Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында сыйымдылығы 300 адам болатын «Ләтіп ата» мешіті ел игілігіне есігін айқара ашты. Мұнарасы алыстан менмұндалайтын мешіттің ашылу рәсімінде ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан қажы Сматбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, ардагер ақсақал Аманкелді Қабылбеков және Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов алғы сөз алып, ақжарма тілектерін арнады. Ал ауыл тұрғыны ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛМАҚ

Түркиялық «EAE Elektrik» компаниясы өнімдерін 120 елге экспорттайтын өндіріс орны. Түрік кәсіпкерлері ендігі кезекте Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға ниетті. Инвесторлар өңірімізге жасаған сапарында облыстың инвестициялық әлеуетінің жоғары екендігіне көз жеткізе отырып, Түркістан қаласында зауыт ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта компанияның Халықаралық жобалар және сату жөніндегі директоры Ердоған Димерел Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевпен жүздесті. «Кәсіпкерлер палатасы — отандық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ТҰМАРЛАРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Түркістан тұмарлары» атты мерекелік кеш өтті. Жиынға өңірдің рухани, мәдени, ғылыми және саяси өмірінде белсенді қызмет атқарып жүрген нәзік жанды арулар қатысты. Кітапхана директоры Жанат Шардарбекова іс-шараны ашып беріп, барлық аналарды, қыз-келіншектерді құттықтады. Сонымен қатар, ізгі тілегін арнап, кітапханада жасалған арнайы қобдиша мен кейіпкерлер жайлы шығарылған ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: ЖАҢАКҮШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төлеби ауданы Зертас ауылдық округі Жаңакүш елді мекенінде ауыл тумаларының демеушілігімен «Жаңакүш» атындағы мешіт ашылды. Имандылық үйінің ашылу салтанаты «Нұр» мешітінің ұстазы Ерлан Базарбайұлының Құран оқуымен басталды. Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сәуірбаев мешіттің ашылуына мұрындық болған Дарихожаев Марат Махамбетқайырұлына бас мүфтидің марапатын табыс етіп, оның ұлдары Данияр, Ержан, Сержан, Абзал, Дарханға бас мүфти мен облыстың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР МҰҚТАЖ ЖАНҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Төлеби ауданында тұрғын үй кезегінде 5392 азамат тұр. Баспанаға мұқтаж азаматтар тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларын айтып, пәтер бөлуге көмек сұрап, аудан әкімінің жеке қабылдауына, кездесулеріне жиі келеді. Аудан әкімі Төлеген Телғараев өтініш иелерінің мәселесіне жіті назар аударып, жүзеге асуын өз бақылауында ұстауда. Аудан әкімінің Зертас ауылдық округінде өткен кездесуінде округ тұрғыны, жалғызбасты ана Ақмарал Тұрысбекова баспанаға мұқтаждығын айтып, көмек сұраған болатын. ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ЗОР МҮМКІНДІК

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бір бағыты жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру. Жұмыстың бұл түрі түрлі салаларда-қоғамдық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады. Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы-тек жас мамандар үшін ғана емес, әр түрлі жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік. Қоғамдық жұмыс-аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа түрлі маман иелерінеде арналады. Солардың бірі Нышанов Нуркен Асанұлы Төлеби ауданының тумасы. Жылдың басында ...

Толығырақ »

«Күміс жас» жобасының шарапаты

Егде жасқа келген кісілерді қай жер болмасын жұмысқа қабылдамайтыны белгілі. Жастардың өзі түйіндемесін(резюме) дайындағанда қанша жаста екендігін көрсетіп жазады. Осы орайда, «Күміс жас» жобасы жасы келгендерге шарапаты тиіп отырған мемлекеттік бағдарлама. Ташкентте «кітапханашы» мамандығын оқып, тұрмысқа шыққан соң, ата-енеге қызмет етіп, бала-шағасы аяққа тұрғанша үй шаруасында болған Курбанова Нурхан 58 жасында жұмыс жасауға бел буады. Алайда, жасы келген тәжірибесі жоқ ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

Соңғы жылдары кәсіп ашып, нәсібін көрсем дейтін азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бағдарламаға атаулы әлеуметтік көмек алатын, «Бастау бизнес » жобасы бойынша оқу курсынан өткендер, қандастар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысқан. Оның басым көпшілігі тігін шеберханасын, кондитерлік өнімдер шығаруды қолға алған. Әрине, грант алуға өтініш білдіргендердің ішінде түрлі бағыттағы идеясын жүзеге асыруды ойластырғандар да көп. Солардың бірі Баймуратов Зухриддин ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ КӘСІПОРЫН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ СҮТ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Көксәйек елді мекенінде орналасқан «ФудМастер-Шымкент» ЖШС-де болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аталмыш цех тәулігіне 70-80 тонна сүт өңдеуге қабілетті. 2014 жылы Франциядан арнайы құрал-жабдықтар әкелініп, заманауи техникалармен толықты. Нәтижесінде мұнда инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа сүт өнімдерін шығаруда. Олар: сүт, айран, қаймақ, биоайран, йогурт және басқа да өнімдер. Облыс әкімі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТӨЛЕБИДЕГІ ЦЕХТА 1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында «SERT» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тігін және жиһаз цехы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Жеке кәсіпкер Сәбит Сансызбаев жаңа цехты іске қосуға өз есебінен 120 млн. теңге қаражат жұмсаған. Жыл басынан бері жиhаз және тігін цехында 1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мұнда 30-дан астам жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Аталған нысанға ...

Толығырақ »

Жастар практикасы — жұмыс табудың мүмкіндігі

Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне бес жылдан аспаса болғаны. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында тұрғындар жалпы қабылдауда облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға көкейдегі сауалын қойып, өтініштерін ашық айта алады. Бұл үрдіс өңір басшысының аудан, қалалардағы жұмыс сапары аясында қалыптасқан. Кезекті «Ашық есік күні» аясында бірыңғай қабылдау Төлеби ауданында өтті. Жалпы жиынға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері де қатысып, айтылған мәселелердің оң шешімін табуына атсалысты. Төлеби ауданындағы жеке қабылдауға Қасқасу ...

Толығырақ »

Жастар практикасы бағдарламасы – жастарға зор мүмкіндік

Жастар практикасы – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. «Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған ...

Толығырақ »

АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазақстан халқының саны 20-млн-ға жетті. Бұл қуанышты жаңалыққа орай, аудан әкімі Төлеген Телғараев Төлеби аудандық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, дүние есігін ашқан сәбилерді, аналарын құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. — Төлеби ауданы табиғаты тамылжыған ғажайып өлке. Бұл өңірде дүниеге келген азаматтың асығы алшысынан түсті деуге болады. Құрметті аналар, барлығыңызды ана атануларыңызбан шын жүректен құттықтаймын. Дүниеге сәбидің келуі — өмірдің бір ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ — 2023» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Жастарға олардың қызметін көрсету арқылы адал еңбек етуді дәріптеп, еңбексүйгіштікке баулыған шара «Алтын күз» мерекесі аясында орайластырылып, өткізіліп отыр. Төлеби ауданынжа «Алтын күз» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ала жаздай дала төсінде тер төгіп еселі өнім жинаған жергілікті диқан ...

Толығырақ »

ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ ХАЛЫҚТЫҢ ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМЫНА ҚАЙТАРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Төлеби ауданы әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен әкімдіктің жоспарлы мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, сала басшылары баяндама жасады. Ең бірінші, жайылым жерлерді халықтың ортақ жайылымына қайтару және ортақ жайылым ретінде зандастыру жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев баяндады. 2021 жылғы 01 қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ...

Толығырақ »

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ” — ӘЛЕУМЕТТІК ХАЛ-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДА

Жұмыс — күнкөрістің, жан бағудың, отбасын асыраудың қайнар көзі. Үкімет тарапынан бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Мұндай жағдайда азаматтардың жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуіне әбден болады. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалана білгендер ұтады. Ал, есебін тауып, кәсіп ашқандар бір теңгені екі теңге етудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Әрине, әрекет еткендер береке табады. Арасында пайдаға кенеліп жатқандар да аз емес. Төлеби ...

Толығырақ »

Жаңа жұмыс орындары ашылуда

Төлеби ауданында жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Оның 2650-і тұрақты қызметке орналасқан. «Бастау-бизнес» жобасы аясында 944 адам оқып, сертификат алды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» жөніндегі тапсырмасына сай 1101 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жастар практикасымен» жаңадан оқу орнын бітіруші 215 маман, қоғамдық жұмыс ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 2024 ЖЫЛЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ауыз су мәселесі облыс және аудан әкімінің тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген болатын. Мәселені шешу бағытында ауқымды жобалар қолға алынды. Нәтижесінде, аудандағы бірқатар елді мекенде түйткілді мәселе шешімін табуда. Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған Жаңакүш елді мекенін таза ауыз суға қосу бағытында тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, аудан халқы 100 пайыз ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ:  ЖАСТАРДЫ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

Төлебиде субсидияланатын жұмыс орындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналасуға шақырды. Төлеби аудандық Мансап орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау және жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің қызметкерлері субсидияланатын жұмыс орындарына оқу орындарының түлектері мен бұрын-соңды жұмыс істемеген жастарға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасы бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңды тұлғалармен де кездесіп, «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев әр аптаның сейсенбі күндері тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Бұған қоса, Президент Жарлығына сай, тоқсан сайын аудан әкімінің әр елді-мекен тұрғындарымен кездесулері өткізіліп, тұрғындардың өзекті мәселелері жеке қабылдау кезінде талқыланып, шешілу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, аудан халқының билікке сенімін нығайтып, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ...

Толығырақ »

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖАС МАМАН ҮШІН ТИІМДІ

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Онда ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға ықпал етеді. «Жастар практикасы» бағдарламасы – арнаулы және жоғары оқу орындарының ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: КИЕЛІТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі Сұлтанрабат ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі Сұлтан рабат жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты. Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың 9-айында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Ең алдымен аудан әкімдігі ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға келген жеке кәсіпкер Ақылжан Сарбасов Зертас елді мекеніне арнайы спорт кешені қажет екенін айтты. Аппарат басшысы Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті салалақ басқармалардан ...

Толығырақ »

ҚАЛА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ БЮДЖЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Төлеби ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс жетінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып отырды. Сессияда Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №24/137-VII «2023-2025 жылдарға арналған қала, ауылдық округтер бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр ...

Толығырақ »