Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 2024 жылдың 20 және 25 мамыр аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. © Didarbek.kz
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
2004 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Ауданда әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уалиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Олар аталған баспананы тарту ...
Толығырақ »ТҰРАН АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Тұран ауданында санитарлық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелер тазалануда. Көше жиектерін көгалдандыру, ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС тарапынан 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. © Didarbek.kz
Толығырақ »ҚҰМКЕНТТЕ 25 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫН ТАРТУ ЕТТІ
Құмкент ауылында Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 25 жылдық түлектері мектеп ауласынан кіші футбол алаңын салып, игі іске ұйытқы болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит ...
Толығырақ »БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістанда Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен атқарылған жұмыстар жайы баяндалып, оқу жылы қорытындыланды. Балалардың жазғы сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру мен демалыс орындарының қауіпсіздігі пысықталды. Сонымен қатар «Қауіпсіз мектеп» жобасының іске асырылуы, жаңа оқу жылына дайындық, мектептерді күрделі және ағымдағы ...
Толығырақ »МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Mәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық Мәдениет үйінде өткен шараға шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, мәдениет және өнер саласының майталмандары, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Айтулы мерекеде сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова өнер азаматтары ...
Толығырақ »ҚАРА СӨЗ – ҚАРА ҚАЛАМ
Жарық дүниеге талай-талай тұлғалы ғұлама ғалымдарды, саналуан өнер түрлерінің озық ойлы саңлақтарын әкеліп, ұлылар отаны атанған біздің киелі Отырар өңірі кие мен қасиет қонақтаған құтты мекен, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірімізден жарқырай шыққан перзенттерімізді қалай құрметтесек, кейінгі топ жарып шыққан дарынды жастарымызды да мақтаныш етіп жатамыз. Осындай құрметке лайықты перзенттердің бірі белгілі ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 12 МЫҢ АДАМ МІНӘЖАТ ЕТЕ АЛАТЫН МЕШІТ АШЫЛДЫ
Жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Мешіт кешенінің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары да арнайы ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков С.Қожанов көшесінде тұрғындармен кездесіп, ауланы абаттандыру жұмысына қатысты пікірлерін сұрады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысымен өткен кездесулердің бірінде көпқабатты үй ауласына асфальт төсеу жөнінде өтініш түскен болатын. Мәселені зерделей келе аулаға балалар алаңшасын және демалатын орындар орнату келісіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нұрбол Әбдісаттарұлы аяқталған істің басына барып, ...
Толығырақ »АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН КӨКПАРШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Жақында Түлкібас ауданының көкпаршылары республикалық турнирде чемпионы атанып, аудан мерейін асырған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасында өткен турнирге Жамбыл, Түркістан облыстарынан жасақталған мықты 7 команда қатысқан еді. Финалға шыққан Түлкібастық көкпаршылар Қазығұрт командасын 7:3 есебімен жеңіп, 8 млн теңгені қанжығаларына байлаған болатын. Ауданның абыройын асырып, ешкімнен сескенбеген, ...
Толығырақ »«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданы Қарабау ауыл округінде «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің шалғай елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу іс-шарасы болып өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атаулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әшіров ...
Толығырақ »АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “СУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ ҚАЖЕТ”
Aудан әкімі Азат Оралбаев “Таза су” мекемесінің мәселелері бойынша жиын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, “Таза су” мекемесінің директоры Асан Құрымбеков пен мекеменің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты. Жиында мекемеге жыл басынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы баяндалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өз кезегінде аудан әкімі мекеменің теңгеріміндегі ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Aудан әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, инфрақұрылымға қатысты сұрақтар болды. Бухарбай Парманов тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННЫҢ ЖОҒАЛҒАН ҚОЙЛАРЫН ТАУЫП БЕРДІ
Қала тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген 6 бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді. Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ
Шымкент қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлының төрағалығымен Тұран ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ!!!
Қаскүнемдер поликлиникадан флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тексерудің күні мен уақытын таңдағаннан кейін, олар сізден телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды. Код расталғаннан кейін олар жазбаның сәтті өткені туралы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді. Құрметті азаматтар! Сіздерді қырағы болуға ...
Толығырақ »Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді
Түркістан қаласының тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген 6 бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді. Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап ...
Толығырақ »Шымкент қаласы аумағындағы су айдындарында 5 ресми орын белгіленген
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз конференциясын берді. Шымкент қаласы бойынша бүгінде шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 15 ескерту белгілері орнатылған. Департамент жоспар негізінде, құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатарда еріктілерді тарта отырып, тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ АШЫҚ АЛАҢ ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Облыс орталығында жазғы ашық алаң ойындары өтуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәстүрлі ұйымдастырылатын сайысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі сектор тұрғындары қатысуда. Олар: дойбы, секіргішпен секіру, асық ату мен тоғызқұмалақ, шахмат және ләңгі тебуден бақтарын сынауда. Жыл сайын өтетін жарыстың мақсаты тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту көзделген. ...
Толығырақ »КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов хабарлама жасады. Сондай-ақ хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат ...
Толығырақ »АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША НАҚТЫ УАҚЫТ, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Aудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 80-85% орындалды. Жарылған су қоймасын (резервуар) жамау жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Су қоймасына (резервуар) су толтыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі құрылысқа ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНЕН 50-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты – халқы тығыз орналасқан өңірлерден, еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға республика бойынша 7050 квота бөліп, қандастар мен қоныс ...
Толығырақ »АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ
Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың дені тұрғын-үй мәселесімен жүгінсе, қалғандары жайылым, әлеуметтік көмек, жолды жөндеу, электр жарығы, ауыз су, жер қатынастары, тазалық сынды мәселелерге қатысты өтініштерін білдірді. Аудан басшысы сол жерде жауапты мекеме өкілдерімен әр көтерілген мәселені жеке-жеке ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді: 1. «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының аудан көлемінде ...
Толығырақ »