«Рамазан — мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға азық — түліктер үлестірілді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды.
Әр отбасыға жұмсалған қаржы он тоғыз мың теңгені құрайды. «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шара аясында әлеуеті әлжуаз топқа қолдау көрсетілді. Көпбалалы 100 отбасыға азық — түлік үлестірілді.
Мұсабек қажы Ақтамберді – имам
Игілікті іске ұйытқы болған атымтай жомарттар акция барысында əр отбасыға 5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, бір қап ұн, және гигиеналық заттар табыс етті. Ал, тұрғындар дән разы.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет бастамасымен жүзеге асқан шараның мән — маңызына тоқталды. Айта кету керек, «Орталық» мешіттің әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттен қорғаныш ретінде бетперде таратқаны ел есінде.
© DIDARBEK.kz