Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 34)

ОҚО жаңалықтары

АРДАГЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағұлов Рсметке Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады. 99 жастағы ардагер бұған дейін Ленгір қаласы, С.Сәулембаев ...

Толығырақ »

КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Жібек жолы» кеден бекетінің маңында құқық қорғау мекеме басшыларының қатысуымен кездесу жиыны өтті, деп жазады Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиын барысында аудан басшысы бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кеден бекеттерінің аумағындағы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болу қажеттігін ескертті. Сарыағаш ауданы көрші Өзбекстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқандықтан ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша үздік үштікке енді. Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша алғашқы үштіктер қатарын толықтырды. Білім додасында Түркістан облысының 46 оқушысы бақ сынап, 22-сі жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласындағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Алиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды. Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Марат Алиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ...

Толығырақ »

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРҒА ЗАЛАЛ КЕЛТІРУДЕ

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің кесірінен тас жолдардың 300 шақырымы жарамсыз күйге түскен. Өңірде облыстық маңызы бар 1067 шақырым жолда жүк көліктеріне жүруге рұқсат етілген. Күн тәртібінде қаралған осы және өзге де мәселелер облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жолға зақым келмеуі үшін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында өткен жылы 752 нысанныңқұрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға хабарламалар тіркелген. Оның ішінде 445 нысан бюджет қаражаты есебінен, 307 нысан жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен салынуда. Басқарма өңірдегі құрылыстардың сапасына бақылау жасайды. Әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласындағы барлық жаңа ғимараттардың құрылыс нормаларына сай болуы қатаң бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ АЛДЫН АЛУДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Облыс басшылығы жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша нақты қадамдарға барды. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында былтыр балалар арасындағы суицид көрсеткіші 32%-ға азайған. Осындай пікірмен білікті мамандар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясында басталған курс барысында бөлісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жасөспірімдер арасындағы өзіне ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ ЕСКЕРТУСІЗ БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан-қала әкімдерінің жылдық есебіне ескертусіз келіп қатысатынын ескерткен болатын. Аймақ басшысы Сарыағаш ауданы әкімінің есептік жиынына ескертусіз келіп, қатысты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Өңір басшысы келгенде аудан әкімі Мұхит Отаршиев жергілікті халықтыңсауалдарына жауап беріп жатқан. Күтпеген кездесуге куә болған тұрғындардың кейбірі ұсыныс-пікірлерін Өмірзақ Шөкеевтің өзіне әкеліп тапсырды. Ауданда атқарылған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 400-ДЕН АСТАМ АТА-АНА БАС ҚОСТЫ

«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбы Түркістан қаласында өткен республикалық ата-аналар форумына негіз болды. Маңызды мәселені талқылауға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері атсалысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Мақсат –ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Түркістан қалалық орталық ауруханасының» қызметкерлерімен арнайы кездесіп, адалдық құндылығы аясында ашық диалогтық алаң құрды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты ...

Толығырақ »

Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық

«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» республикалық форумы Түркістан қаласында жалғасын тапты. 15 ақпан ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен еліміздегі білім беру ұйымдарының ата-аналарына арналған «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық форум өтті. Форумның ашылу салтанатына Түркістан облысының әр аймағынан 400-ге жуық ата-аналар мен ұстаздар, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Д.Өте, Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының ...

Толығырақ »

БӨГЕНБАЙ АҚШАҰЛЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЖЕРЛЕНГЕН

Ақшаұлы Бөгенбай (1678 – 1775) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені ат үстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыста ерен ерлігі ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КЕНТАУ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

Кентау қаласы әкімінің есептік кездесуіне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығы Түркістанмен бірге Кентау қаласы да қатар дамитындығын атап өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. «Әкімдердің ел алдында есеп беруі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен енгізіліп, қалыптасқан дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл дәстүрге үлкен маңыз беріп, жаңаша өткізу үшін өзгерістер енгізді. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ЖОҚ

Күнделікті мониторинг қорытындысына сай, аумаққа келетін қауіп-қатер жоқ, деп нақты айтуға болады. Облыстағы су тасқынының алдын алу және оның келеңсіз салдарын азайту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен апталық лездеме отырысында талқыланды. Оған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕКІТІЛДІ

Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын талапқа сай келтіру үлесін 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу көзделген. Автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Жолдардың сапасын арттырып, жол жүру қауіпсіздігін күшейтуге қатысты осы және өзге де жоспарлы жұмыстар Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте айтылды. Жиынға барлық тиісті басқармалар мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТАРИФТЕРДІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕН ОБЛЫС ХАЛҚЫ 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕГЕН

Түркістан облысында 59 қызмет түрі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополия субъектілерінің тарифтері төмендетілген. Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қымбат Бейсенов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне  сілтеме жасаған didarbek.kz. Басты мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының бағасын өсірмеу. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өздерінің тауарларын сатылымға шығарды. Жәрмеңкеге ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша үздік үштікке енді. Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша алғашқы үштіктер қатарын толықтырды. Білім додасында Түркістан облысының 46 оқушысы бақ сынап, 22-сі жүлделі орындарға ие болды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласындағы Әл-Фараби ...

Толығырақ »

МЕДИАЦИЯ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Бүгінде Түркістан облысында медиация институтын дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешу бойынша медиация кеңесін құру жоспардағы мәселе еді. Осыған орай құзырлы орган мүшелері мен облысымызға қарасты кәсіби медиаторлардың басын қосқан жиын өтті. Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Өңірдегі медиация институтын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы Түркістан облыстық сотының ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары С.Жұмабаев және Б.Айдағараев облыс орталығындағы 3 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша білім бақылау департаменті мамандарына «Қазақстан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов облыстағы басқарма, аумақтық орган басшылары мен аудан, қала әкімдері кездесу өткізді, деп жазады ҚР  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында Болат Әлмұханұлы басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол берген жағдайда саяси қызметшілердің отставкаға өтініш беруі, бағынысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

Түркістанда мемлекеттік органдарда құқытық оқыту жалғасуда, деп жазады Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz. 17-19 ақпан күндері облыс орталығындағы 6 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өз жалғасын тапты. Түсіндіру жұмыстары АШМ аумақтық инспекциясы, Техникалық реттеу және метрология департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон депаратменті, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаменті қызметшілері ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ТАР ҚАПАСТА ОТЫРҒАНДАРДЫҢ ӨКІНІШІН СЕЗІП ҚАЙТТЫ

Түркістан өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық — атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Науқанның негізгі мақсаты — оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру ...

Толығырақ »

БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН АЛҒЫС

Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджы аясында «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай орталық қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясын жалғастырды. Акция аясында белсенді жастар Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған «Абай саябағы» гранит қабырғасы және 140 000 мыңнан ...

Толығырақ »

«Институт семьи 21 века»

Семья – это не только ячейка общества. По большому счету именно в семье решается будущее народа. Именно в семье культивируются такие ценности как патриотизм, верность народным традициям, любовь к родному языку, духовно-нравственным сокровищам народа. Благодаря семье любой народ и каждая национальная диаспора сохраняют себя в настоящем и будущем. У.Маймакова Институт семьи в ХХІ веке: состояние, проблемы, перспективы. Научное определение семьи ...

Толығырақ »