Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 5)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» іс-шарасы басталды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда аталған күзгі концерттік бағдарлама алдағы уақытта да әр секторда жалғасады деп жоспарланып отыр. Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық аспаптарымен патриоттық және эстрадалық бағыттағы әсем әндер шырқалды. ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ҚҰЛАН-САРЫТӨР» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын. Түлкібас ауданында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар дайындалды. Бүгінде жобалар аясында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Түркістан облыстық жолаушылар ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА САПАЛЫ ЕТ ӨНІМДЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен Сайрам ауданындағы ірі мал бордақылау алаңдарын ашу, ветеринария саласындағы, жұмыстарды ретке келтіру, тағам қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жиын өткен болатын. Аталған жиында аудан әкімі бұл бағытта аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, маңызды мәселелерді ортаға салды. Жиынға жауапты сала басшылары мен құзырлы орган өкілдері қатысып, мәселені жан-жақты талқылады. Жиналыстың қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті басшыларға ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ЖҮГІНДІ

Қазіргі таңда азаматтар жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қоғамдық қабылдауға қатысуды қалыпты үрдіске айналдырды. Осы орайда, олардың тарапынан туындаған түйткілді мәселелерді тиімді шешу мақсатында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындар жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, жер телімінің санатын және нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй салуға тиесілі жер телімін алу секілді мәселелер қозғалды. Жеке қабылдау ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀ Осы орайда,  Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданында 2024-2025 жылдары жеке инвестиция есебінен іске асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және жеке инвесторлар қатысты. Өз кезегінде, аудандық кәсіпкерлік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстады. Ибрагимова Гулсин апай — 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 100 жасқа таяған ардақты ана 1944 жылдан бастап Хамза атындағы (бұрынғы Калинин) #2 жалпы білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі, еңбек пәні мұғалімі болып 44 жыл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында №11-ші көшенің бойындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенінде жалпы 5 қабатты 24 үй тұрғызу жоспарланған. Биыл 5 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1314 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 5 қабатты 9 үйдің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. ...

Толығырақ »

Кең жолақты көшелер санын арттыру — көлік қозғалысын жүйелеуді көздейді

Түркістан қаласында О.Жарылқапов пен Қазыбек би көшелерін жалғайтын кең жолақты көшенің құрылысы жүруде. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысан басына барып, мердігерлермен кездесті. Облыс орталығындағы кең жолақты көшелер санын арттыру — көлік қозғалысын жүйелеуді көздейді. Қазыбек би — О.Жарылқапов көшелерінің аралығындағы жол іске қосылғанда Кентау бағытынан келетін көліктерге қосымша айналма жол ретінде қызмет етеді, Қазыбек би көшесінде кептелістің алдын-алып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АВТОБУСТА 50%-ДЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖҮРЕДІ

Түркістан қаласының қоғамдық көліктеріне заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын «AlemPay» электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген. Енді шаһарда «AlemPay» төлем картасын сатып алу арқылы мектеп оқушылары жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады. ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жалпы Түлкібас ауданында 196 бюджеттік мекеме бар. Оның 78-і білім беру саласына қатысты. Аталған білім беру мекемелерінің 77-і табиғи газбен қамтылған болса, 1-і ғана Иірсу елді мекенінде орналасқан мектеп қатты отынмен жылынады. Бүгінде барлық мемлекеттік мектептің жаңа жылу беру маусымына дайындау мақсатында, ондағы жүйелерін қысымдау және жуып-шәю жұмыстары жүргізіліп, қазандықтарын толық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан ...

Толығырақ »

ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан бюджеті және азаматтардың күзгі әскерге шақырылуы туралы мәселелер көтерілді. Жиын барысында Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру бөлімінің басшысы Досыбек Турегелдиев 2024 жылғы азаматтардың күзгі әскерге шақырылу науқанында атқарылатын жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН

Халық саны артқан Сайрам ауданында тағы бір мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас жоспарымен танысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов өңір басшысына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен таныстырды. Жаңадан құрылатын мөлтек ауданда 5 қабатты 49 тұрғын үй ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАСЫМБЕК ДАТҚА АУЫЛЫНДА  500 ОРЫНДЫҚ ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы елімізде қарқынды қолға алынуда. Соның бір айғағы, «1 қыркүйек — Білім күніне» орай, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа ауылында «Бақдәулет» жекеменшік бастауыш мектебінің 500 орындық қосымша жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты шара барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, оқу ордасының ұжымына жүрекжарды лебізін ...

Толығырақ »

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызметке жаңа кіріскен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ғасыр жасаған қариялардың шаңырағына арнайы барып, Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. 102 жастағы Аманкүл Марсулова балалық шағын еңбекке беріп, ғұмырын бейнетке арнаған ардақты ана. Бүгінде 34 шөберенің аяулы әжесі. 103-ке аяқ басқан Немет Абдрасилов – Ұлы Отан соғысының ардагері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жеңісті жақындатқан жауынгерлердің бірі болған. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ

Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараны қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев ашып, көпшілікке шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді. Еліміздің Ата заңына арналған мерекеге зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Шарада Түркістан қаласының дамуына үлес қосқан әр саланың үздіктеріне Алғыс табысталып, құрмет көрсетілді. Қалалық ...

Толығырақ »

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әлиқұлов жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңір тұрғындарымен кездесті. Келелі жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, орталық мемлекеттік орган басшылары халықпен кездесуі жоспарланған. Біздің басты міндетіміз – Министрліктің атқарып жатқан жұмысы туралы, негізгі бағыттарымыз туралы баяндап, сіздердің сұрақтарыңызға жауап ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ АМФИТЕАТРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Конституция күні қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатрдың ашылуына орай, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті. Жиында сөз алған қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен соңғы уақытта жастар арасында алаяқтық пен құқықбұзушылық көрсеткіштерінің әлі де көңіл көншітпейтінін, ал шындығында жастарды шыңдайтын тәрбиенің төресі еңбек екенін ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: МАШАТ АУЫЛЫНЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА

Көп жылдан бері Түлкібас ауданы, Машат ауылының ауыз су мәселесі аймақтағы өзекті мәселенің бірі болып келген-ді. Биыл жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген бұл мәселе өз шешімін табуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап аталған елді мекенге 32 шақырым жаңа су құбырын тарту жұмыстары бастау алып, 2 дана 300 кубтық су жинағыш орынның құрылысы жүруде. Бұл жұмыстар аяқталған жағдайда 357 абонентке тәулігіне 24 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістанның тазалығы – басты назарда. Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көш күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады. Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС. «Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы мерейлі мереке Конституция күнімен жұртшылықты құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мереке қарсаңында бірқатар азаматтар «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мыңға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне үлестерін қосты. Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұржан Жамалбеков, аудандық мәслихат депутаттары Сихимбай Сағындықов, Камолиддин Тажиев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Серік Ибадуллаев және Гуломжон Ирискельдиев, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Әсіларық ауылына қарасты №49 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. №49 Ш.Уалиханов атындағы мектебі 2009 жылы мердігер «Югстройсервис» ЖШС пайдалануға берілген. ...

Толығырақ »

Түркістан: 2025-жылы атқарылатын жұмыстар барысы сараланды

Бүгінгі лездемелік мәжіліс 2025-жылы атқарылатын жұмыстарға арналды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлардағы өзекті мәселелерді саралап, даму жоспарына сәйкес, жоба құжаттарының дайындық сатысын тексерді. Келесі жылы облыс орталығында инфрақұрылым құрылысы толық аяқталған 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жаңадан қоныстанған аумақтарда тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 1 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Қазіргі таңда, халықты сапалы электр қуатымен ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 45 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

Түркістан қаласында өткен жылдың қорытындысымен асфальт жолдардың үлесі 383,9 (45,4%) шақырымды құраған болатын. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда шаһар аумағындағы топырақ жолдардың шешімі табылды. Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның 50,8 шақырымды құрайтын 45 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 23,8 шақырымды құрайтын 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бастау ...

Толығырақ »