Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Февраль (страница 11)

Месячные архивы: Февраль 2020

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы өткен жылдың қорытындысымен республика көлемінде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орынды иемденді. Былтыр өңірде 55 845 бала туған. Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «2020 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне  сілтеме жасаған didarbek.kz. Басты мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының бағасын өсірмеу. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өздерінің тауарларын сатылымға шығарды. Жәрмеңкеге ...

Толығырақ »

ӘКІМДІК «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында облыс көлемінде едәуір істер атқарылуда. Осы бойынша Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев I топ мүгедегі Фарида Гаюповаға массаж жасауға қажетті кереует пен құрал-жабдықтарын тапсырды. Ф. Гаюпова Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың «Ашық есік күнінде» өз өтінішімен келген болатын. Көп күттірмей көмек беріп, мәселесін жіті назарға алған әкімдіктің жұмысына ризашылығын білдірді. ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша үздік үштікке енді. Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша алғашқы үштіктер қатарын толықтырды. Білім додасында Түркістан облысының 46 оқушысы бақ сынап, 22-сі жүлделі орындарға ие болды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласындағы Әл-Фараби ...

Толығырақ »

МЕДИАЦИЯ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Бүгінде Түркістан облысында медиация институтын дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешу бойынша медиация кеңесін құру жоспардағы мәселе еді. Осыған орай құзырлы орган мүшелері мен облысымызға қарасты кәсіби медиаторлардың басын қосқан жиын өтті. Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Өңірдегі медиация институтын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы Түркістан облыстық сотының ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары С.Жұмабаев және Б.Айдағараев облыс орталығындағы 3 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша білім бақылау департаменті мамандарына «Қазақстан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов облыстағы басқарма, аумақтық орган басшылары мен аудан, қала әкімдері кездесу өткізді, деп жазады ҚР  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында Болат Әлмұханұлы басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол берген жағдайда саяси қызметшілердің отставкаға өтініш беруі, бағынысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

Түркістанда мемлекеттік органдарда құқытық оқыту жалғасуда, деп жазады Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz. 17-19 ақпан күндері облыс орталығындағы 6 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өз жалғасын тапты. Түсіндіру жұмыстары АШМ аумақтық инспекциясы, Техникалық реттеу және метрология департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон депаратменті, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаменті қызметшілері ...

Толығырақ »

Түлкібаста ашық есік күні өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбаев «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Ашық есік барысында тұрғындар өзін мазалаған түйткілді сұрақтары бойынша толық жауап алып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласының жаңалықтарымен танысты. Корпорация қызметкерлері іс-шараға ...

Толығырақ »

НАҒЫЗ АЗАМАТТАР!

Апта бұрын Түркістан қаласындағы тұрғын үйдің бірі тілсіз жаудан өртке оранғанын және дер кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері ауыздықтағаны жөнінде БАҚ құралдарында жазылған болатын. ⠀ Осындай өрттің арасында қалған отбасының қызы мен екі немересін аман алып қалған Ғазиз Серікбайұлын шаһар басшысы Рашид Аюпов қабылдауына шақырып, алғыс хат тапсырды. ⠀ «Сізді «Бүгінгі күннің батыры» деп атаудың жөн екенін көріп отырмын. Өрт — ...

Толығырақ »

ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ЭКСПЕДИЦИЯ

«Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесі қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET бөлімімен бірлесе Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай қала жастарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге шеру өткізді. Шара барысында Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалды. Сондай-ақ, музей ортасына қойылған «Репрессия» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ТАР ҚАПАСТА ОТЫРҒАНДАРДЫҢ ӨКІНІШІН СЕЗІП ҚАЙТТЫ

Түркістан өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық — атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Науқанның негізгі мақсаты — оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру ...

Толығырақ »

БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН АЛҒЫС

Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджы аясында «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай орталық қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясын жалғастырды. Акция аясында белсенді жастар Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған «Абай саябағы» гранит қабырғасы және 140 000 мыңнан ...

Толығырақ »