Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 8)

Облыс жаңалықтары

САЙРАМ АУДАНЫНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №969 Жарлығымен 16 ана «Алтын алқа» және 95 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аналарды марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев қатысты. — Бүгін осында отырған әрбір ана үшін маңызды күн. Сіздерге белгілі, демографиялық өсімі жоғары аудан. Бала саны жыл ...

Толығырақ »

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» АЛҚАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында аудан әкімі атынан көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті. Мадияр Мұхтарұлы: «Құрметті көп балалы аналар, аяулы жандар, ардақты аналар! Сіздер үшін бүгін қос қуанышты күн. Марапаттарыңыз Білім күні мерекесімен ...

Толығырақ »

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ИНВЕСТОРЫ ОТКРЫЛИ ПЯТЬ ШКОЛ

В Сайрамском районе Туркестанской области открыты пять частных школ. Одна из них — школа для начальных классов на 300 мест в сельском округе Кайнар-булак, четыре общие средние школы на 1200 мест – в сельском округе Манкент. Сначала аким района У. Садибеков вместе с почетными гражданами области А. Досболовым и С. Бараховой приняли участие в торжественном открытии частной начальной школы «Бакдаулет» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ИНВЕСТОРЛАР 5 МЕКТЕП АШТЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 5 жекеменшік мектеп ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның бірі Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 300 орындық бастауыш сыныптарына арналған мектеп болса, қалған 1200 орынға арналған 4 жалпы орта мектеп Манкент ауылдық округінде орналасқан. Алдымен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков, облыстың Құрметті азаматтары Ә.Досболов және С.Бараховалармен бірге Қайнарбұлақ ауылындағы 300 орындық «Бақдәулет» жекеменшік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Д.Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді, 86 ...

Толығырақ »

Әлихан Смайылов Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Премьер-Министр ҚР Президенті өңір басшылығының алдына азаматтардың әл-ауқатын арттыру, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін және басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер қойғанын атап өтті. Мәселен, Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында бірқатар маңызды жобаларды іске асыру көзделген, оның ішінде жаңа өнім шығару, жолдарды жаңғырту, тұрақты жұмыс орындарын құру және жалпы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жабалар бар. «Өңір ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ДАМЫТУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» тақырыбында Республикалық форум өтуде. Форумға арнайы шақыртумен Америка Құрама Штаты, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан Республикаларынан келген қонақтар мен ҚР АҚДМ (Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі) азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті қатысты. Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 84 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР АУЫЛЫНА КӨПІР САЛЫП БЕРДІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді. Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Аталған көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке барып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайымын сейілтіп, тұрғындарға қуаныш сыйлауда. Аталған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Түркістан қаласында салынып жатқан олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын. 5 қабатты жатақхана аталған мектеп шәкірттерін, студенттер мен қызметкерлерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін салынған. 200 орындық ғимарат құрылысы қазан айында ақталады. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар орналытуда. Спортты дамыту бағытында Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жаңа спорт нысандары бой көтерген. Олардың құрылысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістанда Спорт күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. «Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді. Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр. Салтанатты жиында биыл республикалық және халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшыларға және ...

Толығырақ »

МАУСЫМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласы Әуесқойлар шағын футбол лигасының «Көктем-Жаз 2022» маусым біріншілігінің жарысы өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 64 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды. Лига ойындарының қорытындысына сәйкес «Муслим», «Marka.kz», «МФК Город» футбол командалары Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Сондай-ақ, “А”-лигасы бойынша «СУПЕР ЛИГА» біріншілігінде «Шытты Отырар»,«Тастемір», «Alash NM» ойыншылары келесі маусымда бақтарын сынамақ. “Б”-лигасында «Бекзат жастары», «Qazsnab», «Allo pizza» футболшылары да ...

Толығырақ »

АРДА АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Киелі өңірдің өсіп-өркендеуімен гүлденуі жолында орасан зор еңбек етіп, ел есінде іскер әкім ретінде аты қалған абзал жан, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы волейбол және кіші футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. «Түркістан арена» стадионында басталған шараға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары қатысты. Ашық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Сайрам ауданында іс-сапарымен болды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Олардың шешу жолдарын талқылады. Халықтың игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін қолданысқа жаңадан енген заңдарға, сонымен қатар талқыланып, қаралып отырған заң жобаларына, қабылданған өзге де өзгерістерге тоқталып өтті. Жиында бірқатар тұрғындар мен белсенділер тарапынан егінді суғаруға су науаларын салу, азық-түлік және ауыл шаруашылық ...

Толығырақ »

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Түркістан қаласында “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған шара шаһардағы ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлауды мақсат етті. “Бала — ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ерекше балаларымыздың армандары асқақ, өмірлері бақытты сәттерге толы болғай!”-деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы. Шара барысында бүлдіршіндер қаламыздағы жаңадан ашылған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Түркістан облысы, Отырар ауданында ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 92 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты іс-шара өтті. «Шәмші» саябағында өткен іс-шара ұлы сазгердің ескерткішіне гүл қою рәсімі, кітап және сурет көрмесімен жалғасып, Шәмші музей үйін тамашалаумен бастау алды. Одан соң Отырар аудандық мәдениет сарайының қыздар дуэті шырқаған «Отырардағы той» әні халықтың көңілінен шықты. Жиынның ашылу салтанатында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Облыс орталығына «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың мәдениет күндері аясында Сайрам ауданының рухани-мәдени керуені келді. Үш күндік бағдарламаның алғашқы күні «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблінің, «Самұрық» би тобының «Ақсукентім – арайлым» атты концертімен бастау алды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдулаев, Облыстық мәдениет басқармасының Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Кенжетайұлы, аталмыш бөлімнің бас маманы Е.Сартаев бастаған қонақтар алдымен қолөнер ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ КЕЛДІ

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 92,2 ПАЙЫЗЫНА АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты. Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТҮРЛЕНЕ ТҮСПЕК

Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында облыс басшысының бастамасымен бірнеше жаңа спорт орталықтары бой көтерген. Спорт саласына үлкен көңіл бөлетін облыс әкімі қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Түркістанда салынып жатқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды. Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды. — Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы. «Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен ...

Толығырақ »