Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май (страница 2)

Месячные архивы: Май 2020

ТАРИХЫМЫЗДЫ ТҮГЕНДЕП, РУХЫМЫЗДЫ ОЯТАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыздың тартқан тауқыметі аз емес. Соның ең қасіретті тұстарының бірі – арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған кез болатын. Бұл – мыңдаған жазықсыз жандардың көз жасы, тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Қазақ халқының интеллигенциясы зобалаң жылдардың құрбаны болды. Зиялы қауым өкілдерімен қатар қарапайым жандар қасіретті жылдардың құрбанына айналды. Қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. ...

Толығырақ »

ТАРИХТЫ ҰМЫТПАУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Қазақ халқының 1932-1937 жылдар аралығындағы басынан кешкен қуғын-сүргіні — тарихымыздың жанындағы жазылмаған жара. Тарих бетіндегі ақтаңдақ оқиғаларды ата-әжелеріміз кезінде егіле отырып, айтып беретін. Жыл сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде «Қасірет» мемориалында репрессия құрбандарына тағзым етіп келеміз. «100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның ...

Толығырақ »

ТАРИХЫМЫЗ КЕМЕЛДЕНІП, ҰМЫТЫЛЫП КЕТКЕН ДЕРЕК АҚИҚАТҚА АЙНАЛАТЫНЫНА СЕНЕМІН

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үшін үндеу жариялады. Үндеуде XX ғасырдың 20-50 — жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрып, халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңді зерделеп, тарихи шындықты ұрпаққа жеткізуді тапсырды. Президент Қ.Тоқаевтың бұл тапсырмасы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын тағы да бір игі қадамдардың ...

Толығырақ »

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, қала көшелерімен қатар көпірлері де ретке келтірілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылымен жалғасатын «Бадам» өзені үстінен өтетін өткелдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 100, ені 32 метрлік көпірдің құрылысы қала аумағындағы кептелістің алдын алуға көп сертігін тигізетін болады. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қала әкімі оң бағасын берді. Жалпы шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ДЕН ҚОЮ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкентте «Қаланы басқару» саласы бойынша «109» мониторинг және жедел ден қою қызметі» ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін қолданысқа енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің қатысуымен өткен селекторлық жиында белгілі болды. Айта кету керек, министр Шымкентте цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Мәселен, Шымкент қаласы білім беру саласын цифрландыруда көш бастап ...

Толығырақ »

ЖАЗЫҚСЫЗ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ЕСІМДЕРДІ АҚТАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

Елімізде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынында да кешегі кеңестік толитарлық жүйе кезінде ең көп зардап шекен ел — Қазақстан, халық — қазақ халқы. 1997 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен осы күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде жарияланғаны мәлім. Тәуелсіз замандағы тарих беттерінде өте маңызды орын алып отырған мәселе — сол ...

Толығырақ »

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген еді. Бұл – қасіретті кезеңде зобалаң көрген халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне деген құрмет. Содан бері аталған үрдіс жалғасып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үндеуі сөзімізге дәлел. Президент Үндеу кезінде нәубет құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастағанын ...

Толығырақ »

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРДЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ ӨЗ ҮЛЕСІМДІ ҚОСАМЫН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылатын болды. Бұл жөнінде бүгін Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған үндеуінде айтты. Мен тарихшы ретінде Президенттің бұл бастамасын қолдаймын. Жазықсыз жазаланғандар шын мәнінде де жүйелі зерттеуді қажет еді. Менің өзім де Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялысының ұрпағымын. Сондықтан да бұл күн мен үшін ерекше. ...

Толығырақ »

ТАРИХИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРАТЫН СӘТІ ТУДЫ

Советтік саясаттың бірі — ұлттың білікті кадрларының көзін жою болатын. Мұның бір дәлелі Ф.И.Голощекиннің Сталинге жазған хатында: әуелі қазақ халқының интеллигенциясын құрту мақсаты көзделді, мұнан кейін жас буынның тарихи санасын кері бұрып, оңды-солды әліпби ауыстыру қамына кіріскен болатын. Яғни ХХ ғасырда қазақ 3 рет (төте, латын, орысша/кирилл) алфавит ауыстырды. Мұндағы басты мақсат, ұлттың маңдайалды интеллиегенциясын біржола жою болатын. Бұл күн ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ӘДІЛДІК ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Үндеу жариялады. Бұл мәлімдемеден еліміздің түп-тамыры сақталып, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын білдік. Үндеу барысында Қ.Тоқаев: «ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, ...

Толығырақ »

БАҒЛАН ХАЛЫҚОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов тікелей эфирде халықпен тілдесті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ТО ПД-нің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлымен тікелей эфир өткізілді. Онда полиция полковнигі Б.Халықов Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасындағы блок-бекеттер алынатындығы баршаңызға белгілі. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының арнайы «Алғыс хатымен» ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков марапаттады. Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ БУДЕТ ЗАПУЩЕНА СЛУЖБА ОПЕРАТИВНОГО РЕАГИРОВАНИЯ — 109

До конца июня в Шымкенте, по отрасли «Управление города», будет запущена служба мониторинга и оперативного реагирования — 109. Об этом, стало известно на селекторном совещании с участием министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК А. Жумагалиева. Министр высоко оценил работу, проводимую в Шымкенте по цифровизации. К примеру, наш город лидирует в цифровизации сферы образования. Автоматизированы государственные услуги по приему ...

Толығырақ »

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгінде Жетісай ауданында жалпы саны 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса оның 1167-сі 18 жасқа дейінгілер. Ал, сол 1167 жанның 340-ы Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебіне алынған. Буыны бекімей жатып денсаулықтың қадірін сезініп, мүгедектіктің қамытын киген бүлдіршіндердің «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы ...

Толығырақ »

ОН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан. Бүгінде Фердауси ауылындағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни әр жанұяға 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып ...

Толығырақ »

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҰСЫНУЛАР ҚАРАЛДЫ

«Antikor.Live» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес білім саласы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аясындағы ұсынулар қаралды. Онлайн шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжас, қала әкімінің орынбасары А.Мамытбеков, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева және барлық колледж, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты. «Өздеріңізге белгілі бүгінгі жиынның ...

Толығырақ »

ДЕНІ САУ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан облысы, Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны 27-ші мамыр күні Кентау қалалық жұқпалы аурулар аураханасына жатқызылған. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан коронавируске шалдыққан әйелдің жатыр тыртығынан қан кету қауіптілігіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасайды. Дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 кг, бойы – 51 см. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Сәби індеттен дін аман. Қазір бөлек ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балаларына «АЯЛА» қайырымдылық қорының басшылығы қонаққа келді. Қайырымды жандар 15 млн теңге қаражатына 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыстады. Балаларға қолдау көрсетіп, қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін қормен бірге әйгілі JOKEASSES командасының вайнерлері келді. «Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға ...

Толығырақ »

АҚМОНШАҚ

Бүгін күндегіден ертерек ояндым. Оныма себеп бар… Кешке Салтанат берген моншақты сөмкеме салып қоюым керек. Жылтыраққа əуестігім болмағанмен, затым əйел емес пе, мен де бір алтын тағып барайыншы деген ойым ғой. Өзімде осыған сай келетін сырға бар еді, оны іздейтін уақыт жоқ, «менде жоқ дегенге ешкім сенбейтін шығар» деп өзімді-өзім іштей иландырып қоямын. Сағат 8-ден асып қалыпты, жұмысқа жеткенше əлі ...

Толығырақ »

КӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ШАРУА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жергілікті кәсіпкер «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Алимбаев Аңсаған мал шаруашылығын дамытуға көшті. Қожалық иесі «Бастау – бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдіріп, «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен бизнес жоспарын әзірлеп, «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген. Нәтижесінде «Агробизнес» бағдарламасы аясында 30 бас сауынды сиыр, 13 бас сауынды бие сатып алып кәсібін жандандырып отыр. Салауатты өмір салтын ...

Толығырақ »

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН — БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ақмарал Жүнісованың қатысуымен онлайн — брифинг өтті. Брифингте ұлттық бірыңғай деректер қорын жетілдіру тұрғысында алдағы оқу жылында тәуекел дәрежесін анықтау және келесі жартыжылдыққа профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру үшін қандай ақпарат көздері қолданылатыны да сөз болды. Атап айтсақ: – Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАСА…

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі- сан түрлі мамандық пен сан түрлі кәсіп иелерінің еңбегімен іске асатыны белгілі. Алайда, қоғамның бір тұтқасын – қапарайым мамандық иелерінің ұстап тұрғаны анық. Сондықтан, қай елде болсын, мемлекеттің дамуына зор үлес қосатын орта буын кәсіп иелерін оқыту- басты мақсаттардың бірі. Мұндай үрдіс біздің елімізде де жалғасын тауып келеді. Мәселен, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекенінде ...

Толығырақ »

ШАРДАРАЛЫҚТАР БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1- маусым балаларды қорғау күніне орай Шардара аудандық білім бөлімімен «Біз біргеміз» қайырымдылық жобасы бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі балаларға базарлық жасады. Періште пейілді балғындардың қуанышымен бөлісіп, бағалы сыйлықтар табыс етті, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Балалар әрбір шаңырақтың қуанышы әрі мақтанышы. Олардың тәрбиесі ата – аналармен ұлағатты ұстаздардың мойнында екендігі баршамызға хақ. Балаларға әрбір күн мереке. ...

Толығырақ »

В ОБЩЕСТВЕННОМ ТРАНСПОРТЕ ШЫМКЕНТА ВНЕДРЯТ ЭЛЕКТРОННОЕ БИЛЕТИРОВАНИЕ

В Шымкенте в общественном транспорте будет внедрена система электронного билетирования. Об этом в ходе брифинга сообщил заместитель акима города Максут Исахов. Проект будет реализован за счет частных инвестиций компании «QazSmartTrans». Ввод системы в эксплуатацию планируется в июле, и уже с сентября он заработает в полную мощь. Стоимость транспортной карты составит 500 тенге. Они будут четырех видов: карты общего пользования, карты для ...

Толығырақ »

АВТОКӨЛІКТЕР СОҚТЫҒЫСЫП, ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл автокөліктер соқтығысып, жол апаты орын алды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін интернет желісінде бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде бейнежазба пайда болды. Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы 27.05.2020 жылы шамамен сағат 13.00-де Түркістан қаласында Шымкент-Самара тас жолында орын алғаны анықталды. «Донгфенг» автокөлігінің ...

Толығырақ »