«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Қазақстанның Бас мүфтиі Рамазан айының қарсаңында елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптары ескеріліп, қауіпсіздікті сақтау үшін ауызашар берудің орнына ораза ұстаған жандарға тамақ таратып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруге, оларға қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше ...
Толығырақ »Қала тынысы
МАЙДАНДА ДА, ТЫЛДА ДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН
Сұрапыл соғыстың оты өшіп, Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне, міне, 75 жыл толды. Бүгінгі ұрпақ үшін ол дүбірлі мереке болғанымен, бұл жеңістің өтеуі тым ауыр болғанын ұмытпауымыз керек. Миллиондаған майдангер фашистік Германиямен соғыста Отан үшін, бейбіт болашақ үшін жан беріп, жан алысты. Қан майданда от кешіп, мұз жастанған жауынгерлермен бірге тылдағы халық та күндіз-түні ауыр еңбектің азабын тартты. «Екінші майдан» атанған ...
Толығырақ »СЕКСЕН ЖЫЛ САҚТАЛҒАН ХАТТАР…
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Мереке жақындап қалған күндердің бірінде кабинетте қатарлас отыратын Жасұлан есімді жас маман: «Апай, бұл мереке біздің отбасындағы ең қадірлі мереке» деп бастады әңгімесін. Жыл сайын Жеңіс күні әулетіміздің ұрпақтары қала орталығындағы Даңқ Мемориалына барып, үлкен атамызға гүл шоқтарын қоямыз. Мақтаарал ауданынан соғысқа қатысқан жауынгерлер тізімінде Аманов Серғазы деген аты-жөні тұр. Үйде атамыздың майданнан жазған хаттары ...
Толығырақ »МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ — БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Бүгінде қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жалпы саны – 40. Қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан олардың әлеуметтік жағдайларына үнемі бақылау жасалады. Шымкент қаласының мәслихаты 75 жылдық мерейтойға орай Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 360 АЕК, яғни бір миллион теңге көлемінде сыйақы беру жөнінде шешім қабылдады. Ал тыл еңбеккерлеріне 33 мың теңгеден үлестіріледі. Сондай-ақ, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және ...
Толығырақ »ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР МА?
Бүгінде өзінің болашағына үлкен сеніммен қарайтын жастар шетелдерде білім алуды, Отанына, еліне қажетті мамандықтарды игеруді және басқа елдерден оң тәжірибе жинауға деген құштарлығын құптайды. Қазіргі күнде біздің елімізде жастардың «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында және әртүрлі гранттар мен ата-аналарының жеке қаражаты есебінен шетелдерде білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Көпқырлы мамандық игеру үшін бүгінде араб елдері мен Түркия, Пәкістан және тағы басқа ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ: «БІЗ ШЫҢДАЛЫП ШЫҒАМЫЗ!»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт газеті «Egemen Qazaqstan-ға» бүгінгі күннің ауқымды мәселелеріне арнап үлкен бір сұхбат берді. Оны басылым басшысы Дархан ҚЫДЫРӘЛІ алды. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқып алуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар. Ал, біз әңгіме барысында Мемлекет басшысы қозғаған негізгі тезистерге тоқталамыз. © Әсет Әссанди, DIDARBEK.kz порталының бас редакторы.
Толығырақ »БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ
Олар қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Олар өз бастарын қатерге тігіп, нартәуекелмен шешім қабылдайды. Олар бейбіт күнде «көрінбейтін жаумен» алысып, қабылдаған антына берік жандар. Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге арнап, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Facebook әлеуметтік желісінде «1» мамырдан «Есімің есте сақталған – ақ халатты абзал жан» атты арнайы акциясын бастады. Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің ...
Толығырақ »ЕСІРТКІ ПРИТОНЫ ТАБЫЛДЫ
22 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу және есірткі притонын ұйымдастыру бойынша күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған ғимарат табылды. Барлық айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҒДАЙЫ
2020 жылғы 4 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 285 274 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 274 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Толығырақ »НИКТО НЕ ЗАБЫТ, НИЧТО НЕ ЗАБЫТО
ШАЛЯ Анна, ветеран ВОВ ШАЛЯ Анна Федоровна родилась 12 июня 1923 года в ауле Вревского Арыского района. В 1941 году после окончания курсов телеграфистов служила в 40-ой армии в г.Воронеж. В качестве радиста служила в 40 армии. Участвовала в Воронежско-Курской операции. В 1944 году участвовала в освобождении Венгрии, Румынии и Чехословакии. После войны работала в организациях образования, районном совете депутатов ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: СӘРСЕН ӘБДІНҰРОВ
Әбдінұров Сәрсен Әбдінұрұлы 1922 жылдың 22 желтоқсанында Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында туған. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. 1-ші Украин майданының құрамында шайқасып, Берлинге дейін барды. Соғыс біткеннен кейін 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет етті. Елге оралған соң Кемербастау ауылдық почта байланысы бөлімшесінің бастығы, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ...
Толығырақ »ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК — ҚАНАТ БІТІРЕР
Оқушылар мен ұстаздар арасында алтын көпір орнатып, төтенше жағдай тұсында бірлік пен ынтымағын нығайтып, жігерлі жұмыстың нәтижелі болуын меңзеген алдымен басқарма басшысы Жанат Арысбекқызына алғыс білдіреміз. Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін еселеп еңбек еткен Ж.Тәжиева мұндай қиын кезеңде де өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Бас ұстаздың айтары бар …. Қайырлы күн! Құрметті аріптестер! Сіздерге 6.04-30.04 аралығындағы Bilimland.kz платформасындағы ОНЛАЙН МЕКТЕП жаңа ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАДЫР АТАЖАНОВ
Ұлы Отан соғысының ардегері Атажанов Қадыр Салжанұлы 1925 жылы Шымкент қаласында туған. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы шақырылып, Ашхабад қаласында әскери даярлықтан өтеді. Ол мұнда 18-ші округтік мергендер мектебінде оқиды. Алғашқы шайқасқа 1-ші Украин майданында қатысады. Қадыр Салжанұлы 179-шы дивизияның 514-ші полкында взвод командирі, аға сержант болып қызмет етті. Ұрыс алаңдарын минадан тазарту және миналау жұмыстарымен айналысты. Луцк, Торчин, Владимир ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: АБЫЛАЙ ҚАЗЫБАЕВ
Абылай Қазыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнарбұлақ ауылында 1925 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтті. 219-шы дивизияның 2-ші гвардиялық полкі құрамында Харьков, Ворошилов қалалары түбіндегі ұрыстарға қатысты. 4-Украин, 3-ші Белорус майдандарына қатысып, Севастополь қаласын, Латвия, Литваны азат етіп, Кенигсберг арқылы Берлинге дейін барып қайтты. Жеңістен соң 1946-1950 жылдары Пушкин, Ленинград, Москва және ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ ЕРГЕШОВ
Ғани Ергешов 1923 жылдың 12 мамырында дүниеге келген. 1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталған бойда Ғани қызыл әскер қатарына алынады. Оны алдымен Фрунзе қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға жіберді. Мұнда оқытудың жеделдетілген курсынан өткен соң 1941 жылдың қазан айында әскери ант қабылдады. Ал, 1942 жылы Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Шайқас кезінде Ғани Ергешов ауыр жарақат алып, госпиталға түсті. Ол туған ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМА АРҚЫЛЫ 23 884 ӨТІНІМ ТҮСКЕН
Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қазір барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр. ...
Толығырақ »100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру мақсатында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық шарасына «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты да атсалысты. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы төрт ауданмен, яғни Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімі нақтыланды. Осыған ...
Толығырақ »КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. 200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында ...
Толығырақ »АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. Жалпы, Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты мұндай ізгілікті істерге әрдайым мұрындық болып, аудан аумағындағы кәсіпкерлер, ерікті азаматтарды қайырымдылық жасауға ...
Толығырақ »АРНАЙЫ ТЕХНИКА КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ
Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді. Ауданда төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен Шымкент қаласынан арнайы техникалар көмекке жіберіле бастаған болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбековтың мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап тартып отырған ауданға көмек мұнымен тоқтамайды және шаһардан жіберіліп жатқан көмек Мақтаарал ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес қарастырылуда. – Қазір Мақтаарал ауданының ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ТОҒЫЗ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бейнебайланыс арқылы еліміздің қызметі аймақтарынан 47 ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде департаменттің 9 қызметкері марапатталды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін» медалімен: — Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы марапатталды, ол ...
Толығырақ »1 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды. Жалпы, тиісті сала ...
Толығырақ »ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛДА КЕЛЕДІ
Шымкенттік шәкірттер «Daryn.online», «Bilimland.kz» платформаларында білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары қауымы да үздіктер қатарында. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы хабарлады. Уақыт талабына сай, төтенше жағдай кезеңінде шымкенттік оқушылар қашықтан оқытудың өткен аптасында да интернет желісін пайдалануда алдыңғы қатардан көрінуде. «Zoom», «Google class», «Edu page» бағдарламалары көмегімен де сабақ оқитын оқушылар саны артып келеді. Бүгінде Шымкенттегі 213 ...
Толығырақ »ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ
Ұлы Отан соғысының ардагері, қазыналы қартымыздың бірі — Мылтықбаев Айтбек. МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы — 1925 жылғы 15 мамырда Түркістан облысы (бұрынғы — Оңтүстік Қазақстан облысы), Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген. Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы ...
Толығырақ »ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Зорбанов Төрегелді, ҰОС ардагері ЗОРБАНОВ Төрегелді Шымкент қаласында туып өскен. 1926 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қызыл әскер қатарына алынып, өз еркімен соғысқа аттанған. Алғашқы жылдары Беларус майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жас болса да жасампаз ерліктің үлгісін талай көрсеткен. Соның нәтижесінде екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта жұбайы Серикбаева Балхиямен бірге тұрады. © DIDARBEK.kz
Толығырақ »