Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 117)

Қала тынысы

Шымкент қаласының шеткі елді мекендеріне жаңа қоғамдық көлік жүре бастады

«Бозарық» шағынауданына №171 бағытта 12 жаңа автобус жүре бастады, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бозарық» шағынауданындағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі, бүгіннен бастап аталған шағынауданға №171 бағытта су жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдай бастады. Жалпы бұл бағытта 12 автобус қызмет көрсетуде. Жаңа бағыттағы автобус «Бозарық» шағынауданынан Темір жол вокзалына дейін жүреді. Атап айтсақ, Бозарық – Еламан – ...

Толығырақ »

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен «Adilet group» арасындағы меморандум түзілді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент  қаласының «Adilet group» заң консультанттар палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі  өтті. Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамның экономикалық, әлеуметтік  және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, сонымен қатар, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Меморандум барысында Шымкент  қаласының «Adilet group» заң консультанттар палатасының төрағасы Ильясбек Джунусов азаматтарға заң аясында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық білім басқармасымен бірлесіп «Ақсу» лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесу өтті,  деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Іс-шараның мақсаты балаларды парасаттылық, адалдық және ашықтық негіздеріне үйрету болып табылады. Мектеп оқушыларымен тілдескен Шымкент ...

Толығырақ »

ҚҰРБАН АЙТ – МҰСЫЛМАН МЕРЕКЕСІ

Құрбан айт мейрамы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – заңмен қадағаланады. Ветеринар мамандар дайын еттің таза әрі сапалы болуын қамтамасыз етуді қолға алмақ. Ол үшін қаланың 8 нүктесінен мал сою бекеттері қарастырылған. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Құрбан айт – мұсылман мерекесі. Бұл мейрамда құрбандық шалып, Аллаға мінәжәт ету – уәжіп амал. Айтты қазақылығы сақталған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ШЕТІНДЕГІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» мен «Сәуле» шағынаудандары және «Текесу» тұрғын алабының халқымен кездесіп, инфрақұрылым мәселелерін талқылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тұрғындар қала басшысына ауыз су, абаттандыру, сапалы электрмен жабдықтау, жаңа мектеп салу секілді проблемаларын айтты. Е.Айтаханов кездесу барысында шеттегі елдімекендерді қалалық орта интеграциясына жақындату үшін жұмыс ...

Толығырақ »

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласының №1 клиникалық аурухана базасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді түсіндіру бойынша Штаб мәжілісі өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Б. Мамыталиев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқармарма төрағасы Жұмағұлов Айбатыр, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев және медициналық ұйымдардың бірінші басшылары мен жергілікті билік өкілдері қатысты. ...

Толығырақ »

Электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізгені үшін айыппұл қарастырылады

Соңғы уақытта Шымкент қаласында күзет аймағы шегінде ғимараттар, құрылыстар салу фактілері байқалуда, бұл электр энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзу болып табылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) электр желілері желілерінің күзет аймақтарында жұмыс ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев және имам орынбасарлары Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы келе жатқан «Құрбан айт» мерекесінің келуіне орай бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме қозғалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмрсеми сайтына  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қала басшысы өз сөзінде қазіргі уақыттағы дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі болған және көптің назарынан ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының ардагерлері қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесуге келді

Жаңа  тағайындалған қала әкімінің жұмысына сәттілік тілей келген ел ағалары өз тараптарынан тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Әңгіме барысында қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттыру және қала мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, қала әкімі арнайы келген ел ағаларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. «Мемлекет басшысы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА 390 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады. ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады. Бұл туралы Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ: ШАҒЫНАУДАНДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың қала аудандарын аралауы жалғасуда. Әкім Абай ауданындағы Жаңаталап, Игілік тұрғын алабтарының инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық көлік, ауыз су, газбен және сапалы электр жарығымен қамту сынды мәселелерін тыңдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тұрғындар көтерген мәселе орынды екенін айтқан қала әкімі қала бюджеті бірінші кезекте шалғайдағы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ

Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері. «Жастар жылына орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ...

Толығырақ »

БАҚЫТ – БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІНДЕ

Бақыт – балалардың күлкісінде! Арыстық 70 баланы Жетісай аудандық әкімдігі жазғы лагерьге аттандырды. Мақсат – оқушылардың уақытын тиімді пайдаланып, естен кетпес жазғы демалыс ұйымдастыру еді. Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты оқушылардың тағы бір легі жазғы спорттық сауықтыру лагеріне аттанды. Еске салайық, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 220 оқушының 70-і Арыстық балақайлар. Олар Түлкібас ауданына қарасты Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде демалатын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясының жұмысымен танысты. Киностудия директоры Нуриддин Паттеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков депутатпен шығармашылық ой пікірлерімен, жаңа жобаларымен бөлісті. Айгүл Қапбарова биыл қабылданған ‘Кинематография туралы» заң киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халық үшін кино көру қызметінің қолжетімділігі мен отандық кино беделінің өсуі мен танылуы үшін заңнамалық негіз жасалғаны ...

Толығырақ »

Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мәдени астанасы

Бүгін Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесуге келді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа тағайындалған қала әкімінің жұмысына сәттілік тілей келген ел ағалары өз тараптарынан тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Әңгіме барысында қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттыру және қала мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, қала әкімі арнайы келген ел ...

Толығырақ »

Шымкентте қоғамдық көліктер көбеюде

Шымкентте тағы жаңа екі автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласының жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. «Shymkent» ӘКК» өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда. №113 автобустың жүру бағыты әкімшілік іскерлік орталығынан бастап — Нұрсәт-3 – №7 Емхана — Гимнастика мектебі – Нұрсәт – мәделі Қожа — ЦАХ – Кең баба аялдамасын қамтып, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған орай, барлық күш-жігер сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Осы тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің (Сыбайлас ...

Толығырақ »

«ТАЗА ТАМЫЗ» – ТАЗАРТАМЫЗ!

Шымкент қаласы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында 2019 жылдың 5 тамызы күні сағат 16:00-да Сұлтанбек Қожанов көшесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті рейд өтті. Рейд барысында жолда жүру ережелерін бұзған жүргізушілерді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ МЕЙКАТОН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкентте мейкатон байқауы ұйымдастырылмақ. Шараға Silkway халықаралық универсиетті мұрындық болып отыр. Оқу орнының қабырғасында мейкерлер 3 күн бойы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған прототипті жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Адамзат өмірін жеңілдетуге бағытталған инновациялық марафон бірнеше күнге жалғасады. «Мэйкерлер» және «Нидоуэрлер», яғни өнертапқыш жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамға аса қажет ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «Ормандағы болған оқиға ізмен» атты қуыршақ театрының қойылымы балаларды ...

Толығырақ »

ШЕШІЛМЕЙТІН ДАУ ЖОҚ!

Шешілмейтін дау жоқ. Кез келген мәселенің түйінін тарқатып, оң жолын табуға болады. Бұл туралы Түркістан облыстық және Түркістан қалалық сотының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде айтылды,деп хабарлайды облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Жиында Жоғарғы Сот тарапынан татуластыру рәсімдерін кеңінен танымал етудің жаңа әрі тиімді әдістері әзірленіп жатқандығы сөз болды. Енді алдағы уақытта еңбек дауын шешудің тың тәсілдері қолданысқа енеді. Осы ...

Толығырақ »

Дендрологиялық саябақтағы сенбілік

Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Бірге. Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік болып өтті. Оған Шымкент қаласы әкімі аппаратының 24 басқармасы мен 2 кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С. Жарылқасыновтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Бүкіл республика бойынша өтіп жатқан айтулы шараға бұл күні  700 – ге жуық мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды. Олар   мұндағы  59 гектар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «БАСТА» АТАУЫМЕН ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Бүгінде, ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлерді дамыту мен қолдауға бағытталған бірнеше жобаларды ұсынып келеді. Соның бірі — «БАСТА!» білім беру жобасы. Аталған бағдарлама халық арасында үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен жас кәсіпкерлерге арналған форум болып өтті. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С. Жарылқасыновтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетін ...

Толығырақ »

Күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерді шешу керек

Шымкент қаласындағы төрт ауданның әлеуметтік картасы жасалынатын болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов аппараттық жиналыста айтты. Жиналыстың күн тәртібінде қаралған басты мәселе – қалаға қосылған 41 елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында қала басшысы әр ауданды секторға бөліп, өзекті мәселелер көрсетілген әлеуметтік карта әзірлеуді салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды. Осылайша, Ерлан Қуанышұлы күрмеуі ...

Толығырақ »

«Qorgau» – халық көмекшісі

Шымкентте «qorgau» жобасы басталды, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі.  «Qorgau» – халық көмекшісі. Ол 200-ден астам өзекті тақырыпты қамтиды. Оның аясында тұрғындар тегін заңгерлік көмек алып, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыра алады. Жобаны аймақтық бөлімшелерін ашуды азаматтық сектордан, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қолға алған. Жанболат Жамантаев пен Сабира Байзақова миллионды қаладағы аталған жобаның үйлестірушілері. – Бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, оларға ...

Толығырақ »