Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әзірет Сұлтан

Әзірет Сұлтан

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Құрылысшылармен кездесіп, карантин кезінде санитарлық талаптардың сақталуын мықтап тапсырды. «Коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі көрсеткіштер қуантарлық емес. Облыс аумағында карантин және шектеу іс-шаралары коронавирус індеті эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сақталатын болады. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет. ...

Толығырақ »

«ҚАСИЕТТІ ШАҺАР – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» ФОТОКӨРМЕСІ

Бүгін Түркістан қаласындағы жаңа Арбат алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қасиетті шаһар — балалар көзімен» атты фото көрме өтті. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған онлайн-көрмеге қорық-музей қорында сақталған жас қылқалам шеберлерінің және 2018 жылы өткен «Астана және Түркістан» жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының туындылары, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен суреттеген ...

Толығырақ »

ШАҺАРҒА КЕЛУШІЛЕРГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіне жүгіну, энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы полицейлері Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, оның тамыры терең тарихымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өздеріңізге белгілі мерекеге толы мамыр айында «Халықаралық музейлер» күні аталып өтіледі. Қиын да қауіпті полиция саласында ҚР ІІО-ның музейлері ерекше орын алады, олардың қызметі полиция қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың арасында полиция қызметін насихаттауға бағытталған. Осыған байланысты ...

Толығырақ »

ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінде «Ер қаруы — бес қару» тақырыбында онлайн-көрме өтті. Онлайн-көрменің мақсаты – сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау. Ұлан-ғайыр жері мен елінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда қазақ халқы астындағы атына, білегінің күшіне, жүрегінің түгіне, ...

Толығырақ »

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ МАҢЫНАН ТЕРЕҢ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫЛАДЫ

Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды, деп жазады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарасты Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды. Қасиетті жер аумағын көгалдандыру және толық мөлшерде сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іске жеке кәсіпкер Беркінбаев Оңғарбек Мейірбекұлы демеушілік танытты. ...

Толығырақ »

ӘБІЛМӘМБЕТ ХАННЫҢ ОРДАСЫ

1743 жылы жазда Абылай сұлтан жоңғар тұтқынынан босап, аман сау өз жұртымен қауышады. Міне, осы кезден бастап, бүкіл Орта жүздің сыртқы саяси тізгіні біржолата Абылайдың қолына көшеді. Ал Әбілмәмбет хан болса өз еркімен сыртқы саяси мәселелерді немере інісіне тапсырып, өзі 1744 жылдың жазында Түркістан қаласына келеді де, біржолата осы қалада тұрақтанады. Оның Түркістанға келіп, хан сайланылуы туралы орыс тыңшысы Мансұр ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды. Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: МАРҚОЗЫ ИМАМ КЕСЕНЕСІ

Марқозы Имам кесенесі XIX ғ. ескерткіші, Еңбекшідихан ауылында (бұрынғы атауы Шұбанақ, Шобанақ) орналасқан, ол Түркістан облысындағы Кентау жолының бойымен Түркістаннан солтүстікке 10 шақырым жерде орналасқан. Мазар ескі зиратта, төбеде орналасқан. Ортаазиялық сәулет мектебі — порталды-күмбезді құрылыс дәстүрінде салынған.Ескерткіштің бастапқы бейнесінің сәулет — көркемдік құндылығы жоқ, кейіннен шаршы мазар үй-жайы конустық күмбезбен жабылған. Басты қасбеті күмбезді тауашалары мен бұрыштық мұнаралары бар ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

Түркістанның оңтүстік — шығыс бөлігінде Гауһар ана кесенесі орын алған.Кесене «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорығының құрамына кіреді. Гаухар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Йассaуидің қызы. Анамыз туралы жазылған аңыз — әңгімелерге сүйенсек, емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Қожа Ахмет Йассауи ...

Толығырақ »

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. ...

Толығырақ »

БІРЕГЕЙ ШЫҒЫС ПРОМЕНАДЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Сәні мен салтанаты келіскен шығыс променады, яғни, серуен алқабы ұлттық ерекшелік пен заманауи мәдениеттің көркем келбетін ұштастырады. Келушілер мен демалушыларға қолайлы болу үшін ландшафтық сәулет, фонтандар, ашық айвандар және басқа да нысандар орналасады. Кәдесыйлар сататын дүңгіршектер салынады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Әзірет Сұлтан» кешенін дамыту бойынша жоспарға сәйкес жасалып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты. Жаңа жобаға бірқатар өзгертулер енгізіп, қала ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тікелей көрсетілімдегі өз жұмысын бастады. Алғашқы онлайн кездесу қорық-музейдің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Тұяқбаев Марат Қымызұлының «Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулер» бойынша жүргізілген тарихи шолуынан бастау алды. «Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын — Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және ...

Толығырақ »

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІ

Ахмет Иассауидің алғашқы ұстазы, жүгінер пірі болған Арыстанбаб есімі Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани жолбасшысы ретінде кеңінен жайылған. Ел арасында (Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. К.Г. Зельман, Ә. Диваев, В.В. Бортольд, М.Е. Массон, А.А. Сменов, Дж. Тирмингэм, И. Меликофф еңбектерінде Арыстанбабтың Қожа Ахмет Иассыуиге ұстаздық еткені туралы айтылады. Арыстанбаб есімі Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметінде» ...

Толығырақ »

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» КӨРМЕСІ

Биыл еліміз бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде.  Аталған шаралардың жоғары маз­мұндық деңгейде өткізілуі елдігімізді, егемендігімізді айшықтайтыны анық. Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ...

Толығырақ »

ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІН АБАТТАНДЫРУ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы Үкаша ата кесенесі мен құдығы маңында атқарылған абаттандыру жұмыстарын көріп, алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізді, деп жазады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Айта кетсек, өткен жылы республикалық маңызы бар ескерткіштердің бірі саналатын Үкаша ата кесенесі мен құдығына 142 186 адам келген. ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Рухани астанадағы туризмді дамытуға түркістандық жастар да үлес қосады. 2020 — волонтерлар жылына орай, Түркістан облысы және қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музей басшылары меморандумға қол қойды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Бірлескен келісімнің нәтижесінде жастар мен еріктілерге туризм, музей ісі және мәдени-көпшілік шараларға қатысуға, гид ретінде танытуға ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның аумағындағы тарихи-мәдени нысандардың тарихымен танысып шыққан қала басшысы 88,7 га аумақты сақтап-қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір бөлісті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Мәдениет ...

Толығырақ »

ӨНЕР ДЕП ӨТКЕН ӨЗАҒА…

Шымкенттегі Әдеп-ғұрып, салт-дәстүр орталығында ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, белгілі этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған бұрыш ашылды. Бұған қоса «Дәстүрдің дара діңгегі» атты кеш аясында қоғам қайраткері Ө.Жәнібековке арналған бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Көпшілік этнограф ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме — экспозицияны тамашалады. «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи ...

Толығырақ »

МУЗЕЙДЕ САҚТАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖӘДІГЕР

Адамзат дамуына әр түрлі факторлар түйткі болғаны ақиқат. Алғашқы адамдар от жағып, аң аулап, жылқыны қолға үйретіп, қолға үйретілген малдың тұқымын сұрыптап металл өндірісін қалыптастырып, дөңгелекті арба, үзеңгі мен қайқы қылыш ойлап табуының қай-қайсысы да адам дамуының факторлары болып табылады, алайда осы жоғарыда айтылған факторлардан бөлек алғаш кесу құралдарының пайда болуы оның ішінде пышақтың адамзат дамуында алар орны ерекше десек ...

Толығырақ »

ТАЙҚАЗАННЫҢ ҚҰЙЫЛҒАНЫНА 620 ЖЫЛ

Кентау қаласындағы Қарнақ ауылында Тайқазанның құйылғанына 620 жыл толуына арналған жиын өтті. Аталған шараға Тайқазан тарихын зерттеушілер мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы және Тайқазанды құйған шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризидің ұрпақтары қатысты. Жиын аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге Тайқазанның тарихынан сыр шертетін суреттер қойылды. Сондай-ақ Тебризи ұрпақтары тарихи жәдігерлерді жасап шыққан бабаларының рухына ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕДЕ АУДИОГИД ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінде аудиогид жобасы іске қосылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер мен туристер аталған құрылғыдан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет алып, саяхат жасай алады. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келуші әрбір адам тарихи орынның ...

Толығырақ »

ОЮЛЫ АҒАШ ОРЫНДЫҚТАР ҚОЙЫЛДЫ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі Бейне тарих құжырасына шеберлер дайындаған оюлы ағаш орындықтар қойылды. Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де көре алады. 2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға ...

Толығырақ »