Зиябеков Оразбек 1922 жылы 31 желтоқсанда бұрынғы Арыс, қазіргі Ордабасы ауданы Тоқсансай ауылында туылған. Өзінің қайтпас қайсар мінезі, Отанға деген патриоттық сезімінің арқасында соғыста да еңбекте де озат болды. «Социализм» қалқозында жұмыс істеп жүрген кезінде 1941-жылғы 12-желтоқсан айында қызыл Армия қатарына шақыртылып, майдан шебіне аттанады. 1941 жылғы Гитлер КСРО-ға шабуыл жасап соғыс ашқанынан бастап, аяғына дейін қатысты. Смоленск бағытындағы Калинин ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
АУЫЛДАСТАРЫ ҮЙ АЛЫП БЕРДІ
Келес ауданы, Бозай ауылдық округінен 1941-1945 жылдар аралығындағы ІІ-дүниежүзілік соғысқа Грибанов Петро Афанасович аттанып, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып, батыр атағымен елге оралған болатын. Кейіннен Сарыағаш ауданының құрметті азаматы атағы берілді. Петро Афанасовичтің қызы Татияна Грибанова Бозай ауылында ұстаздық етіп, талай шәкірт тәрбиелеп, елдің ыстық ықыласына бөленіп, елге қадірлі отбасы болған. Петро Афанасовичтің артында 4 ұл, 3 қыз қалған. Ұлдарының бірі ...
Толығырақ »ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ЖАУҺАРЫ
Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Кентау қаласында болып, қала әкімі Даурен Махажановпен Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталы. Жалпы ауданы 230 га жер телімі анықталып, оның 50 га ...
Толығырақ »ЖЫЛЫЖАЙДА ЖҰМЫС КӨП
Ордабасы ауданы жері құнарлы, табиғаты тамаша аймақтар қатарында. Сондықтан мұнда диқаншылық кәсіпті өркендетуге мүмкіндіктер көп. Алайда, көптеген жергілікті кәсіпкерлер бау – бақша егу үшін көктем мезгілін күтпей-ақ, жылыжай салып, оны жыл он екі ай өсірумен айналысуда. Бұл кәсіп бүгінде өзінің жан жақты тиіміділігін көрсетуде. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Атабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Аудандағы жылыжаймен айналысатын шаруашылықтың бірі ...
Толығырақ »КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Селектор отырысында «Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы» туралы Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев баяндама жасады. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Құрметті Үкімет мүшелері! СЛАИД – 1. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында егістік жердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Ағымдағы жылы 31,6 мың га парға айдалса, ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға орналастырылады. Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, ...
Толығырақ »ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Мақтаарал ауданындағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстары басталды. Осы мақсатта Мақтаарал ауданына Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 243,6 тонна мақта шиті жеткізілді. Оның 15-і чизель агрегаты болса,11- жүйек аралық қопсытқыш, 14-і дән сепкіш (сеялка) тракторлары, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудан аумағына кірген техникалар ...
Толығырақ »ҚАРБЫЗДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛДІ
Нағыз жаздың нышаны… Облыста қарбыз пісті. Жетісайлық шаруалар алғашқы өнімді ел аумағынан бөлек, Ресей асырып үлгерді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданында ауылшаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал 2819 гектарға қарбыз егілген. Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының ...
Толығырақ »ЗАҢСЫЗ ТАУАРЛАР ТӘРКІЛЕНДІ
Түркістан облысындағы кеден бекеттерінде 1 ай көлемінде 64 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленген. Бұл жөнінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдейді. Аталған жайт бойынша бүгінгі таңда «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері алдымен «Сарыағаш» стансасында теміржол вагонынан жеңіл автокөліктерге арналған 954 дана шинаны анықтаған. Олардың жалпы құны 34 млн теңгеден ...
Толығырақ »ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫН
Арыс қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Қадырбектің төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам аумағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Ш.Талиповтың ұсынысы негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтау, жер заңнамасындағы бұзушылықтарды болдырмау және ...
Толығырақ »БАҒБАНДАР БАУДЫҢ ПАЙДАСЫН КӨРУДЕ
Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбандары өрік бауының алғашқы өнімдерін ала бастады. Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-гі биыл 30 гектар өрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім аламыз деп отыр, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аталған қожалықта бүгінде жалпы көлемі 650 гектар қарқынды бау жайқалып тұр. Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын ...
Толығырақ »МАРХАББАТ БАЙҒҰТ 75 ЖАСТА
Күні кеше жазушы, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Мархабат Байғұт 75 жасқа толды. Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жазушының шаңырағына арнайы барып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтауын жеткізді. Дүниені дүрліктірген пандемия салдарынан бұл мерейтойды өз шаңырағында ғана атап өтіп жатқан Мархаббат Байғұт облыс басшысының ықыласына ризашылығын білдірді. «Қалың көпшілік сізді ...
Толығырақ »ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ
Түркістан облысы полицейлері дәріхана сатушысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, Сарыағаш қаласында орналасқан дәріханалардың бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша «Самсунг» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 000-ге жуық теңгені құрады. Аталған арыз Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі ...
Толығырақ »ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ
Блок-бекетте полицейлерге қарсылық көрсеткен тұрғын анықталды. Түркістан ҚПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары облысымызға енгізілген карантинге байланысты Түркістан қаласында орналасқан блок-бекеттерде әрбір өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осындай кезекті қызмет атқару барысында блок-бекетте тұрған полицейлер «Лексус» маркалы автокөлігін тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі полицейге қарсы түрлі жаман сөздер айтып, балағаттай бастайды. Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін ...
Толығырақ »САЙРАМНЫҢ ҚҰЛПЫНАЙЫ
Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек кезінде сатылымға шықты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Аудандағы «Камран» шаруа қожалығы құлпынай, таңқурай, картоп өсірумен және мал бордақылаумен айналысады. Диқандар құлпынайды дер кезінде сатуда қиындық болмағанын, тек ауа-райының қолайсыздығынан ...
Толығырақ »ОНЛАЙН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
2020 жылдың 24 сәуір-14 мамыр аралағында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен #Үйдебол челленджі аясында, балалардың үйдегі уақытын тиімді пайдалану мақсатында #Balalarmen_birge байқауы мен туған жерге деген патриоттық сезімді ояту, өңіріміздің тұмса табиғатын насихаттау мақсатында «Ауылым – алтын тұғырым» атты қос байқау ұйымдастырылған болатын. Бұл ретте мамыр айының басында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты доданы қорытындылау уақыты кейінге шегерілген. Қазіргі уақытқа дейін ...
Толығырақ »СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ӨТТІ
Түркістан облысында еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау ерекше форматта, яғни қашықтықтан өтті. Ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайынғы үрдіс келесі оқу жылдарының еншісіне қалдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам ...
Толығырақ »АЛТЫН ҰЯЛАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ
ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР! Соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Өткен жылы ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды ...
Толығырақ »ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ
Халықаралық отбасы күнінің орай Жетісай АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері жақсылық жасап, игі іске ұйытқы болды. Шымкент қаласы ІІД ЖППП-де қызмет атқарып, қызмет бабында қайтыс болған Нуржан Алтынбековтың жұбайы Жетісай қаласының тұрғыны Меруерт Укиеваны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды тарту етті. Нұржан Алтынбек 2007 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальон қызметінің ...
Толығырақ »ЖОҒАЛҒАН ЕКІ ЖАСӨСПІРІМДІ ТАПТЫ
Түркістан облысының полицейлері ізін суытпай жоғалған екі жасөспірімді тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған екі баласын жоғалтып алғаны жөнінде хабарлайды. Балалардың анасы, кешкі уақытта үйінің жанында яғни Атакент кенті көшелерінің бірінде ойнап жүрген балалары белгісіз бағытқа кетіп қалғанын көрсетті. Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен ...
Толығырақ »КӨКНАР ЕГІСТІГІН ЖОЙДЫ
Түркістан облысының полицейлері кезекті көкнар егістігін жойды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ауыл тұрғынының ауласынан құрамында есірткі заты бар заңсыз егілген өсімдікті анықтаған болатын. Ол бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің бау-бақшасынан 220-нан астам көкнарға ұқсас есірткі өсімдіктері табылған. Сондай-ақ, айғақты ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Бүгін, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков брифинг өткізіп, Түркістан облысының полицейлері 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғанын атап өтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Генерал Қайрат Дәлбековтің айтуынша, Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция қызеткерлері, яғни жедел уәкілдер Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
Түркістан облысы Мақтарал ауданына «Niyet Charitable Foundation» қорының көмегі келіп жетті. Мақтааралдағы топан су салдарын жоюға тұтас қоғам атсалысып жатыр. Игі істен шет қалмаған «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры да тұрғындарға көмек қолын созды. Аталған қор мен «Nur Otan» партиясы арасында жасалған Меморандумда қайырымдылық іс-шараларын бірлесе атқару жөнінде келісім бар. Осыған сәйкес, аталған қор өкілдері «Біз біргеміз» акциясы және «Игі істер» ...
Толығырақ »20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың ...
Толығырақ »БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған. Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр. Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды. Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ ...
Толығырақ »