Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Асхат (страница 33)

Архив меток: Асхат

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...

Толығырақ »

КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...

Толығырақ »

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне ...

Толығырақ »

ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...

Толығырақ »

АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым ...

Толығырақ »

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай кезеңде үй ішінде, ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні кеше Қазақ КСР-нің Халық ақыны, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толды. Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жеткізіп, ақын шаңырағына арнайы барып қайтты. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ақын 70 жылдық мерейтойын тек өз отбасы мен жақындарының жанында өткізді. «Қазақ ...

Толығырақ »

7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 ...

Толығырақ »

39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта ...

Толығырақ »

KASPI.KZ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айында пітір садақаны үйден шықпай, мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Төтенше жағдайға байланысты kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы пітір садақа мен зекет төлеуге болады. ҚМДБ пен банк басшылығы арасындағы келісім бойынша, жоба Рамазан айында жүзеге асырылады. Қайырымдылық жасау үшін бар болғаны «Төлем» → Іздеу → Пітір садақа сервисіне өтіңіз: https://dz3a4.app.goo.gl/zakat Онда пітір садақа мен зекеттен бөлек, фидия мен садақа да ...

Толығырақ »

БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ

1968 жылғы азамат Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 52 жастағы науқас 20 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқаста жүрекшелердің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, артериалдық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша ауру симптомдары болған. Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен біреше рет кеңес ...

Толығырақ »

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Егер азық-түлік дүкен иелері ...

Толығырақ »

42 500 ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Бұхарбай Рысқұлұлының баяндауынша, төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 107 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар «Грамад», «Карлс крона» компаниялары мен «Қазыбек» ...

Толығырақ »

ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. — Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да екі санатқа қосымша өзгерістер енгізілді. Карантин кезінде мұқтаж және зардап шеккендерге, қарт адамдарға волентерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлардың (әділет ұйымдарына тіркелген жағдайда) қозғалысына рұқсат берілді. ...

Толығырақ »

12 470 ОНЛАЙН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғыннан өтініш түскен. Ал, порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан. Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат — «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін ...

Толығырақ »

ЖОЛАУШЫЛАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ШЫМКЕНТКЕ АТЫРАУДАН ҰШЫП КЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ 2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі қала тұрғындары. Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылды. Сондықтан вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, ...

Толығырақ »

2 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған 2 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Олар 1980 ж., 1964 жылғы азаматтар. 1964 жылғы азамат Ресейден келген жүк көлігінің жүргізушісі. Ол бірден карантиндік станционарға жатқызыллған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәулігіне қаладағы 13,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылуда. Жолдарды залалсыздандыру жұмыстары арнайы көліктердің көмегімен іске асса, аяқжолдар, аялдамалар мен сауда орындарының маңайы арнайы техника көмегімен қолмен тазартылуда. Бұл бойынша коммуналдық сала қызметінің жұмысшыларына 200 әскери мен 100 ерікті көмектесіп отыр. ...

Толығырақ »

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ СПРЕЙ ШЫҒАРДЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың​ айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді. – Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалынған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар ...

Толығырақ »

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша бос жұмыс орындары «Ломбард CityCredit Gold» ЖШС -тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша несие бөлімінің маманы; -кеңсе менеджері. «СодБи» жеке қоры -ғимарат әкімшісі -тазалықшы -жүргізуші -кеңсе менеджері -аула сыпырушы «AKBOZAT» ЖШС -гранулятор үйлестірушісі -дизайнер -сату менеджері -қабылдау бөлімінің менеджері -сұрыптаушы -жүргізуші -кеңсе менеджері -есепші көмекшісі -дәнекерлеуші «Корпарация Asyl Arman» ЖШС -оқу орталығының директоры -әдіскер -кадр жұмысшысы -есепші -психолог ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

24 сәуір күні сағат 16:00-де «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов өзінің Facebook желісіндегі жеке аккаунтында және nurotanshymkent Instagram парақшасында тікелей эфирде еліміздегі төтенше жағдай режімінде «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы тарапынан атқарылып отырған жұмыстар жайлы айтып, «Біз біргеміз!» акциясы бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Толығырақ »