай азаматтар үміткер атана алады? Бұл  туралы банк қызметкерлерімен бірге аталған тұрғын үйлерге баспасөз турына қатысқан didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жазады. Аталған бағдарлама аясында тұрғын үйге төмендегі азаматтар үміткер атана алады: Қазақстан Републикасының азаматтығы немесе оралман статусы бар; Қазақстан Републикасы аумағында меншік құқығында тұрғын үйі ...

Толығырақ »

Шымкентте 224 пәтерлік 4 үй қолданысқа беріледі

Шымкент қаласында ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары үшін салынып жатқан тұрғын үйлер үстіміздегі жылдың 30 қарашасында қолданысқа беріле бастайды. Бұл  туралы банк қызметкерлерімен бірге аталған тұрғын үйлерге баспасөз турына қатысқан didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жазады. Алғашқы 224 пәтердің сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінішті осы жылы 03 қарашаға дейін өтінім беруге болады. Қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бірден 4 тұрғын ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары 224 отбасы Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАМАҚ!

Шымкент қаласындағы ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары 224 отбасы Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАМАҚ! Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз турында мәлім болды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтермек. Жалпы 13мың 879,2 шаршы метр қолжетімді баспана салынды. Жаңа үйлер қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығы «Нұрсəт» шағын ауданында орналасқан. Мұндағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 205 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

«Өз үйім»бағдарламасы аясында Шымкентте ТҮҚЖБ салымшылары үшін 205 пәтер қолданысқа берілмек. ТҮҚЖБ өз салымшыларына баспана сатып алу үшін 3,5% жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз беруге дайын. Ол үшін есеп шотыңызда бастапқы жарнаның кем дегенде 50%-ы болуы тиіс. Тұрғын үйді «Бақыт» жəне «Премьера» ТК-нен алуға болады. Кешен қала орталығы Бəйтереков көшесі, «Нұрсəт» мөлтекауданы мен «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» мөлтек ауданы, Майтөбе ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті.

Шымкент қаласының бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов қаламызда Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі. Жыл басынан департамент №4 балалар ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы тұрғын үй тұрғындарымен алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді. Үйдің тұрғындарында өртті болдырмау бойынша үлкен жауапкершілік жатыр, өйткені барлығы олардың ұқыптылығына байланысты, мысалы өшірілмеген шылым немесе пештерде қараусыз қалдырылған ас барлығына ауыр салдар алып келетін тұрғын үйдегі үлкен өрттің орын алуына себеп болуы мүмкін. Сондықтанда төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Әрбір адам экстремальді жағдайда өзін қалай ұстау қажет екенін, көмек көрсете алуды білу керек және бұл дағдылар бала жаста жақсы меңгеріледі. Сондықтан да Қызметтің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Горький атындағы мектепке барды. Олар балаларға отты абайсыз қолданудың салдарынан орын алуы мүмкін қауіп туралы, өрт болған кезде өзін қалай дұрыс ұстау қажеттігін айтып берді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірін ескертті. Сонымен қатар көптеген ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДЕН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

Шымкент қаласында «100 жаңа есім» жобасына үміткерлерден қтінім қабылдануда, деп хабарлайды қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Mega Planet ойын-сауық орталығында «100 жаңа есім» жобасы жайында жастарға түсіндіріліп, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері үміткерлерді тіркеуде. Жобаға 18 бен 39 жас аралығындағы ғылым, қоғам, мәдениет, медицина, бизнес, спорт салаларындағы өзгелерге үлгі болатын, ...

Толығырақ »