Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 18)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТӨЛЕБИДЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекеніндегі 900 орындықты, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындықты білім ошағының құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс алаңдарында жұмыс қарбалас, сала мамандары басқарған ауыр техникалар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара Түркістан облысының Еңбек мобильді орталығының қолдауымен және Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Екі қолға бір күрек іздеген азаматтар үшін 20-дан астам жұмыс беруші 200-ге жуық вакансия ұсынған. Тұрақты жұмысқа шақырғандар қатарында біршама белгілі жеке кәсіпорындармен қатар, алматылық компаниялар да бар. «Мұнда азаматтар жастар практикасы, әлеуметтік және қоғамдық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӨПҚАБАТТЫ 39 ҮЙДІҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков І-мөлтек аудан аумағын аралап, көпқабатты үйлердің тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ауыстыру бойынша берілген тапсырмасының орындалуын тексерді. “Түркістан су” МКК директоры Ақниет Асылов қазіргі таңда бір үйдің құбыры жаңартылғанын жеткізді. Жалпы көпқабатты 39 үйде су құбырын ауыстыру көзделген. Қала басшысы қойылатын құбырлардың сапасына мән беруді тапсырды. Шаһар басшысы сондай-ақ, кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілген Әл-Фараби көшесінің ...

Толығырақ »

МЕРЗІМІ ТАЯҒАН ТАПСЫРМАЛАР ТАЛДАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков облыс әкімінің және өзінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын саралап, лездемелік мәжіліс өткізді. Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменова өз баяндамасында әкімдік бөлімдерінде қазіргі таңда мерзімі өткен орындалмаған тапсырмалардың жоқ екенін атап өтті. Уақыты белгіленген хаттамалық тапсырмалардың кестесін ұсынды. Жауапты мамандар салалары бойынша әр мәселеге тоқталып есеп беріп. Қала әкімінің ақпан айында тұрғындармен өткізген кездесуі нәтижесінде ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Түркістан облысына іссапармен арнайы келіп, өңір жұртшылығымен кездесті. Ең әуелі Сауран ауданындағы ересек мүгедектігі бар адамдарға арналған 200 орындық заманауи оңалту орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық жасы 18-ден асқан I, II топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін болады. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жағдайлар қарастырылады. Атап айтқанда асхана, жатын бөлмелері, ...

Толығырақ »

Жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктерін саралады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті лездемелік мәжілісті Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне, Құрылыс бөліміне берілген тапсырмалардың орындалуы мен жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктерін саралауға арнады. Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков рәсімделу сатысындағы жобалау-сметалық құжаттар жайын баяндап, ұсыныстарға тоқталды. «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді газдандыру барысында туындаған мәселелер талданып, жауапты бөлімге тиісті тапсырмалар жүктелді. Жолдарға тас ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Өткен жылы Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе және Азаттық елді мекені тұрғындары үшін қуанышқа толы болды. Себебі, соңғы жылдары көкейтесті мәселеге айналған ішкі жолдардың қанағатсыз жағдайы шешімін тапты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қос елді мекеннің 32,1 шақырымды құрайтын 49 көшесі орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның 21 көшесі Майтөбе ауылына, ал 28 көшесі Азаттық елді мекеніне тиесілі. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы су нысандарын реттеу, тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Түлкібас ауданы аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суғармалы жерін қамтитын 13 су нысанын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2020 жылы бастау алған бұл жұмыстар сол кездегі мердігердің салғырттығынан және қажетті құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан тоқтап қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ-БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 4 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНҒАН

Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Ал биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа жалпы 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 107-сі – жаңа жобалар. Аталған жоба Түлкібас ауданының инфрақұрылымын жақсартуға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРЕТІН ЕРЕКШЕ НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында ғимараттар мен нысандар сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынады. Басталған жұмыстың аяқсыз қалмауы қатаң қадағалауда тұр. Маңызды мәселені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. Аймақ басшысы жаңа нысандар мен инвестициялық жобалардың қаланың Бас жоспарына сәйкес жүзеге асуын қатаң бақылауды ескертті. Өңірде жұмысына салғырт қараған мердігерлермен тынымсыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттен ...

Толығырақ »

«БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МІНДЕТ!»

Облыстық білім басқармасының 23.04.2024 жылғы №25/2397 хаты негізінде Түркістан облысы білім басқармасының кәмелетке толмағандар арасында діни-экстремизм және терроризмнен алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасындағы тапсырманы және Қазығұрт аудандық терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының 24.04.2024 жылғы өткен хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында бөлімге қарасты мектеп басшылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерінің қатысуымен төмендегідей тақырыпта зум платформасында онлайн ...

Толығырақ »

КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ АРКАЛАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түлкібас ауданында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылуда. Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, жауапты бөлім басшылары және мамандармен бірге аудан орталығын теңдей екіге бөліп тұрған Тұрар Рысқұлов көшесіндегі тозығы жеткен аркаларды қайта жаңғырту мәселесін талқылады. Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын аудан орталығындағы А2 республикалық маңызы бар жолдың шығыс қақпасы толық ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ!

Бүгін Түркістанда шаһардағы этнос өкілдері бас қосты. Алқалы жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және этномәдени орталық басшылары қатысты. Игі шарада алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді. Қалалық мәслихат ...

Толығырақ »

Білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстар талқыланды

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті. Жиналыста тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы комиссияның жоспарлы жұмыстары бойынша атқарған жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге, халықаралык эксперт, БҰҰ (ООН) мүшесі Сағадат Сабитова қатысып, бала мен ана қатынасы бойынша баяндамасын жасады. Одан бөлек, жиында күн тәртібіндегі бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ...

Толығырақ »

Тәртіп – ерік-жігерді ақылға бағындырудан басталады

Тәртіп – ерік-жігерді ақылға бағындырудан басталып, күш-қайратты парасатпен басқаруға жетелейді. Өнегесі өрелі қоғамда ғана ұрпақтың келешегіне алаңдауға негіз қалмайды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты өтеу – адамгершіліктің ісі» деп ғибраты мол сөз қалдырған. Жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыра білмейтін балаға дұрыс тәлім беру ата-ана мен ұстаздың борышы болса, оларға үлгі-өнеге көрсету – ...

Толығырақ »

Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар барысы қаралды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атқарылған жұмыстарды талдап, бөлім басшысы Эльмира Бейсенованың есебін тыңдады. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, бөлім тарапынан учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың шынайылығына мониторинг жүргізілді. Құжаттарды қайта зерделеу барысында 8 отбасына АӘК заңсыз тағайындалғаны анықталып, қаржыны қайтару бойынша хабарлама жолданған. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа жолданғандардың жұмыстан жалтару деректері орын алмауы үшін ...

Толығырақ »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАУ -ПАРЫЗЫМЫЗ!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы өтуде. “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. Акция өтетін әр аптаға ...

Толығырақ »

ӨТІНІШТЕРГЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖАУАП БЕРДІ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Халықпен кездесулер азаматтармен ашық диалог құруға, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдауға және жедел шешуге, сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілеген халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатын іске асыруға мүмкіндік береді. Төлеби ауданы халқының күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелері кездеседі. Тұрғындарының түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев жеке қабылдау өткізді. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛІП, 40 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында өткен жалпыаудандық сенбілікте аудан тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша көше бойларын тазалады. Тамаша табиғаты, саф таза ауасымен барша жанды баураған Төлеби ауданын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру ісі жалғасын тауып, бүгін тағы да аудан жасыл желекпен толықтырылды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Төлеби баба» саябағында көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындарды ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбековтың төрағалығымен аудан аумағын көгалдандыру мәселесі бойынша жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ол бойынша Түркістан облысынан арнайы келген қонақтар баяндама жасады. Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Данияр Сейітов хабарлады. Елді мекендерді көгалдандырудың дендрологилық картасы мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҰТ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде тұт кластерін дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс аумағында тұт шаруашылығын дамытып, одан жібек мата өндіру мақсатында Түлкібас ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен климаты тұт шарушылығына қолайлы аймақ болып саналатын ауданда биыл тұт ағаштарының көшеттерін кемінде 10 гектар жерге егу жоспарлануда. Бекітілген меженің бүгінгі таңда 5 гектарына көшет егу жұмыстарын Арыс ауылдық округіне қарасты «Нұрлан» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барып, аймақта іске асып жатқан жобаларды бақылады. Бірінші кезекте «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-не табан тіреп, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Жылына 100 тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид (ПВХ) және 1 млн. тонна цемент өндіретін кешеннің жоба құны 159,9 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда зауытқа қажетті инфрақұрылым толық ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: БИЫЛ ҚАРААҒАШТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ОРТАЛЫҚ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Елімізде түрлі ұлттық жобалар аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жалпы елдің дамуында, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуында ұлттық жобалар шешуші рөл атқарады. Оларды жүзеге асыру мемлекет алдында тұрған түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге ықпал етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Дәл осындай жобалардың бірі 2021-2025 жылға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысы ұлттық жобаның ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, биыл Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының Кеңес одағы кезінде тартылған су құбыры толығымен қайта құрылымдаудан өтпек. Бұл жерде 45 жылдан астам уақыт бұқараға қызмет етіп келген 49 ...

Толығырақ »

«АҚ — БҰЛАҚТЫҢ» ӨНЕГЕЛІ ІСІ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгінгі таңда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша ...

Толығырақ »