Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚҰРМЕТТІ МЕ, «ҚҰРМЕТТІ» КІРЛЕТТІ МЕ?

ҚҰРМЕТТІ МЕ, «ҚҰРМЕТТІ» КІРЛЕТТІ МЕ?

Біреу – шынайы құрметке бөленеді. Өйткені, елге жасаған жақсылықтары мол болады. Оған атақ-даңқтың, орден-медальдің еш қажеті жоқ – ел оның атақ-даңқтарын емес, өзін құрметтейді.
Екінші біреу – қарақан басының қамымен өмір бойы жүреді де, өзін жасанды құрметпен қоршап алады. Мәселен, міндетті түрде бір ауданның «Құрметті азаматы» атануы керек.
Үшінші біреу – «Құрметті азамат» атанса да, құрметінің қосылмағанына көзі әбден жетеді де, міндетті түрде сот арқылы өзінің құрметті екенін дәлелдеуге кіріседі.
Сонда қай «құрметтіні» құрмет тұтамыз?
қ-01 қ-04 қ-03 қ-02
Біреу «Құрметті азамат» атағын сұрап алады,
біреу – жылап алады.
 
Біреу – ұрысып алады,
біреу – тырысып алады.
 
Біреу – араға салады,
біреу – жалаға салады.
 
Біреу – жазам деп алады,
біреу – қазам деп алады.
 
Біреу – кеудесін қағады,
біреу – жейдесін қағады.
 
Біреу – арызға алады,
біреу – қарызға алады…
 
Ал, енді солардың арасында «Құрметті азамат» атағын берген өз аудандарына аяқ баса алмай қалғандар да бар. «Құрметінің» дәрежесі сол болса керек!..
Ә.Ә.

Пікір жазу