Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 18)

Руханият

Облыс әкімі ЭКСПО жөнінде…

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында және Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері өтіп жатқан кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетті. Осы бір маңызды шара туралы әкіміміздің айтқан бірқатар сөздерін жазып алған жағдайымыз бар. Соларды оқырмандарымызға қуана-қуана ұсынамыз. «Биыл елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға – «Астана ЭКСПО – 2017» ха­лықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жарқыраған жәрмеңке!

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Осымен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтіп жатқан ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері өз мәресіне жетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 2017 жылғы ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Таңғажайып гала-концерт

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері аясында өтетін думанды кешке шақырамыз!!! Бүгін кешкісін «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында басталатын Оңтүстіктің таланттары – эстрада жұлдыздары қатысатын қорытынды мәдени шараға келіп, керемет кештің куәгері болыңыздар! Апта бойы астаналық жұршылықты мерекелік думанға бөлеген күнгей өлкенің Астанадағы күндері 3 қыркүйек күні, сағат 21:30-да «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында өтетін «Əн мен күй əлдилейді ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Шанин театры ұсынады

Елордада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасына Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры өз үлесін қосып келеді. Қыркүйек айының 3 жұлдызында сағат 11.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышуға бет алған шығармашылық ұжым өзінің жаңа қойылымдарының бірін сахна төріне шығарады. Қазақстан театрлар Ассоциациясының 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Соңғы сәттер

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бес күнге созылған Астана қаласындағы киелі өлкенің тарихынан сыр шертіп, ерекшелігін айшықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері, өкінішке орай, бүгін кешкісін өз шымылдығын жапқалы ...

Толығырақ »

Мынадай сұхбаттан кейін Елбасымызды қалай құрметтемейсің?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Хабар» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбаты көп мәселелерге байыпты көзқарас танытып, қоғамымызда қордаланған сауалдарға нақты жауап беру шеберлігімен көптің көңілінен шыққанын байқадық. Редакциямызға келіп түскен бірқатар пікірлердің ішінен әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы, тележурналист Өркен Кенжебектің Елбасы сөздерінің маржанын теріп, қалың оқырманға паш еткенін қош көріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Локация ретінде Ұлытаудың таңдалғаны, бірауыз орысшаны қоспай, жалпақ ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жұмат Шанин театры

Қыркүйек айы – Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театрының тарихи парақтарында алтын әріптермен жазылатын шежірелі күн болып қалмақ. Ұлтымыздың мақтанышы – көрікті Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасынан Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры қалыс қалмастан, қыркүйек айының 2 жұлдызында сағат 18.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышады. Тамыры ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Күн қалай өтеді?

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері де өз мәресіне жақындап келе жатыр. Бүкіл астаналықтар мен Елорда қонақтарын таң қалдырып және тамсандырып келе жатқан оңтүстікқазақстандықтар Алғашқы қоңырау күні не ұсынар екен? «Қазақстан» спорт кешенінің аланшасында таңғы сағат 09:00-де Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталады. Дәл осы уақытта «Қазанат» ипподромы ұлттық спорт жанашырларын аударыспақ, ...

Толығырақ »

ЕРТЕҢ – АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ КҮНІ

Алғашқы қоңырау күні Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жаңа мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдайды. Таңғы сағат 09:00-де Шымкент қаласындағы «Сәуле» шағын ауданындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысады. Шымкент қаласындағы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев қатысады. Бұл мектепте де алғашқы қоңырау таңғы ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасының шаңырағы мен қаладағы №3 балалар үйінде болып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді сыйға тартты. Ең алдымен облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтап 10 баланы тәрбиелеп отырған Ералиевтердің отбасына барып, мектепке баратын жеті баласына сабаққа қажетті заттар мен үлкен теледидар тарту етті. Өз сөзінде аймақ басшысы ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ

Бұл ашық хаттың жазылғанына да біраз болған. Жазыла салысымен үн қосуға талпынғанбыз. Жариялайтын да болғанбыз. Алайда мақала авторы өзіне бір жоғары лауазымды шенеунік хабарласқанын айтып, тоқтата тұруды өтінген—ді. Одан бері де 3 айдан асыпты. Баяғы жартас – сол жартас. Қозғалыс жоқ. Хатқа жауап та берілмепті. Хатқа екі аптада жауап берілуі керектігін ескерсек, облыстық әкімдік қызметкерлерінің бұл салғырттығын қалай түсінеміз? Тура ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Құрбан айттық дастархан

Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты – асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету. Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Күз келгенмен, жаз кетпейді…

Өйткені, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері әлі жалғасып келеді. Яғни, Шымкенттің ыстық ықыласы бүкіл Арқаға шуақ шашуға жетерліктей мөлшерде. Сонымен, Оңтүстік Елорда жұртына бүгін не ұсынар екен? Сағат 10:00-де арнайы жабдықталған автобуспен Астана көшелеріне музыкалық шеру шығады. Дәл осы уақытта Этноауылда «Құрбан айт» мерекелік іс-шарасы (Оңтүстіктің арнайы дастарханы мен концерттік бағдарлама) басталады. «Has Sanat» ...

Толығырақ »

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтың бұйрығымен Жолдасов Нұрмахан Миятұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Жаңа төраға орынбасарын саяси бюро мүшелеріне облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Жансейіт Түймебаев таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тəжірибесі мол басшы ретінде  партия жұмысын жандандыруда жемісті еңбек ететіне сенім білдірген әкім жаңа лауазым иесіне бірқатар міндеттер ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Опера жұлдыздарының кезегі келді

Астана төрінде өтіп жатқан Оңтүстіктің күндері аясында облыстық опера және балет театрының 100-ден астам өнерпазы астаналықтарға қазақ ұлттық және әлемдік операларының үздік шығармаларын ұсынды. Бұл жинақ – театр ұжымының өз туындысы, режиссер Қайрат Құлыншақов дайындаған «Інжу-Маржан» қойылымы. Аталған қойылым ұлттық опера тарихының жарқын беттерінен алынған Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің «Абай», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу», Мұқан Төлебаевтың ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Мырзалық және жомарттық

Ел ордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде облыс аудандарынан барған көптеген өнім түрлері тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемелеріне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау ретінде оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Шымкентше тойлау

Соғымнан қалған сыбағаны алты ай сүрлеп, сыйлы қонағына асып бергені секілді ЭКСПО-ның асабасы ОҚО күндерін ең соңында бекерден-бекер сақтамапты. ОҚО бірден «ОХО» дегізді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет пен байлық паш етілетін 43 мәдени көпшілік іс-шараның барлығы “ТЕГІН” өткізілуде. Туристер “Жарықтық Карл Маркс аңсаған “Коммунизм” мұнда екен ғой”, – деп таңданысын жасыра алмады… Бұндайды бұрын-соңды көрмеген Елорда тұрғындары Жетісайдың экспорттан қалған қауын-қарбызынан дәм ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жастарымыз жарады!

Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Астанағы Оңтүстік өңірінің күндері аясында жергілікті жұртты ертеңгі Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жергілікті халық пен шетелдік қонақтарға 5000 қалташа  яғни, 450 келі тəтті тоқаш таратты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдасқан жастар Құрбан айтпен құттықтау шеруін бас қаладағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан бастап, қоғамдық көліктерді де аралады. Құрбан айтпен құттықтаушылардың бағдарламасында, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Айт мерекесі қарсаңында

Елордасы – Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Тарихта тұңғыш рет

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында астаналық цирк сүйер көрерменге жол тартқан «Томирис» қойылымы еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи-театрландырылған көрініс болып отыр. Қойылымның бас режиссері – Данияр Серікбаев. Сақтар дәуіріндегі қазақ даласын мекендеген еркін, азат, рухы биік, қайсар халықтың өмірін көрсете отырып, ұлы даланың қадір-қасиетін ұрпаққа насихаттайтын қойылымда қазақ қызының қайсарлығы, тектілігі мен даналығы, Тұмар (Томирис) ханшайымы ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Көңіл-күй көтерілді

Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас көрермендерге Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылым мен Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Алтын балық қойылымы кедей баласы Фархаттың бойындағы әділеттілік, адамгершілік пен Хан шабармандарының бойын ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Таусылмайтын тегін тартулар

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері шеңберінде 2017 жылдың 31-тамызында Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Елордада өнер көрсетті. Күнгейлік жас толқын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында таңғы сағат 10:00-ден бастап түскі 13:00-ге дейін Астана қаласындағы «Хан Шатыр» және «Керуен» ойын-сауық орталықтарында, «ЭКСПО» қалашығында және түстен кейін «Бәйтерек» алаңы ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Оңтүстік тартулары тегін таратылды

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді. Астанадағы «Бәйтерек» алаңының ...

Толығырақ »

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қазақтың ұлы биі, қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмнің түсіру жұмыстарын бастады. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орайластырылған. Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Авторлар бұған дейін шығармашылық бірлестікте «Мәди Бәпиұлы» және «Тәттімбет Қазанғапұлы» ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Этноауыл ұсынған…

Ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері Этноауылда Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірегей жәдігерлерінен құралған көрме жасақталды. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп пен жоралғы сияқты қазақ мәдениеті мен тіршілігінен насихаттау – музейдің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да Этноауылда жасақталған көрме қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, ...

Толығырақ »