Еңбекші ауданы аумағында кезекті аралау жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымдық нысандар мен көшелердің қазіргі жағдайы зерделенді. Атап айтқанда, Қамысты көшесінде бұрын орын алған кәріз жүйесіндегі ақаудың салдарынан бұзылған жол бөлігін қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілер ретке келтіріліп, жол жабынын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Елтай тұрғын алабында аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде. ...
Толығырақ »