Өмір бойы тақтан түспеген, тақтан түссе де, аттан түспеген, бюджет қаражатын майшелпекке айналдыруды меңгерген және қолынан бір сәт майлы жілік түспеген бұрынғы басшыларды әлі де төбелерімізге қойып келеміз. «Ардагер» деп ардақтағымыз келсе, неге қара жұмыстан көз ашпаған, адал да ащы маңдай терімен нәпақасын тауып, отбасын асыраған қарияларды ардақтамаймыз? Неге біз ішкені мен жегенін тоқтатпаған, ашкөздігімен және тойымсыздығымен әбден танылған жемқорларды жайына жібермейміз? Не себепті соларды төрімізге отырғызып, соларға дастархан жаямыз? Олар да ұялмайды екен, ашқарақтанып, тегін дастархан басына жайғаса қалады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген осы ма екен?
Әкімдіктер мен мәслихаттардың қаражаты тасып бара жатса, одан да бір жетімді тойдырсын, жемқорлардың жемсауын толтыра бермей!..
PS. Бір жиыннан кейін туған ой…
Әсет Әссанди