Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 73)

Ауыл жаңалықтары

ДҮКЕНДЕРДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІ

Түркістан облысы полицейлері дүкендерде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жеке кәсіпкер, жергілікті 2 тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың дүкендерінен азық-түлік пен киім-кешектерін белгісіз әйел ұрлап кеткен. Төлебилік полицейлер осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Камераларды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде жұмысымен ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздар марапатталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы елімізде «Covid-19″ вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында талмай еңбек еткен мектеп мұғалімдерін қабылдап, ұстаздар қауымына алғысын білдірді. «Құрметті ұстаздар, сіздер карантин кезінде өздеріңіздің үздік іс-тәжірбиелеріңізбен біліктіліктеріңізді ұштастыра білдіңіздер. Төтенше жағдайға байланысты қабылданған білім беру әдісін меңгеріп, тиісті деңгейде атқарып ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылып, халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнатуда. Мәселен, Келес АПБ Көші-қон полиция тобының инспекторлары полиция капитаны Сәкен Сәрсенбаев пен Жанболат Рахимовтар аудандағы карантин режимі енгізілген уақытта жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет түрін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, ауданның егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы ...

Толығырақ »

АТА-АНАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ

Түркістан облысының полицейі базардан 3 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 27.05.2020 жылы шамамен таңғы сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей ару 3 жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай ...

Толығырақ »

ЖОҒАЛҒАН МАЛДАР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен 1 шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қазіргі таңда Төлеби ауданы  Зертас ауылдық округінде әлеуметтік — экономикалық дамуына ықпалын тигізетін бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі — ЖК «Жанузаков Б» кіші май цехы. Аталған цехта 8 адам тұрақты жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта тәулігіне 700 литр сұйық май, 3 тонна мал азығын өңдеп шығарады. Ағымдағы жылдың күз мезгілінде өнімділікті арттырып, тәулігіне 5 тонна сұйық май, 20 тонна мал ...

Толығырақ »

МІНЕЗГЕ БАЙ, АСЫЛ АЗАМАТ ЕДІ

Аманбайұлы Ерсұлтан 1919 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шәуілдір (қазіргі Отырар) ауданында дүниеге келген. 1930-1936 жылдары «Кеңес» бастауыш және Жамбыл атындағы мектептерінде оқып, 7-жылдық білім алды. 1936 жылы Қызылорда қаласындағы мұғалімдер училищесіне түсіп, 1939 жылы бітірді. Сол жылы Қызылорда қаласынан Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 1939-1941 жылдар аралығында Забайкал әскери округінде Отан алдындағы азаматтық борышын атқарған. 1941 жылғы мамыр ...

Толығырақ »

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті «Сапалы жол» жобалық кеңсесі аясында Бәйдібек ауданындағы мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту. Жолдардың ...

Толығырақ »

ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда. Аталған бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі «Жубаев» шаруа қожалығы 6 га жерге қарбыз, қызанақ, қияр дақылдарын еккен. Тамыз айында дақылдар алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Айта кетері, егістікте 2-ші өнімге күздік картоп егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар округтегі «Сенбек» шаруа қожалығында да бірқатар жұмыстар ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ ЗОР

Бүгінде еліміз бойынша басқару құрылымдары неғұрлым қарапайым жұмыс үлгісін таңдап, тұрғындарға ашық форматта қызмет көрсететін «Open space» үлгісіне көшуде. Бұл — халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін бірден-бір тиімді бастама. Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықтың билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында ел аумағында жаңа форматтағы халықтық кеңселер жергілікті әкімдіктер мен полиция, ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА ШАҚЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облысқа қарасты Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесу өткізді. Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген келелі басқосуға Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Парасатты қоғамды қалыптастырудың негізгі тетіктері ортаға салынған ...

Толығырақ »

ҮШ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп жатқан жылыжай жұмысымен танысты. Жамбыл ауылының тұрғыны, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен өткен жылы жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген. Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. ...

Толығырақ »

МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай, 2020 жылғы 17 сәуір және 26 мамыр аралығында «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы өткізілді. Республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауына республикамыздың басқа да облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, өтініш білдірген. Жалпы байқауға 87 жас қаламгерлер қатысып, топтан жарып ...

Толығырақ »

ЕКІНШІ МӘРТЕ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖЕТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, деп жазады «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді ...

Толығырақ »

ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан су шайған үйлер бой көтеруде. Апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, бүгінде 28-нің іргетасы қаланған. Құрылысшылар бірнеше үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткен. Жергілікті деңдейдегі төтенше жағдай салдарынан қиындыққа кез болған тұрғындар көп ұзамай баспаналарына қайта оралатын болады. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді. «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен ...

Толығырақ »

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Шараның мақсаты- топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту. Дәл қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға ...

Толығырақ »

НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАДЫ

Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша төрт жүздей адам бизнестің қыр-сырын меңгерді. Жеке ісін ашуға талаптанған аудан тұрғындарына барлығы 1 млрд 343 миллион теңге несие берілді. Несие алып кәсібін бастаған азаматтар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыр. Соның ішінде жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет ...

Толығырақ »

ШІЛІКТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шілік ауыл округі әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылардың отырысы өтті. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңы аясында өткен таңдаушылар отырысына 13 сайлау округтерінен сайланған аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жиын басталмас бұрын аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов сөз алып, №12 Жамбыл сайлау округінен депутат болып сайланған, мәслихат сессиялары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТТЫ

Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР-ның тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Одан бөлек, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында автобус пен облыс орталығы Түркістан қаласындағы аялдамаларда, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда 200-ге жуық медициналық бетперделерді тегін тарату бойынша акция өткізді. Сақшылар базар аумағын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын ...

Толығырақ »

ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ АНАСЫНА ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысы полицейлері жоғалған баланы тауып, анасына тапсырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Әйелдің айтуынша, ол есік алдында ойнап жүрген 8 жасар ұлын жоғалтып алған. Өздері іздеп таппаған соң, полицейлерге хабарласып, белгісіз бағытқа кетіп қалған ұлын тауып беруге көмек сұраған. Аталған жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді ...

Толығырақ »

АЛТЫ ТОННА ТАУАРДЫ ТӘРКІЛЕДІ

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді заңсыз алып өтпек болған бірнеше әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен кезде жүк көліктерін бос деп көрсеткен. Алайда кедендік тексеру кезінде ведомство қызметкерлері автокөліктерден азық-түлік пен әртүрлі заттарды тапқан. Онда 137 ...

Толығырақ »

РАҚМЕТ САҒАН, ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ!

«Рақмет саған, жүректі азамат!» шын жүректен алғыс ретінде айтылған бұл сөзді Мақтаарал ауданындағы А.Фердауси мектебінің директоры Жанар Мамырова ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековке және полицейлерге арнап, өзінің парақшасына салды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша 26.05.2020 жылы көлік айдап келе жатып, мазасы қаша бастайды. Содан діттеген жеріне жетіп алайын деп, басы айналып, көзі ...

Толығырақ »

МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығына қатысты күдіктілерді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығы болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, белгісіз тұлғалар түнгі уақытта тұрғын-үйінің жанындағы қорасына жасырын кіріп, байлаулы тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1 бабы «мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру ...

Толығырақ »

ҚҰБЫР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында «АБН Альянс» ЖШС-ң полиэтиленді труба шығару цехі өз жұмысын бастады. Жобаның құны 600 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы. Онда бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізіп, жобаны ...

Толығырақ »