Шымкент қаласының аумағында қысқы маусымда улы газбен уланудың алдын алу бойынша
профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, «Жылыту. Тұрғын үй» профилактикалық операциясы аясында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция басқармасының жауапты учаскелік қызметкерлермен бірлесіп табиғи газ өткізілмеген көп пәтерлі үйлерде кезекті профилактикалық рейдін өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — улы газбен уланудан адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау.
Рейд барысында қызметкерлер газ және электр жабдықтарының, жылыту пештерінің жарамдылығының алдын алу мәселелеріне аса назар аударды. Балалары бар отбасылардың, соның ішінде көп балалы отбасылардың тұрғылықты жері ерекше бақылауға алынды. Рейд барысында көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, нұсқаулықтар өткізілді және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар табыс етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Әл-Фараби ауданының аумағындағы барлық көп пәтерлі тұрғын үйлерінде өтеді.
Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы