Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Август (страница 4)

Месячные архивы: Август 2018

Төлеби ауданында туризм саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында алғаш рет аудан басшысының бастамасымен туризм саласы бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Іс-шараға облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шынтаев, туристік-ақпараттық орталық мамандары, архитектор Бақытжан Әшірбаев және Төлеби ауданы туризм саласының 20-дан астам кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында ауданның туристік әлеуетін дамыту жолдарын анықтау ...

Толығырақ »

Отырар ауданының әкімі газдандыру ісіне жауапты мекеме басшыларының есебін тыңдады

Отырар ауданы әкімдігінің күн тәртібінде  елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету ең маңызды мәселе. Осы орайда аудан басшысы Ерлан Айтаханов газдандыруға қатысты нақты атқарылып жатқан тірліктердің барысын қадағалау мақсатында Шәуілдір ауылындағы Д.Тастанбеков және Д.Сарықұлов көшелеріне арнайы барып, жұмыс жағдайын бағамдады.  Ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге арналған жұмыс қызу үстінде. Мердігер мекеме жұмысшыларының ісімен танысқан аудан басшысы  халықтың қолына жүз пайыз табыс ...

Толығырақ »

Төлеби ауданында 448 оқушы грант иегері

Түркістан облысы, Төлеби ауданында 448 оқушы грант иегері атанған. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты 67 мектеп, оның 52 жалпы орта, 6 негізгі, 9 бастауыш мектеп. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен Ұлттық бірыңғай тестке 50 мектептен 830 түлек қатысқанып, аудан көрсеткіші 80.4 орта балды (өткен жылмен салыстырғанда 5,1 балға жоғары) құрады. Тестілеуде ең жоғарғы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт ...

Толығырақ »

Найб мүфти Шымкенттің жаңа өкіл имамын таныстырды

Найб мүфти Шымкент қаласының жаңа өкіл имамын таныстырды, деп хабарлайды Didarbek.kz ақпараттық агенттігі ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметіне  сілетеме жасап. Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов Шымкент қаласына арнайы келді. Іс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан ...

Толығырақ »

Шымкентте «Қауіпсіз қала» жобасы аясындағы шаралар жалғасын табуда

Арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықы сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында, А.Байтұрсынов көшесінің бойында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ СЕНАТОРЛАРЫН САЙЛАЙДЫ

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2018 жылдың 5-қазанында өтетін болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Төменде akorda.kz ресми сайтына жарияланған Жарлықтың толық мәтіні беріліп отыр. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан ...

Толығырақ »

ҚҰЛБЕК АЙТҚАН ЖАҚҚА ДУЛАТ БАРМАЙДЫ!

«Не шықса да, Шымкенттен шығады» деген сөздің жаңа нұсқасын бүгін Ордабасы ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында естіп қайттық. Онда қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының иегері, жазушы-драматург Дулат Исабеков кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «сәлемдемесі» мен аманатын жеткізіп болған соң, жерлес ағамызды іле ...

Толығырақ »

Шымкентте «Лилия» балабақшасы ғимаратының ашылу рәсімі өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Кіші Самал шағынауданында «Лилия» балабақшасы ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Балабақша 100 орынға есептелген, дегенмен, ондағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Мұнда жолдама алған балалар үшін төленетін төлем ақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген. Балабақша ұжымының ұстанған негізгі бағыты — бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулымақ. Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек, мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша ...

Толығырақ »

Шымкенттіктер Абай Құнанбаевтың 173 жылдығын атап өтті

Шымкентте Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай атындағы орталық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен халқымыздың озық ойлы білімдары, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толуына орай «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Ташимова, ақын, жазушы Сабырбек Нұрманұлы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлы, «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» ...

Толығырақ »

Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

Бейбітшілік даңғылының бір бөлігі таяуда Шымкенттің жаңа Арбатына айналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрік  ті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады. Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанның халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы Елордасы-Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға — 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Әлішеріқызының еліміздің дамуы жолында қосқан елеулі үлесі үшін берілген тарихи марапатты Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын шаңырағына барып, арнайы табыс етті. «Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. ...

Толығырақ »

Төлеби ауданында «Пробация үйі» ашылды

Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Пробация үйі» ашылды,  деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. «Пробация үйі» Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 33-қадамында көрсетілгендей «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді ...

Толығырақ »

Түркістан облысы Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді

Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді, деп хабарлайды Жетісай ауданының әкімінің баспасөз қызметі. Осыдан 3-4 апта бұрын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен ауданымызда жаппай сенбілік жұмыстары қарқын алған болатын. Нәтижесінде Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңаша кейіпке еніп, қалыпқа келе бастады. Қазірдің өзінде мұнда демеушілер есебінен жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бұдан бөлек, саябақ қураған тал-дарақтардан ...

Толығырақ »

«Біз біргеміз!» акциясы өткізілуде

Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды. Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жұмыстар жалғасын ...

Толығырақ »

«БҰЛ — БІЗДІҢ ТАУЛАР!» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Бұл — біздің таулар!» фестивалі басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. Бұл іс-шараның ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

«Таза қала» акциясына дайындық барыстарын аудан әкімі аппараты қызметкерлері байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп. Шараға қатысуға жалпы 64 көше, 80 аула өтініш білдірген. Былтырғы жылы аталған шараға қатысуға 45 көше, 40 ауладан өтініш қабылданған. Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Шымкент қаласының прокуроры болып 1974 жылғы Мақсат Қожабаев тағайындалды. Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 9 шілдедегі бұйрығы негізінде Шымкент қаласының прокуроры болып М.А. Қожабаев тағайындалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының прокуроры болып 1969 жылғы Нұрғалым Әбдіров тағайындалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарып келген. Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағымдағы жылғы                  9 шілдедегі бұйрығы негізінде Түркістан облысының прокуроры болып Н.М.Әбдіров тағайындалды. Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан ...

Толығырақ »

Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді

Жетісай ауданында жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жетісай ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын 5596 заңды тұлға тіркелген. Оның 835-і ірі, ал 4761-і жеке кәсіпкер саналады. Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлік саласында даму байқалады. Аудандық кірістер басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұрынғы іріленген Мақтарал ауданында 16 базар, 3 ірі сауда орталығы, 17 тойхана және 10 мейрамхана мен 36 ...

Толығырақ »

«NEONOMAD» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы The ballroom «Saukele» салтанат сарайында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «NeoNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті. Оқыту семинарына бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының басшылары қатысты. Ойын қатысушыларына Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Евниев етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасын таныстырды. Іс-шараның міндеті агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту ...

Толығырақ »

Ауданда көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жалғасын табуда

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі кезде абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларын аудан аумағынан жиі көруге болады. Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының хабарлауынша, аудан бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы немесе 51,2% абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. 183 көпқабатты тұрғын үйдің ...

Толығырақ »

АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» көрмесі ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпаратттық агенттігі Түркістан облысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты фото-кітап көрмесі ашылды. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Көрмеге Абай ...

Толығырақ »

МАҢҒЫСТАУДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды. Құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттауға арналған шараны Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы және Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Қалмырзақызы құттықтау сөзбен ашып, көрменің маңыздылығын жеткізді. ...

Толығырақ »

Shymkent City мен әкімшілік-іскерлік орталықта жаңадан тұрғын үйлер салынбақ

Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, бұл пәтерлер тек «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне ғана беріледі. Бұл келісімге сәйкес жалпы аумағы 150 мың ш.м. болатын ...

Толығырақ »