Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 45)

Облыс жаңалықтары

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Бұл шаралар әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау және далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді. «Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынып жатқаны баршаға белгілі. ...

Толығырақ »

АҚЖАУЛЫҚТЫ АНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

Түркістан облысы полицейлеріне ақжаулықты ана алғысын айтты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мамыр айының 2-сі күні алаңсыз үйінде шәй ішіп отырған Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны Айсұлу Молдабековаға екі бірдей ұлы қайта-қайта келіп, ауылды су басайын деп жатқанын ескертіп, алып кетуге тырысады. Алайда, анасы балаларының сөзіне сенбей, үйінде қалып қояды. Осы кезде жергілікті Мақтаарал аудандық полицейлері ...

Толығырақ »

CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының Полиция департаментінде Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылғанын хабарлаймыз. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары: 1. Түркістан МХҚКО ...

Толығырақ »

ЖИЫРМАҒА ЖУЫҚ ҚАРУ АЛЫНДЫ

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде тұрғындардан 20-ға жуық қару алынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған алдын алу іс-шарасының 2 күнінде тәртіп сақшыларымен 18 дана қару, оның ішінде 17 аңшы қару мен 1 травматикалық тапанша ...

Толығырақ »

АҚША ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТЫ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 20-ға жуық жәбірленушінің ақшасын жымқырған алаяқты ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарығаш АПБ-не жергілікті тұрғын, жас қыз арызданды. Оның айтуынша өзіне жақсы таныс емес әйел «мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті алып беремін»-деп сендіріп, алаяқтық жолмен 30 000 теңгесін беріп, алданып қалған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не ...

Толығырақ »

ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ

Сарығаштық полицейлер қарт тұрғындарға ерекше қызмет түрін көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінде күнделікті осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сарыағаш АПБ Көші-қон полиция бөлімшесінде мобильдік топ құрылып, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет көрсетілді. ...

Толығырақ »

КҮДІКТІЛЕР ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнде сиырын ұрламақ болған ұрылардың көлігі жол бойында бұзылып тұрғанын көріп, хабарлама түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша түнгі уақытта белгісіз екі тұлға ауласына жасырын кіріп, қорасындағы сиырын ұрлап дарбазадан шығып бара жатқан жерінен көріп қалып айқайлағанында, әлгі ұрылар сиырды ...

Толығырақ »

170 ТҮПТЕН АСТАМ ҚАРАСОРА ТАПТЫ

Полицейлер Түркістан облысы тұрғынынан 170 түптен астам қарасора тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті сора егісін жойды. Жедел уәкілдер Ордабасы ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік тауып, күдіктіні ұстады. Ер адам үй ауласындағы арнайы қоршалған учаскеде заңсыз қарасора еккені ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы МӘЛІМДЕМЕСІ  Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Құрметті отандастар, қадірменді жамағат! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала ...

Толығырақ »

ЖАС БУЫН ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

 Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орын алған су апатында жедел түрде әр өңірден еріктілерден құралған үйсіз — жайсыз қалған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында «Біргеміз Мақтарал» еріктілер штабы құрылған болатын. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, зардап шеккен ауыл тұрғындары қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап, күн-түн демей еңбектенді. Осындай сын сағатта жұмыла еңбектенген волонтер жастар Штаб басшылығының алғыс хаттарымен марапатталуда. ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Жетісай ауданының тұрғындары Мақтаарал ауданыңда жұмыс істеп жүрген құрылысшыларға арнайы қайырымдылық дастарханын жайды. Нақтырақ айтқанда, қайырымды жандар Мырзакент кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан елдімекенге үлес қосып жатқан 50-ден астам азаматқа арнап палау басты. Ораза кезінде он шақты азамат бірігіп, құрылыс басында жүрген жандардың ризашылығын алуға ниет еткендерін айтады жетісайлық ағайындар. «Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауылы аралас, қойлары қоралас аймақтар. Топан ...

Толығырақ »

КӨМЕК КӨРСЕТУІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен түркістандықтардың құжаттарын қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастыруда. Бұған дейін апат аймағына Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен тұрғындардың құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ жіберілген болатын. Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан барлық эвакуациялау пунктерін кезекпен аралап, жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек ...

Толығырақ »

ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елдімекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елдімекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда. Сондай-ақ, Достық елдімекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ...

Толығырақ »

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛЫҢЫЗ

«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары немесе Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс. Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі ...

Толығырақ »

МЕРЗІМІНДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Түркістан қаласында қарқын алған тұрғын үй құрылысын аралап шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды тиiмдi жұмысқа ынталандыруды тапсырды. Дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын толығымен қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған ...

Толығырақ »

АЛМА ЕГУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТУДА

Бүгінгі таңда Түркістан өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары артып келеді. Солардың бірі – «Нұрбақыт» шаруа қожалығы. Былтыр алма бау егуді бастаған қожалық төрағасы Талғат Өтеев бүгінгі таңда бау көлемін 14 гектарға жеткізіп отыр. 2019 жылы өз қаржысына 2 гектар жерге алма бау егіп бастаған шаруа, биыл мемлекет тарапынан «Қарапайым заттар ...

Толығырақ »

БҰРЫНҒЫ ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРІН ҰСТАДЫ

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған бұрынғы пошта қызметкерін ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ-нің кеңсесіне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 000 теңгеге жуық ақшасын пошта бөлімшесінің белгісіз қызметкері заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ...

Толығырақ »

ӘКЕСІМЕН ТАБЫСТЫРДЫ

Түркістан облысы полицейлері адасып қалған 4 жасар қызды әкесімен табыстырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 19.05.2020 жылы сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жайға Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Қыз балаға өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. ...

Толығырақ »

БІЛЕКТІ ЖҰМАХАН

Полиция қызметкерлері болу – жоғары біліктілік пен бірге білек күшін де талап ететіні анық. Бүгінде тәртіп сақшыларының барлығы дерлік спортты жанына серік еткен. Ал, олардың арасында облыстық, республикалық сайыстардан топ жарып, жүлдегер атанып жүргендері де көп. Жұмахан Сейдірахманұлы бүгінгі күні ҚР ІІМ қарасты Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алуда. Болашақ маман қазіргі таңда Ордабасы аудандың полиция бөлімінде тәлімгерліктен өтіп жүр. ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫ САН СОҚТЫРҒАН

Түркістандық алаяқ 21 мың теңге әлеуметтік көмек шығарып беремін деп 10-ға тарта тұрғынды сан соқтырған,  деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат «мемлекет тарапынан беріліп жатқан 21 000 теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін»- деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 000 теңгесін ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді және қауіпсіз болып саналады. 1. Қысқы жылыту кезеңінде 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты). 1 текше метр табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға 22 680 теңге. Көмірдің шығыны 1 айға 36 000 теңге. Бұл қысқы кезеңде (күл шығару және т.б.) қаражатты үнемдеуге және қызмет ...

Толығырақ »

АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әділбек Мархабай батылдығымен көпшіліктің алғысына бөленген жігіт. Тәртіп сақшысы Түркістандағы «Отырар» мөлтекауданындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан. Дереу көмекке барған олар үйден егде жастағы екі қария мен оның қызын құтқарған. Өрт сөндіру қызметі мен жедел-жәрдем шақырып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен. Қуанышқа орай, үй ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМДЕРІ КЕҢЕС БЕРУДЕ

Елде енгізілген төтенше жағдай халық пен мемлекеттік органды әлеуметтік оқшаулауға алып келді. Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік аппарат арасында коммуникациялық кедергілердің туындауына себеп болды. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба Түркістан облысының аудан әкімдері тарапынан барынша қолдау тауып отыр. Аудан басшылары өңір ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы анасы Ғаникамал Ергешбаева «Полицейлерді де «Отбасы күнімен» құттықтап, жанұяларына амандық, ...

Толығырақ »