Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 90)

Ауыл жаңалықтары

МАМЫРДА 120 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамту ісі жыл санап жанданып келеді. Соның айғағы ретінде ауданда алдағы мамыр айының аяғында 120 пәтерлі көпбатты 3 тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Аталған үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына қарасты Бағыспаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында бой көтеруде, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МАХАЛ ПОЛАТБЕКОВ

Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандасымыз Махал Полатбеков 1924-жылғы 24-мамырда қазіргі Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында туылған. 1932-1942 жылдары мектепте оқыды. 1942-1945 жылдары Қызыл Армия сапында қызмет етіп, елге Ұлы Отан соғысы біткен соң оралды. 1945-1949 жылдары Тәшкент облысы, Ленин ауданында №109 мектепте әскери жетекші, директордың орынбасары, қазіргі Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылына қоныс аударып, осындағы «Қызылжар» қалқозы басқармасы төрағасының ...

Толығырақ »

6 МЫҢНАН АСТАМ ДАЙЫН ҚҰЖАТЫН АЛДЫ

Түркістандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен азаматтар 6 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін. Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша ...

Толығырақ »

САЙРАМДА 13 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Төтенше жағдай режимінде аудан аумағында жол қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауданға және елді мекендерге кіріп-шығу жолдарында санитарлық 12 блокбекет орналастырылып, 1 обсервация госпиталі жұмыс атқаруда: Ақсукент ауылындағы Қарабұлақ тасжолында «Ақсукент» бекеті, Манкент аулындағы «Манкент», Қарасу ауылындағы «Мәртөбе», Ақбастау ауылындағы «Ақбастау», Қарабұлақ ауылындағы «Қарабұлақ», Қожақорған аулындағы «Қожақорған», Көлкент ауылындағы «Қосбұлақ», Әсіл ауылындағы «Әсіл», ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Садібековтен ақсақалдар ардагерлерге арналған кеңсе мәселесін шешіп беруді өтінген-ді. Аудан басшысы бұл мәселені уақыт созбай қолға алды. Ардагерлердің айтуынша, Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Ардагерлер үйі» кеңсесі жылға жуық уақыт жабық тұрған. Наурыз айында аудан басшысы орталықтағы кеңсенің жағдайын көрді. Республикалық ардагерлер ұжымы қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалы төрағасы Әлібек Байназаровтан мән-жайды толық тыңдап, аудандық құрылыс ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Елімізде жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылған, яғни карантин аяқталғанша емханалар пациенттерді тек шұғыл жағдайда қабылдайды. Карантинге қарамастан емхана жаңа режимге көшті. Жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін аптасына 6 күн, яғни, сенбіде де жұмыс істейді. Дегенмен мамандар келушілерді «таза» және «лас» деп екі топқа бөледі. Қызметкерлер азаматтарды тепловизормен тексеріп, дене қызуы жоғары пациенттерді бөлек есіктен фильтр кабинетіне жібереді. Ал өзге науқастар ...

Толығырақ »

6 БІЛІМ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛУЫНУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 6 білім беру мекемесі жанынан қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Түлкібас ауданында карантин режиміне қарамастан халық игілігіне қажетті нысандарының құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, өткен жылы 5 мектептің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ КӨРКЕЮІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан аумағындағы көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайларын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстардың барысын тексерді. Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген болатын. Оларға жауапты болып облыстың барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары бекітілген. Жыл басынан бері қызу жүріп жатқан жұмыстардың басым бөлігі демеушілердің есебінен жүзеге асып жатыр. Қала көшелері күл-қоқыстан тазартылып, ағаш отырғызылып, ...

Толығырақ »

КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінге дейін егістік алқапқа аса қажетті ағын су Жетісай ауданы бойынша үлкен мәселе болып келгені жасырын емес. Оған себеп жер еміп, нәпақа тауып келген шаруаларға су жеткізетін негізгі каналдар мен ішкі су жүйелерінің ұлтандары май топырақ пен шөп-шалаңнан дер кезінде толық тазаланбай келуі. Бүгінде елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылданған карантиндік режимге қарамастан аудандағы ағын су тапшылығын жойып, суармалы жерлердің тиімділігін ...

Толығырақ »

5168 ОТБАСЫНА 50 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

Түркістан қаласында тағы 5168 отбасына 50 мың теңге көмек аударылды. Тағы дейтін себебіміз, осыдан екі аптадай бұрын 4903 отбасы осы көмекті алған болатын. Сөйтіп облыс орталығында қаржылай қолдау алған отбасылар саны 10071-ге жетті. Айтып өтейік, аталған қаржы Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорыне кәсіпкерлер тарапынан жиналған қаржы есебінен үлестіріліп отыр., деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ИГІ ІСТЕР – ЖАНҒА ЖЫЛУ СЫЙЛАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа жасаған соңғы мәлімдемесінде қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатынын, мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтынын атап өткен болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірдегі «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге облыс орталығында орналасқан мүгедек және жалғыз басты көпбалалы отбасыларға ең қажетті азық-түлік тауарларын үйлестірді. Аталған шара бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАНҒА АЛЛЕЯ ТАРТУ ЕТПЕК

Облыс орталығы Түркістанды түлету бағытында қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп, барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның 16- шы секторы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданы және Түркістан қалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген болатын. Аталған 16-шы секторда «Яссы»,» Баянауыл», «Қарашық» мөлтек аудандары орналасқан. Сектор бойынша жалпы жер көлемі 850 гектарды құраса, ал үйлердің саны – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Алдағы уақытта өзімізден шыққан отандық өнімді, яғни Түркістан облысында жасалған көлік құралын мінуіңіз әбден мүмкін. Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі — «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ҮШІН ТИІМДІ АЙМАҚ

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд. теңге инвестиция салынған. Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу ...

Толығырақ »

БАНК БАСШЫЛАРЫМЕН АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен төтенше жағдай кезінде банктердің зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер беруге дайындығын тексеру мақсатында кезекті жиын өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жиында қала көлемінде облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес төтенше жағдайдың күшейтілген түрі енгізілгендігіне байланысты банктер мен банкоматтарда азаматтардың ...

Толығырақ »

100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Сарыағаш ауданында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар ауданда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Рамазан айындағы игілікті істен аудандық мәслихаттың депутаты да шет қалған жоқ. Бүгін Елбасының бастамасымен қолға алынған «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында аудандық ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУДІ ЖҮКТЕДІ

Түркістан облысында сақтық шараларын сақтай отырып кей құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тәулік бойы жүргізуге болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһар құрылысшыларымен кездесуінде атап өтті. Облыс әкімі бастаған жауапты сала басшылары облыс орталығындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап көрді. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды. Салынып жатқан нысандарды аралап, сапасына баса назар аударды. ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға азық-түлік тауарларын үйіне дейін жеткізіліп берілуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Мұндай игі істі «Түркістан» ӘКК» АҚ азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып келеді. Кез- келген азамат қажетті азық-түлік және басқада тауарларға байланыс телефондары немесе «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс бере алады. (Байланыс телефондары: ЖК «Али» – ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ШАРАПАТЫ МОЛ

Түркістан облысында экспортқа бағдарланған «Standard Petroleum» ЖШС мұнай өңдеу зауыты бой көтереді.  Жаңа зауыт Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ. Экспорт көлемі жылына 2 млн ақш долларын құрайды деп күтілуде. Жоба ясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы құны 95 млрд. теңгені құрайды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жалпы 2020-2021 жылдары ...

Толығырақ »

БИЫЛ 65684 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛМЕК

Түркістан облысы Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биылғы жоспарға сай ауданда егілетін егіс көлемі үйіргелік жерлерді қоса есептегенде 65684 гектарға жетіп отыр. Бұл жұмыстарға 2340 тонна жанар-жағар май бөлініп, ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда. Атап айтсақ, бүгінгі таңда аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 201 соқа, 578 доңғалақты техника, 318 тырма және 139 дән сепкіш тартылған. ...

Толығырақ »

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Төтенше жағдай режимі облыс аумағындағы барлық аудан-ауылдарда да қатаң сақталуы қажет. Себебі, тәртіп баршаға бірдей. Сол себепті Шардара ауданында бүгінде бақылау күшейтілді. Тұрғындардың себепсіз қала аумағында жүруіне қатаң тиым салынуда. Ескертуді ескермеген азаматтар әкімшілік жазаға тартылады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тұрғындарға қажетті азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, медициналық мекемелерге шығуына рұқсат етілген. Оның ішінде дүкендер ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Мектепті 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер қайырымды іс жасап, ауылдастарын қуантты. Үлгі тұтарлық іс! Түркістан облысы, Шардара ауданы Қызыл құм ауылдық округіндегі орта мектептің 2000 жылдық түлектері елдегі төтенше жағдайды ескеріп, мамыр айына жоспарлаған 20 жылдық кештен бас тартуды жөн санады. «Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты біз сыныптастарымызбен ақылдаса келе, бірауыздан осындай шешімге келдік. Биылға жоспарлап қойған 20 жылдық кештен ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ ҚАТАҢ САҚТАЛҒАН

Жетісай ауданы үшін көктем мезгілі нағыз қарбалас шақ. Күн ысып, жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастады. Жалпы Жетісай ауданында ауылшаруашылығы мақсатта пайдаланатын 78 мың гектар жер бар. Оның 48 мың гектарына мақта дақылы егіледі. Өнімін күз мезгілінде беретін мақтаны егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Жетісай ауданы ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында сауда үйінің кассирі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан егде жастағы әйел кешірім сұрады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 23.04.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне белгісіз азаматшаның азық-түлік сататын сауда үйінің кассирінен індет табылғандығын айтып таратқан аудиожазбасы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша СДТТБТ-ға ...

Толығырақ »