Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды ретке келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бөлім басшысының ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
СУ АРНАЛАРЫНЫҢ АЙМАҒЫ ТАЗАРТЫЛУДА
Түркістан облысында Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауына шашу әдісін қолданып улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ...
Толығырақ »ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу ...
Толығырақ »ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі жазғы шомылу маусымы кезінде суайдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке орай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді. Оның ...
Толығырақ »ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ
Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Түркістан облысы полицейлері тарапынан қайырымдылық шаралары әлі де өз жалғасын табуда, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы ...
Толығырақ »НЕСИЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ
Түркістан облысының полицейлері сыныптасының атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, Алматыдағы сыныптасы оның атынан банкомат карточкасының реквизитін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен 2 рет онлайн несие алған. Келтірілген шығын көлемі 75 000 теңге. Полиция бөліміне осындай арызбен тағы бір жас ...
Толығырақ »ӨЗ ҮЙІНДЕ ҚАРАСОРА ЕККЕН
Түркістан облысы полицейлері есірткі сатқан және қарасора еккен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістандық полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымын жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары аясында бірқатар қылмыстарды ашып, есірткі сатқан, сора еккен күдіктілерді құрықтады. Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен ...
Толығырақ »ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТЕГІН ҚОСТЫ
Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген. Жалпы, шаһардың экологиялық ...
Толығырақ »ЕРІКТІ ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен бір топ ерікті әскерилер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, қысыл-таяң шақта жанашырлықпен елге қызмет көрсеткен азаматтарға алғысын айтты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде «COVID-19» індетінің таралып пандемия деп жариялануына ...
Толығырақ »146 АЗАМАТ ЖАЗЫЛДЫ
Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін. Жазылған азаматтар Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды.Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ. Жалпы, Түркістан ...
Толығырақ »МАЛ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қауіпі жоқ. Бүгін бұл туралы Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі ...
Толығырақ »ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ
Түркістан облысында жалпы саны 748 мешітбар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат орындарында құлшылық жасау уақытша тоқтатылған болатын. Әлі де жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Демек, карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беру қажет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін үйде өткізуге үндейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді ...
Толығырақ »ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ МАҚТААРАЛҒА КЕЗЕКТІ РЕТ КЕЛДІ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді. Ең алдымен Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өргебас ауылына ат басын бұрып, ондағы үйлерді судан тазарту жұмыстарының барысымен танысты, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, таяуда Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылған болатын. Оны бүгінде премьер-министрдің орынбасары ...
Толығырақ »ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!
Ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап жыл соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталды. Бұл жобаға кез-келген үміткер қатыса алады, барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қаралып, заң бұзушыларға тиісті шаралар қолданылады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз хатшысы Баян Тұлғабаева мәлімдеді. «App Store немесе Play market жүйесінен «Wipon» ...
Толығырақ »ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ
Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр. Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған. «Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты ...
Толығырақ »ӘЙЕЛДЕРДІ АЛДАҒАН АЛАЯҚТАРДЫ ҰСТАДЫ
Түркістан облысы полицейлері екі сыныптас пен 10-нан астам әйелдерді алдаған алаяқтарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын, жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес тұрғын оның сеніміне кіріп, Ақтау қаласындағы фирманың біріне жұмысқа орналастырып беремін деп уәде етіп, өтеуіне қомақты ақша сұраған. Содан жәбірленуші алаяқтың сұрағанын беріп, жер сипап қалған. ...
Толығырақ »ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінде «Ер қаруы — бес қару» тақырыбында онлайн-көрме өтті. Онлайн-көрменің мақсаты – сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау. Ұлан-ғайыр жері мен елінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда қазақ халқы астындағы атына, білегінің күшіне, жүрегінің түгіне, ...
Толығырақ »9579 АДАМ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған «Еңбек»бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,жұмыспен қамту жол картасы аясында ...
Толығырақ »1210 ОҚУШЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ
Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек. Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьге 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді. Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен – Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл ...
Толығырақ »АЛҒЫСПЕН ЖАУАП ҚАТУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері су тасқыны орын алған аймаққа гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырықабатты тегін таратуда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, ...
Толығырақ »ҚР ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сенаторлар алдымен төтенше жағдайға байланысты облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасына ат басын бұрды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен ...
Толығырақ »БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Қонақты күтіп алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ДАЙЫНДАЛУДА
Тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың құжаттары дайындалуда. Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай тұсында полиция қызметкерлері қырағылық танытып, көпшілікке көмек көрсетті. Бірі су ортасында қалған адамдардарды қауіпсіз жерге алып шықса, енді бірі эвакуция жұмыстарына атсалысты. Жолдарды ашып кептелістің болмауын қадағалады. Жайылымда жүрген төрт-түлікті айдап, аман алып қалды. Күн – түн демей, тәулік бойы еңбек еткен тәртіп сақшыларының бұл қызметіне бүгінде ...
Толығырақ »БІРНЕШЕ ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ
Түркістан облысы полицейлері «Отбасы күнінде» қайырымдылық жасап, балалар мен бірнеше отбасын қуантты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарыағаш АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Мырзагелдиев қарамағындағы қызметкерлерімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай қайырымдылық жасап, игі іс атқарды. Отбасында өзі әке, өзі ана болып, перзенттерін асырап отырған жалғызбасты аналарға ...
Толығырақ »