Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 79)

Ауыл жаңалықтары

КӨПІРЛЕР БІР ТӘУЛІКТЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтің мәлімдеуінше, қайта қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде ...

Толығырақ »

СОТТА БРИФИНГ ӨТТІ

Әлемді алаңдатқан жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын таралуын тежеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілді. Қаламызда жедел түрде коронавирусты алдын-алу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Полиция, медицина және әскери күштерді мобилизацияланып, қаланың кіре-беріс жерлеріне блок-посттар құрылған болатын. Қала аумағында инфекцияның алғашқы ошағы анықталысымен карантиннің күшейтілген түрі мен маскалық ...

Толығырақ »

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ...

Толығырақ »

СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының полицейлері су басу салдарын жоюға қатысуда. 13.05.2020 жылы сағат шамамен 17:00-де қатты жауған жауын-шашынға байланысты Түркістан облысындағы 4 үйді, 376 аула мен іргелес аумақты, сондай-ақ облыстың 5 ауданындағы көпірлерді су басу жайты орын алды. Халықты көшіруге және су басу салдарын жоюға Түркістан облысы Полиция департаментінің 114 қызметкер мен 22 бірлік техника, сондай-ақ Төтенше жағдай департаментінің 242 қызметкері, 16 ...

Толығырақ »

«МАҚТААРАЛ ТӘЖІРИБЕСІ» ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛДЫ

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. «Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. ...

Толығырақ »

ҮШ АУДАНДА СЕЛ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛДЫ

13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су ...

Толығырақ »

ӨЗЕНДЕР АРНАСЫНАН АСУДА

Түркістан облысында нөсер жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асуда. Осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр ...

Толығырақ »

ҚАСҚАСУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Барлығы 15 текше метр су сорылды. Департаментте ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жасаған сапары барысында Атакент ауылында волонтерлармен кездесіп, жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді, деп жазады «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан ...

Толығырақ »

БАЙБЕК МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда ...

Толығырақ »

10 ОТБАСЫН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын табуда. Бүгін аталған акция сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында жалғасып, 10 отбасын қуанышқа кенелтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аудан орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын берді. — Елдегі төтенше жағдайды ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

Апат айтып келмейді. Тосыннан болған су тасқыны Мақтаарал ауданының тұрғындарын барынан айырды. Төрт түлігі мен дүние мүлкі су астында қалып, үйлері үйме топыраққа айналды. Дегенмен, мемлекеттік қолдаудың аясында бүгінде ел халқы еңсесін көтеріп келеді. Бүгінде көпшілік ел басынан күн туғанда қолдау білдірген сала мамандарына алғыстарын айтуда. Әсіресе, тәулік бойы қырағы қызметімен көрінген полиция қызметкерлеріне деген жергілікті тұрғындардың ризашылықтары жоғары. — ...

Толығырақ »

КҮНІНЕ 10 000 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІЛУДЕ

Ордабасы ауданының әкімі алдымен ауданына қарасыты Бөржар елді мекенінде орналасқан «Green town south» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС — нің жұмысымен толықтай танысты. «Green town south» ЖШС — қарқынды технологияны қолдану әдісімен бау егу арқылы жылына — 1000 тн «Голден Делишес», «Роял Гала» алма өнімдерін өндіре отырып, 18 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Александровский сад» ЖШС — 17 гектар жерге жаңа технологиямен ...

Толығырақ »

150-ДЕН АСТАМ ЖАЙТ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 150-ден астам есірткіге қатысты жайтты анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және ПД-нің аудандық құрылымдарының полицейлері 2020 жылдың 4 айдан астам уақыт аралығында 153 есірткіге байланысты жайттарды анықтады. Оның ішінде 63-і есірткі қылмысы болса, 90-ы теріс қылықтар және Қазақстан Республикасы ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы нөсер жауынның салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат. 2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде (2 үй, 1 емхана, 1 ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2020 жылғы 13 мамыр күні 20:00 сағат шамасында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқиға орнына аудан әкімі Е.Шәріпбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері барып, ауылға кірген суды өзен арнасына бұрып, түсірді. Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағы ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА

13.05.2020ж. сағат 21.45 шамаларында, Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген. Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс ...

Толығырақ »

ҮШІНШІ РЕТ ӨНІМ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ 

Жетісай ауданының шаруа қожалықтары жылыжайдан үшінші рет өнім алу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді. Сондай жылы жайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару ...

Толығырақ »

120 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан орталық қоймада 608 тонна азық-түлік жиналған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бүгінде оның 126 тоннасы үлестірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар. Бұдан бөлек, ...

Толығырақ »

114 НАУҚАС ЖАЗЫЛДЫ

13 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атакент кентінің 1992 жылғы тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі. 26-шы сәуір күні Қазан қаласынан оралған. Айтуынша, Қазан қаласынан Атакентке дейін жалғыз өзі келген. Дәл сол күні дереу Атакенттегі обсервациялық орталыққа жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Қазіргі таңда жастардың, соның ішінде түрлі этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығы қуантады. Жастар әрқашан бос уақыттарын тиімді өткізеді. Соның бір дәлелі мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, өнерлі қыз — Вероника. Мирзаханова Вероника — 2003 жылдың 21 қаңтарында Кентау қаласында дүниеге келген.          М. Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы. Сабақ үлгерімі озат, тәртібі жақсы. Ұлты орыс ...

Толығырақ »

ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...

Толығырақ »