Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 110)

Годовые архивы: 2020

ТАРИФ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифі төмендетілді. Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының ...

Толығырақ »

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

«Лидер-НК» ЖШС -Кафельщиктер; -Бетоншылар (бетонщик); -Сырлаушылар (маляр); -Сылақшылар (штукатурщиктер); -Шатыр жабатындар; -Тас қалаушылар (каменщик). Тел: 8 775 397 27 46 «СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ОТРЯДЫ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ» ЖШС -Кафельщиктер; -Сырлаушылар (маляр); -Сылақшылар (штукатурщик); -Қосалқы жұмысшылар (подсобный рабочий). Тел: 8 701 734 36 32 «АҚ ОРДАСЫ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС -Сылақшылар; -Ағаш ұсталары; -Электриктер; -Сантехниктер; -Тас қалаушылар (каменщик); -Қосалқы жұмысшылар (подсобный рабочий); -Дәнекерлеушілер (сварщик). Тел: ...

Толығырақ »

ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Түркістан облысы табиғи байлығының (флора-фаунасымен) сан алуандығымен ерекшеленетін республикамыздың ең көрікті аймағының бірі. Облыс аумағында өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі өседі, оның ішінде 118 түрі ҚР «Қызыл кітабына» енген, сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар өсімдіктер. ҚР Конституциясының 6 бабына сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. «Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті жұлғаны үшін жауапқа тартылатынын ...

Толығырақ »

15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫҒА ӨТІНІМ БЕРУ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемге алдын ала есеп бойынша 385 380 адам қол жеткізетін болады. Оған республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Азаматтардан өтінімдер 1 мамырдан бастап арнайы электронды жүйе арқылы және «109» call-орталығымен қабылданатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Энергетика және тұрғын-үй шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Бақытжан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 38 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚТА ЕГІЛЕДІ

Көктемнің бір күні бір жылға азық. Cәуір айының ортасынан бастап Мақтаарал ауданында ауа-райы күрт жылынып, шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Көктемгі дала жұмыстарына 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3876 тырма, 250 тұқым сепкіш техникалары қатысуда. Бірқалыпты қолайлы температура сақталған жағдайда 10-15 күнде жаппай мақта егісін аяқтауға мүмкіндік бар. Бұл туралы шаруа қожалықтарын аралап көріп, мақта егу науқанының ...

Толығырақ »

1 МЛН. ШАРШЫ МЕТРДЕЙ АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық режим күшейтілді. Тек облыс орталығының өзінде бүгінге дейін 1 млн. шаршы метрге жуық жер, яғни, 557 нысан толық тазаланып, залалсыздандырылған деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Жолдар, аяқжолдар, аялдамалар, сауда дүкендерінің сыртқы аймақтарында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Түркістан облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Шымкент қаласы бойынша карантиндік азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді. Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келуші азаматтарды орналастыру үшін №2 Оңалту орталығынан және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: — I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг; — І сұрыпты ұннан ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН-БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу, карантин уақытында тұрғын үйге онлайн құжат рәсімдеу, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек пен 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек карантинге байланысты халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін берілетін 15 мың теңгеге қатысты қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. — Президент ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ҚАТАРДА

Шымкенттегі 213 білім беру ұйымы (мектептер, колледждер, ЖОО) толығымен қашықтан оқыту форматына көшті. Қаладағы 172 мектепте оқитын 222 мыңнан астам оқушылар толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. Оның ішінде инклюзивті білім берілетін оқушылар саны 836. «WhatsApp» мессенджері арқылы оңалту сабақтары 1143 оқушыға жүргізілуде, ол 86,5%-ды құрайды. 125 оқушы денсаулығына байланысты ата-аналарының өтініштері негізінде сабақтан босатылған. Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы электронды ...

Толығырақ »

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Білім саласындағы бос жұмыс орындары 1. №20 мектеп-гимназиясы Информатика пәнінің мұғалімі Тел:56-27-66, 87051818860 2. №14 жалпы орта мектебі Слесарь-сантехник Тел:55-12-38, 87782948836 3. «Қуанышты бала» бөбекжай-балабақшасы Тәрбиеші көмекшісі Тел: 87786143837, 87786227306 4. №115 жалпы орта мектебі Бухгалтер Тел:41-91-11, 87764431333 5. «Дарын орталығы» КММ -Дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша ғылыми-тәжірибелік орталықтың әдіскері (методист); -Заңгер; -Әдіскер (методист); -Әлеуметтік мәселелер бойынша әдіскер (методист); -Білім ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Басқарма басшысының орынбасары Болат Малимовтың айтуынша, Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінде қаладағы 13,8 млн. шаршы метрді құрайтын 1500-ге жуық көшені толығымен залалсыздандыру үшін 20 бағыттық кесте әзірленген. 32 техника жоспар бойынша күнделікті дезинфекция жұмыстарын атқаруда. – Жауапты мамандар гипохлорит кальций қоспасымен қала аумағын тазалап жүргендердің жұмысын күнделікті ...

Толығырақ »

11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы 11 азаматтан анықталды. Дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар – 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі — ер кісі, екеуі әйел. Ал бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел ...

Толығырақ »

ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙЕ ТҮСУДЕ

Бүгін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қала әкімі М. Айтенов пен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Кеңейтілген жиында онлайн-конференция арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі туралы заңнама нормалары қаралды. Қала әкімі М. Айтенов атап өткендей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа ...

Толығырақ »

13 253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Өз кезегінде орталықтың ...

Толығырақ »

КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ АЙДАП КЕТКЕНДЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері көліктерді заңсыз айдап кеткен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ордабасы АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, облысымызда карантин енгізілгеніне байланысты Ордабасы ауданы аумағындағы блок-посттан рұқсат қағазы болмай өте алмай қалады. Содан бірнеше күнге Ордабасы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «газ құю» бекетінің операторына өтініш етіп, өзіне тиесілі маркасы «Audi ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ЕР ҚОЯН САХАБА КЕСЕНЕСІ

Түркістан қаласы, Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты, Серт ауылында орналасқан. ​​Ер Қоян сахаба қабірі Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты Серт ауылынан 8 шақырымдай солтүстік-шығыстағы Үкаша ата аңғары бойындағы төбе етегінде жатыр. Төбенің оңтүстік-шығысында 22х11 метрлік темір қоршаудың ішінде 13 метрлік тас үйіндісі бар. Осы орынды жергілікті халық «Ер Қоян ата әулие» деп атайды.Тас үйіндісі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатыр. Ер Қоян қабірінің басындағы 1,80х0,45,0,15 ...

Толығырақ »

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік ...

Толығырақ »

ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰЛУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Әлеуметтік желілерде «Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері» туралы бейнежазба таралған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТ ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Келестік депутат «BIZBIRGEMIZ»  акциясы аясында жерлестеріне көмек көрсетті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы Келес ауданынан сайланған Түркістан облыстық маслихатының депутаты, облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жаңабай Ағабеков коронавирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп, «BizBirgemiz» республикалық қорына 1 млн теңге аударған болатын. Бұл жолы халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының Келес аудандық ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ІРІКТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған Қазақстан ...

Толығырақ »

ПЕЙІЛГЕ ҚАРАЙ ПЕЙІШ БАР

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде көпшілік арасынан шыққан жомарт жандар індетпен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерге қолғабыс жасауда. Шымкенттегі осындай қайырымдылық акциясына кәсіподақ мүшелері де қалыс қалмады. Жуырда Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының өкілдері «Біз біргеміз!» акциясын өткізді. – Кәсіподақ мүшелері «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының қалалық филиалымен бірге ауқымды акция өткіздік. Оның аясында осындай қиын шақта күндіз-түні еңбек ...

Толығырақ »

«ІЗІН СУЫТПАЙ» АШЫЛҒАН ҰРЛЫҚ

Түркістан облысы полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен жас жігітті «ізін суытпай» сол күні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында үйінен ашылған дүкеніне ұры түсіп, 20 000 теңге болатын темекілерін, кассадағы 30 000 теңгеден астам ақшасын және тұрғын-үйінің ауласында орналасқан сарайынан 7 дана қыстық баллонын жымқырып кеткенін көрсетті. Жәбірленушіге ...

Толығырақ »

БРАКОНЬЕРЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден заңсыз ауланған 6 центнер балық тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Заңсыз балық аулау деректерінің жолын кесу үшін ұйымдастырылған жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары Ақжайқын көлінде браконьерлерді ұстады. Олар заңсыз балық аулап, тасымалдаумен айналысатын Шардара ауданының екі тұрғыны болып шықты. Күдіктілердің «Мерседес-бенц» автокөлігінен, полиция қызметкерлері рұқсат ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ҚАШУЫНА ЖОЛ БЕРМЕГЕН

Биік құздан секіріп қол-аяғы сынса да, қылмыскердің қашуына жол бермеген Жедел уәкілдің жұмысы жеңіл емес. Қылмысты алдын алу мен болдырмау, ашу жұмыстарын жүргізетін тәртіп сақшысы қашанда табанды еңбек етуі тиіс. Сондай-ақ, қоғамды қырағылығымен күзетіп, қанды қол қылмыскерлерді құрықтау ісінде абыройлы қызметімен көрінуі керек. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Нұрдәулет Рүстемнің қашқан қылмыскерді ұстау үшін 30 метрлік құздан секірген ерлігін ...

Толығырақ »