Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 65)

Ауыл жаңалықтары

ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Көктемдегі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізудің шаруашалар үшін аса маңызды екені белгілі. Қазіргі күнде Түркістан облысы Сарығаш ауданында егін егу науқаны басталып та кетті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім ...

Толығырақ »

КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданында күн сәулесінен қуат алатын алпыс сегіз құрылғы орнатылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 ...

Толығырақ »

ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында биыл 102 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн. теңге бөлінген. Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ...

Толығырақ »

САРБАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 32 жыл. Қазақта «Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі» деген қанатты сөз бар. Тарих — өшпес аманат. Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майданегерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, майданнан түрлі жарақатпен оралды. Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлер ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Талай шаңырақты шайқалтып, мыңдаған адамды қыршынынан қиған, Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл — 32 жыл. Осыған орай, бүгін соғыс ардагерлер аллеясындағы жауынгер-интернационалистердің ескерткішіне аудан әкімі мен ауған соғысының ардагерлері және зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойып, зұлмат соғыста бақилық болғандарды 1 минуттік үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі ...

Толығырақ »

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Қазақстаннан бұл майданға 22 269 адам аттанған. Олардың 350-і Сайрам ауданынан аттанып, 7 адам ауған жерінде қаза тапқан. Міне, от пен оқ ортасында жүріп, қатарластарын қара жерге тапсырған 171 жауынгеріміз бүгінде елге сыйлы ардагерлер. Мағжан Жұмабаев айтқан «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсете ...

Толығырақ »

ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК

Жастар — біздің болашағымыз. Әйтсе де олардың күш – қуатын ертеңге сақтамай, жастық жігерін бүгін пайдаланған жөн. Жастар бар жерде жалын бар. Өйткені, олар қай істе болсын батыл әрі бастамашыл. Міне, осы мақсатты ту еткен бәйдібектік жастар қоғамда үлкен белсенділік танытуда. Аудандағы жастар ұйымының басын біріктіретін негізгі ұйым алғаш рет 2007 жылы құрылған.  Одан бері де атауы бірнеше ауысқанымен мақсаты  ...

Толығырақ »

ЕРЛІК – МӘҢГІ ЕСТЕЛІК

Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі — Ауған соғысы. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл толды. Жүздеген жас жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Бұл күнді атап өту – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, қоғамдық белсенділіктері мен азаматтық ұстанымын нығайтудағы бірден-бір үлгі болып табылады. Осыған орай, «Жеңіс» саябағында Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен карантиндік ...

Толығырақ »

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы ауған соғысы ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жиында сөз сөйлеген қала әкімі М.Қадырбек интернационалдық борыштарын абыроймен атқарған Ауғанстан соғысы ардагерлерлерінің бүгінгі бейбіт өмірде ұрпақ тәрбиесінде, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруда алар орындары ерекше екенін атап өтті. Көзсіз ерліктер жасап ...

Толығырақ »

ІЗГІЛІКТІ МАҚСАТ ТҰТҚАН ШАРА

Бүгін Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жуантөбе ауыл округі бойынша әдіскерінің ұйымдастыруымен Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ер есімі-Ел есінде» атты «Ауғанстан соғысы ардагері, Жуантөбе ауылының турғыны Қалтай Қазғұлов ағамызбен кездесіп, мерекесімен құттықтап кайтты. Ісшара ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев пен Мақтаарал ауданының «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық ұйымы өкілдері Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «N2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де болып, мақтааралдық Николай Изебаевпен жүздесті. 54 жасқа келген Николай Изебаев Ауған жерінде 10 жылға созылған қанды шайқаста сан мәрте ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында кенттер мен ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынып отыр. Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісін аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев бастап шықты. Жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізіліп, Атакент кентінде жастардың белсенділігі бірден көзге түсті. ...

Толығырақ »

АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Түркістанда сырты ластанған автокөліктердің қозғалысы қатаң бақылануда. Көліктің ластығынан мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін оқи алмайтындай жағдайда болса, көлік иелеріне айыппұл салынады, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілеме жасаған DIDARBEK.KZ . Әсіресе құрылыс алаңдарынан шығатын жүк көліктері мен автобетон араластыратын машиналарға полицейлер қырағылық танытуда. Көліктердің доңғалақтары мен корпусы балшықтан тазартылған болуы керек. Құрылыс нысандары көлік жуатын жабдықтармен қамтылып, үлкен жүк ...

Толығырақ »

БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ

Өткен жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин салдарына қарамастан, Бәйдібек ауданында да барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды.  16 миллиард теңгені құраған аудан бюджетінің кіріс бөлігі 100,3 пайызға орындалып, шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді. Бюджеттік мекемелерде еңбек ақы мен коммуналдық төлемдерге қарыз жоқ. Бұл мәліметтер аудан әкімінің қорытынды есебінде айтылды. Мұндай ілкімді істер аймақтың одан ...

Толығырақ »

ҚАРАПАЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕР ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ДЕГЕН СЕНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес елімізде жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Түркістан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалған Мақсат Шамансұрұлы Исаев бүгін Отырар ауданына арнайы іссапармен келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Алдымен Шілік, ...

Толығырақ »

АУҒАН ҚАСІРЕТІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

15-ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күн. Он жылға созылған майданға Ордабасы ауданынан 100-ге жуық сарбаз қатысқан. Оның біреуі Отан алдындағы борышын өтеу барысында қаза тапқан. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында Ауған соғысының 75 ардагері бар. Ауған қасіреті ұмытылмайды! Отан алдындағы антқа адал, намысқа берік ардагерлеріміздің өмір жолы жастарымызды отансүйгіштікке баулитын өнегелі мектеп екені ақиқат. Ауған соғысының ардагерлері Екінші дүниежүзілік ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана, Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа ұран болып келеді. Жетісай ауданында «Ерлік мәңгі – ел жадында» айдарымен орталық саябақта өткен іс-шара ауған соғысында ...

Толығырақ »

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті. Дәурен Сәбитұлының мәлімдеуінше, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 35 миллиард теңгеге жетіп, өсімі 42,8%-ды құрап отыр. 2019 жылы 24,5 миллиард теңге болған. Сондай-ақ, 2020 жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындары 33 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен ...

Толығырақ »

БҮГІНГІ БОЙЖЕТКЕН — БОЛАШАҚ ҰЛТТЫҢ АНАСЫ

Қыз бала қызғалдақ сияқты, оның тамыры ата-анасының үйінде нәр алып, сабағы сүйген жарының жанында бүр жарып, гүлі ана болған кезінде ашылады. Қазіргі қыз – ертеңгі ұлттың анасы. Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Кентау колледжінде кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының психологы Асем Далдекеева «Қыз баланың тәрбиесі», «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыптарында сөз қозғап, жастықтың дәмін татпай жатып, зарын тартатын ...

Толығырақ »

ЖАҢА ДЕМАЛЫС КЕШЕНДЕРІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында облыс әкімінің бастамасымен «Қасқасу туристік — рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған. Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың ...

Толығырақ »

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Түркістан облысы әкімі аппараты, Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметкерлермен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және оны бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткен жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала мен ауылдық округ аппаратының қызметкерлері, барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиында қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі ...

Толығырақ »

АДАМ ӨМІРІН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сарыағаш аудандық ХҚО бөлім басшысының орынбасары Камилов Талғат Бағдатұлы поезд өткеліндегі көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жігітті өлімнен арашалап қалды. Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай полиция автокөліктерін, жиналып қалған жұртты байқап жақындағанда, көпірден секіргелі тұрған жігітті көріп бірден көмекке ұмтылған. «Мен досымның көлігімен үйге қарай келе жатқанмын. Бір ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Осы орайда, Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Қанайұлы бастама көтеріп, көктемі ерте келетін ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Арыс қаласына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Иманқұлов Нұрбақыт, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Шонбасов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ибадуллаев Мәди, сондай-ақ қаржы мекемелерінің басшылары арнайы іссапармен келді. Алдымен Мейіржан Иябайұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлерге шағын бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында «Бизнестің ...

Толығырақ »

МЕН ӨМІРІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН!

Мұқағали Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз – шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар ...

Толығырақ »