Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын. Жұмысшы мамандықтарының бірі — тігінші мамандығы сұранысқа ие әрі маңызды кәсіптердің бірі. Қазіргі таңда тігін өндірісі тек дәстүрлі қолөнер ғана емес, сонымен ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2025
ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Әлем мұсылмандары үшін қасиетті «Рамазан» айының кіріп келуімен, ауыз бекітіліп, ораза ұсталынуда. Бұл өз кезегінде мұсылман қауымының басы қосылып күнделікті үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында ауызашардың ұйымдастырылатын кезеңі. Осыған орай, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың салауаттылығын, отбасыларыңыздың, жақын адамдарыңыздың денсаулығын ойлап, тағамнан уланудың алдын алу бағытында төмендегі қысқаша сақталынуға қажетті талаптарды ұсынады: Үй жағдайында: -қонақтардың қол жууына ...
Толығырақ »БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 23,0 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛУДЕ
Шымкент қаласының аумағында көктемгі егіс науқаны ау райының қолайлы болуына байланысты ақпан-наурыз айларында басталады. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Тоғай Жәнібектің қатысуымен брифинг өтті. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше 2025 жылы қаламызда 23,0 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде. Оның ішінде: — дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ЖӘНЕ «ҚАМҚОР» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТЕДІ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6,7,8 наурыз күндері «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді. Мерекелік жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің шырайын сезіне алады. Көңілді іс-шара барысында сіздерді көтеріңкі көңіл-күй, ерекше безендірілген жәрмеңке алаңы және алуан түрлі гүлдер күтеді. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әйелмен әлем әдемі» тақырыбында лекторий өтті. Әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлін нығайту және түрлі деңгейдегі әйелдер ұйымдарының өзара байланысын бекемдеуді көздеген іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Жұмағұлова, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сүгірбаева, Мемлекет және қоғам қайраткері ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, қаланың экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал етуде. Бұл бағдарлама аясында кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейтуге және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық түсімдерінің артуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР
Шымкент қаласының тұрғындары үшін спорттық инфрақұрылым жетілдіріліп, шалғай аудандардағы елді мекендерде жаңа спорт нысандарының құрылысы жүзеге асырылмақ. Бұдан басқа, Қажымұқан атындағы орталық стадионының футбол алаңы мен жеңіл атлетикалық жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарлары қаланың барлық аймақтарында тұрғындардың спортпен айналысу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының дене шынықтыру және ...
Толығырақ »SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылуда
Бұл жоба мектептер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету, білім беру ресурстарына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету және білім беру процесінде коммуникация сапасын арттыру тұрғысынан маңызды қадам болады, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында. «Бұдан бөлек, DARYN ALUMNI қазақстандық жаттықтырушылар пулын дамыту жалғасады, бұл ерекше қабілеттерін көрсететін балалармен жұмыс істеу үшін ...
Толығырақ »Қазақстан -Олимпиада жүлдегерлерін көтермелеу тәжірибесі бар санаулы елдердің бірі
Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына және олардың мұғалімдеріне ақшалай сыйақылар беріледі. Мысалы, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар ақшалай сыйақы алады: алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК. 2024 жылы бұл мақсаттарға 26 оқушы үшін 77,5 млн теңге және оларды дайындаған 24 педагог үшін ...
Толығырақ »Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды
2024 жылы Қазақстан құрама командалары әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысты: Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша халықаралық олимпиада. «Біздің оқушылар 26 медаль, оның ішінде 2 алтын, 12 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды, бұл өткен жылдардағы нәтижелерден едәуір асып түсті», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ
2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды. Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары: * I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10 * Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9 * Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ...
Толығырақ »ӨСКЕМЕН МЕН БУРАБАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА
Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді. Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында орналасқан Садақ ату кешенінде алғаш рет пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Турнирді ашқан Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл жарыс елдегі пара садақ ату спортының дамуына серпін беріп, үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ерік-жігердің, табандылықтың және рух мықтылығының мерекесі екенін ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫДАҒЫ ЫҚЫЛАСТЕМІР АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысында халықтың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты Ықыластемір ауылында спорт ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков қатысып, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты шарада ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды. Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бүгінде Шымкент қаласында жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды. Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 га аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда. Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Ауқымды сенбілікке аудан әкімі Досбол Есилбек, аудан тұрғындары, Еңбекші аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және ардагерлер қатысты. Іс-шара барысында ирригациялық жүйелерді, көше бойын, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Қоршаған ортаның тазалығын ...
Толығырақ »АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР: ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер үшін міндетті лицензиялау енгізілді. Шымкент қаласында басқармаға қарасты 11 әлеуметтік орталық лицензия алуға дайын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №230 бұйрығына сәйкес, мемлекеттен қаржыландырылатын барлық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен мемлекеттік мекемелер лицензия алуы тиіс. ...
Толығырақ »«БАҚЫЛАУ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында “Бақылау” профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіледі. Осыған орай, бүгін Еңбекші аудандық прокуратура мен жергілікті полиция қызметі және пробация қызметкерлері бірлесе қайта қылмысқа бейім сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 4 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен. Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған. Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша ...
Толығырақ »БАСТЫ МАҚСАТ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ!
Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов баспасөз мәслихатын өткізді. Ғалымжан Бауыржанұлы журналистерге Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2025 жылға арналған жоспарлар мен міндеттемелерді таныстырды. 2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. ...
Толығырақ »