Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Ноябрь (страница 3)

Месячные архивы: Ноябрь 2020

Қасқырдың етіне жерік болған Кабира ана

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын. Қажымұқанның анасы Кабира әжесі Айсары секілді палуан болмағанмен, атақты батыр-палуанның ұрпағы, ірі денелі, бойшаң және етжеңді әйел болған. Қажымұқаннан бұрын егіз ұл тапқанмен, олар ертеректе жаман аурудан шетінепті. ...

Толығырақ »

«Елiмде болса – менiкi, менде болса – елiмдiкi!»

Шежіре бойынша Қобыланды батырдың он бірінші ұрпағы саналатын Қажымұқан атамыз кілең батырлар туған текті әулеттен шыққан. Төртінші атасы Сәді батыр – Абылай ханның үзеңгілесі. Сол Сәді батырдан Ернақы, Ернақыдан Таңатар, Тәшім, Мұңайтпас, Марқа батырлар тараған. Өз заманында атағы алты Алашқа мәшһүр болған Ернақы батыр Қараөткелге барғанда Айсарыдай аруды ұшырастырып, шаңырақ көтереді. Ернақы батыр ел жұтай бастаған кезде 52 жасында дүние ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ҚАСИЕТТІЛІГІ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Көріпкелдік ұлтымыздың ұрқында (генінде) бар, арғы тарихымызға түкпірлесек, алты жүз қырық алтыншы жылы туылып, жеті жүз қырық бірінші жылы қайтыс болған Тоныкөк Білгенің құлпытасындағы «Мен Тоныкөк Білгемін, Алдын ала білгенмін» дейтін қасиеті кейінгі ұрпаққа да жұғысқан. 1675 жылы жарық дүниеге көзін ашқан Мөңке бидің: «Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді. Ащыны ащы демейді, Сағынып тамақ ...

Толығырақ »

Қажымұқан ауылы

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Ońtústik Qazaqstan». Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, мына сайын сахара әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен хан Абылай, Кенесары мен Абай бастаған ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Бүгінгі ұрпақ осынау тұлғаларды мақтан тұтуы тиіс. Міне, ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларының есімімен аталатын ауылдардың бірі – Ордабасы ауданындағы тоқсан жылдық тарихы бар Қажымұқан ...

Толығырақ »

Қажымұқанның фотолары қалай табылды?

Алдағы жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл тола­ды. Қа­зақ тарихында орны зор тұлға жайлы әлі зерттелмей жатқан дүние көп. Атап айт­қанда, балуан атамыз қатысқан ресми чемпионаттар мен ресейлік және шетелде­гі цирк алаңдарында көрсеткен өнері жайлы тек аузыекі әңгіме не­ме­се шына­йы­лықтан алшақ әдеби нұсқадағы көркем деректерді малданып жүр­міз. Қазіргі таңда Еуропа мемлекеттері, Ресей Федерациясы ХХ ғасырдың басы 1904 жылдан ...

Толығырақ »

Қажымұқан өмірінен жаңа деректер

«Өлең сөздің патшасы» мен қара күштің бет қаратпас алапат қара дауылы фәниде бір рет кездесіпті. Ұлы Абай Омбыға барған сапарында Қажекеңді іздеп тауып, бір үйде қой сойғызып, қадірлі қонақ еткенін, ақыл-кеңес бергенін балуанның өзі естеліктерінің бірінде айтқан. Ұшырасу екеуінің де тағдырларында бедерлі белгі қалдырған. Ақылман ақын «Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып аяғын тез шалдырған» дегенді есті жігіттің есіне ...

Толығырақ »

Дүниенің жаны жомарт алыбы

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Ежелгі элладалықтардың Геркулеске көк күмбезін, өзіміздің Толағайға тау көтертуіміз әлжуазға қорған болар алыптарды аңсаудың нәтижесі. Осы тәріздес әңгімелер әдеби бастау – көздеріміздің кейіпкерлеріне айналып, бірте-бірте тұлғаланып, топырағымызда Алпамыс, Қобыланды, тағы басқа батырларымыздың қаһармандық, адами іс-әрекеттері көркемдік деңгейіне дейін көтеріліп, ұлтымыздың рухтық көрінісін бейнеледі. Халық солардың көмегіне зәруленді. Мұның мәні айрықша зор еді. Өйткені, эпостық дастандарымыз оқиғалар ...

Толығырақ »

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайы. Мұражайдың жоғары қабатында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов және де Бексейіт Түлкиев, Ермахан Ибраимов, Әлия Жүсіпова, Нұржан Сманов, Асқар Сәрсенбаев, Еркебұлан Шынәлиев, тағы басқа есімдері әлемге әйгілі саңлақ спортшылардың тұтынған заттары мен құралдары тарихи құнды жәдiгер болып тұр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл мұражайға келушілердің қатары қалың. Жылына 11-12 мың қонақ келеді екен. Астанадан келген Бағлан Қайназаровты ...

Толығырақ »

Қажымұқан жайлы біз білмейтін дерек көп

Немесе  балуан баба аштықтан өлген жоқ Шымкенттегі еңселі ескерткіштердің бірі қазақтың қас батыры, даңқты балуаны Қажымұқанға қойылған. Әйгілі балуан атындағы орталық стадионның төрінде тұрған ескерткіштің өз тарихы жетерлік. Ескерткіш түгілі Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен балуандығы жайлы қызықты әңгімелер көп. Көзінің тірісінде аңызға айналған адамның өміртарихының бұлайша таспалануы таң қалдыра қоймасы анық. Десек те… Әңгімені Шымкентте Қажымұқанға ескерткіш қалай қойылғанынан бастасақ. ...

Толығырақ »

Балуан Шолақ пен Қажымұқанның кездесуі

Мұңайтпас дүниеден өтті. Қажымұқан шет жұрттарды аралап, күресіп жүрсе керек, суық хабар алысымен суыт елге оралады. Қаладағы жаңалықты даладағы елдің бұрын еститін әдеті емес пе. «Патшаның балуаны Қажымұқан Қызылжар-Көкшетаулап келе жатыр» деген дақпырт тарады. «Патша балуанын» тым болмаса, түстендіріп жіберуді абырой-дәреже көрген бай адамдар жолын тосып әлек. Бірінен соң бірі іліп әкетіп жатты. Бұл хабар Балуан Шолаққа да жетеді. Балуан: ...

Толығырақ »

Мұражай қазынасын ашу

Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайы. Қажымұхан атындағы мұражайдың ерекшелігі сол, балуан батырдың жетістіктері мен жасаған ерлік істері жайында баяндалатын экспозициялардан құралған. Мұнда балуанға тиесілі барлық құжаттар мен суреттер жинақталған. Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы біздің ауылға жақын орналасқан. Темірланда. Темірлан — Ордабасы ауданының орталығы. Ауылға қыдырып келген достарымды мұражайға апаратын әдетім. Бүгін сіздерге де бір таныстырып шығуды жөн көрдім. Мүмкін, біз жаққа ...

Толығырақ »

Қажымұқан Поддубныйды қалай жеңген?

Қазақ Даласының Батыры Қажымұқан Мұңайтпасов – жауырыны жерге тимеген, тізесі бүгілмеген балуан! Ол үшін дауласудың да керегі жоқ Десе де, әлі күнге дейі нүктесі қойылмай келе жатқан бір ғана мәселе бар. Ол – «Қажымұқан Поддубныйдан жеңілген бе, жеңілмеген бе?» деген сұрақ. Бұл турасында Жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қажымұқан» атты кітабының 103-бетінде: «– Ағаның жолына әдепсіз кісі ...

Толығырақ »

Қажымұқанның соңғы хаты

Қажымұқан – өткен ғасырдағы қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғалардың бірі болатын. Бірақ ол кісі өмірінің соңында қандай ауыр жағдайға тап болғанын көбі білмейді. Білетініміз – оның күш атасы атанып, майданға ұшақ сыйлағаны ғана. Ол ұшақтың өзін балуан атамыз қалтасынан алып бере салмай, ақшасын екі жыл бойы өнер көрсетіп жүріп жинапты. Кейін сосын ол ұшаққа Амангелді Имановтың атын жазып, майданға аттандырады. ...

Толығырақ »

«Балам, қорықпа, мен Қажымұқан атаң боламын…»

Самайын күміс қырау шалған 93-тегі Мақпал әже бізді есік алдынан өзі күтіп алды. «Ауылға алты жасар бала келсе, ақ сақалды қария сәлем бере барған» дала заңын бұлжытпай орындаған ананың бұл қасиетіне тәнті болдық. Құда-құдағилары – Жұмаш, Ілескүл, Ескендір қария, ұл-қыздары бейне мерекеге жиналғандай, шағын ауланы шаттыққа бөлеп жіберіпті. Амандық-саулықтан соң әжемен әңгімеміз басталып кетті. Мақпал Берсүгірқызы 1926 жылы 26 ақпанда Созақ ...

Толығырақ »