Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 » Июнь (страница 2)

Месячные архивы: Июнь 2023

Шымкент: Тұранда кезекті спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. Спорт – елімізде денсаулығы мықты, ...

Толығырақ »

Шымкентте биыл 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жүргізіледі

Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде. Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, ...

Толығырақ »

Шымкент: №4 емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды

Шымкенттегі №4 емхана дәрігерлері хирургиялық оталарды енді өздері жасайды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл үшін емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды. Бір ерекшелігі №4 емхана жанынан ашылған бұл хирургиялық күндізгі стационарда амбулаториялық деңгейдегі 60-қа жуық отаның түрі жасалады. Мұнда дәрігерлер қаладағы өзге де емханадағы пациенттерді портал бойынша қабылдап, хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Күндізгі хирургиялық бөлімшені ашудағы басты мақсат ...

Толығырақ »

Шымкент: Тұран ауданында ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала күніне орай, ұйымдастырылған іс-шара аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталды. Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек. 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Жібек жолы ауылдық округінде болып, өзекті болып отырған ауыз су мәселесімен танысты. Аралауға аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, ауылдық округінің әкімі А.Тұраров, ауыл билері және тұрғындары қатысты. Ауыз су жүйесіне бөлім мен қызмет көрсетіп отырған «Сайрам тазалық» ЖШС-і тарапынан ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ МАНКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН АРАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы Манкент ауылдық округін аралады. Аралау барысында Алма-ата және Бірлік көшелерінде орналасқан су ұңғымаларының жағдайы, аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолына жүргізіліп отырған күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар «Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің ғимаратын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына өткізу мәселелерімен танысты. Ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов жаз айында жергілікті тұрғындардың ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округінде болды. Аралау барысында ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселесін таныстырды. Алдымен, спорт ғимаратын салу бойынша ұсынысын жеткізді. Айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мақсатында жұмыс істеп тұрған цехтың жалпы көлемі 0,80 га жер учаскесі «Стамбеков және с» өндірістік кооперативі жеке меншік құқығымен сатып берілген. Аталған цехтың жер учаскесінің құжатын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір ...

Толығырақ »

Шымкент: №45 мектеп-гимназия қосымша корпусының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Шымкентте қала күніне орай, С.Королева атындағы №45 мектеп-гимназияның қосымша корпусының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Үш жүз оқушыға арналған үш қабатты қосымша ғимараттың құрылысы былтыр басталған. Спорт залы, жаттықтырушы бөлмесі, психолог пен логопед кабинетімен қамтылған нысан заманауи құралдармен жабдықталған. Қала күнімен тұспа-тұс келген ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жазғы демалыс кезінде мұндағы мектеп жанынан балалар ...

Толығырақ »

Шымкентте 2025 жылға дейін 250-ден астам мәдениет нысаны салынады

Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 259 мәдениет обьектісін салу жоспарланған, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Сейітханұлы брифинг барысында мәлімдеді. Қазіргі таңда Шымсити аумағында заманауи үлгіде, халықаралық стандартқа сай «Конгресс-холл» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Конгресс холл – халықаралық конференциялар, фестивальдер, концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды орталық болады. Құрылыс нысанынның жалпы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ТАПСЫРМАЛАР УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы аппараттық мәжіліс өткізді. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-нің Сайрам ауданы филиалының басшысы Б.Абдихаев және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Дүйсенбаев тарапынан аудандағы ветеринария саласындағы жағдай және өзекті мәселелері ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ШЕШІМІН ҚАЖЕТ ЕТЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы Қарабұлақ ауылдық округіне барып, ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен шешімін қажет ететін өзекті мәселелермен танысып қайтты. Атап айтқанда, «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолы бойындағы ағын су арнасындағы басталған жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған. Нысан құрылысын толық аяқтауға ықпал етуі сұралды. «Қарабұлақ» мал базарының ветеринариялық, санитариялық талаптарының сақталуы бойынша ветеринар маманын тыңдады. Бұдан ...

Толығырақ »

Қазығұртта кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштер жоғары

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының арқасында бүгінде мемлекеттің қолдауының көмегімен жеке кәсібін ашып, ісін ілгерілетіп отырғандардың қарасы қалың. Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары. Мәселен, кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 13,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН АРАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімінің кезекті аралауы Қарасу ауылдық округінде өтті. Аралау кезінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп салу және жаңа медициналық нысан, сонымен қатар инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін құрылыс жобалары, ағын су және заңсыз берілген жер телімдеріне қатысты өзекті мәселелермен танысты. Қарасу ауылындағы су тасуы ықтимал ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын «Қарасу-Ақбай» ағын су каналын күрделі жөндеуден өткізуге 400 млн. ...

Толығырақ »

Шымкент: Жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға ота жасалды

Шымкент қаласындағы №2 ауруханада алғаш рет жоғары технологиялық кардиовертер-дефибриллятор функциясы бар кардиостимуляторды орнату отасы жасалды, деп хабарлайды didarbek.kz. Күрделі операцияны тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған арнайы шеберлік сағатында ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы ауруханасының мамандары мен Шымкент жүрек орталығы дәрігерлері бірлесе жасады. Білікті кардиохрургтар екі науқасқа жүрек ырғағын қалпына келтіретін құрылғы орнатып берді. Тәжірибелі мамандар екі отаны да сәтті жасап шықты. ...

Толығырақ »

Шымкентте 600-ден астам отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады

Шымкентте 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оның ішінде 2023 жылы 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал, 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764, 30 теңгені құрады. Тұрғын үй жалдау төлемдерін ...

Толығырақ »

Шымкентте бес жылда 900 шақырымнан астам жол жөнделді

Шымкент қаласында бес жылда 900 шақырымнан астам жол жөнделді, деп хабарлайды didarbek.kz. Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші ...

Толығырақ »

Мұрат Әйтенов: Шымкенттегі жаңа АГРС халықты газбен қамту мәселесін шешті

2025 жылы Шымкент қаласының тұрғындары 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Қалада ауыз сумен қамту деңгейі 98, электрмен қамту 98, табиғи газбен қамту 94 пайызға жетті. Биыл елді мекендерді ауыз су, сапалы электр жүйелерімен қамту мәселесі шешілсе, 2025 жылы табиғи газ тарту құрылыстары аяқталып, қала халқы 100 пайыз көгілдір отынға қол жеткізеді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласындағы ...

Толығырақ »

Шымкентте 130 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 131 362 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, деп хабарлайды didarbek.kz Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Еркінбекұлы брифинг барысында мәлімдеді. Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР-да тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығын 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылғаны барлығымызға белгілі. Алайда, жеке кәсіпкерлік қызметінің табысынан төленетін салықтан босату тұрғысында мораторий ұзартылмады. ...

Толығырақ »

Жаңа технологияға шаруалар қызығуда

Таяуда «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұжымының ұйытқы болумен Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің семинары өтті, деп хабарлайды «Оңтүстік Қазақстан» газетіне сілтеме жасаған diarbek.kz ақпараттық агенттігі. Семинарды «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» басқарма төрағасы міндетін атқарушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты  Бақытжан Әжібеков  ашып, жүргізіп отырды. Оның айтуынша,  мемлекеттік тапсырыспен ауыл шаруашылығына қатысты үш жылдық ғылыми жобалар ...

Толығырақ »

Шымкентте 800 орындық клиника салынады

Шымкент қаласында 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысын жүргізіп, 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі ...

Толығырақ »

Жаңа кодекс. Жаңа мөлшер. Жаңа мәртебе

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік Кодекс қолданысқа енеді. Жаңа құжат қолданысқа енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы күшін жояды. Сондай-ақ, жаңа құжаттағы (Әлеуметтік кодексте) жаңалық – «Наградталған аналар» мәртебесі жайлы нені білуіміз керек? Жаңа құжаттағы жаңалықтар жайлы оқырмандарды құлақтандыру мақсатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы ...

Толығырақ »

Шымкентте 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құруды тапсырған болатын. Бұл бағытта қазір қалада тиісті кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамту ...

Толығырақ »

Шымкентте жыл сайын 2 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Шымкентте соңғы бес жылда 3 миллион 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған және оның 2 миллионы соңғы екі жылда пайдалануға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Бүгінде тұрғын үй кешенін тұрғызу мақсатында құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды. — Ендігі кезектегі межеміз — жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 миллион шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші ...

Толығырақ »

КІТАП ОҚЫСАМ ЖАНЫМ НҰРЛАНАДЫ

Шамурат Нұрбеков «кітаппен дос» болғанды құп көретін азамат. Ол Түлкібас аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы. Бала күнінен әдеби кітаптарды тауысып оқитын бозбала бүгінде кітап толы бөлмелерден жанына дауа, серік іздейтінін жасырмайды. Бойында ақындық өнері де табылатын сегіз қырлы бір сырлы азамат Келтемашат ауылының тұрғыны. 13-14 жасынан бастап поэзияны сүйіп оқып, тырнақалды туындыларын жарыққа шығарды. Ұстаздарының зор қошеметінің арқасында қысқа-қысқа өлеңдер ...

Толығырақ »