Шымкент қаласының Тұран шағынауданы қаланың солтүстік-шығысынан келетін күре жолдың бойында орналасқан. Бүгінде Тұранның биік-биік үйлері менмұндалап, шаһардың көркіне көрік қосып тұр. Қазіргі күнге дейін онда 28 көп қабатты үй бой көтеріп үлгерді. Оның 16-сы 5 қабатты, 12-сі 9 қабатты тұрғын үй. Аймақта жол, газ және кәріз жүйесі қолға алынып, тұрғындарға жағдай жасалуда. Шағынауданның инженерлік-коммуникация жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ТОЛEРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДEЛІ
Жeтісудің төріндe Қазақ хандығы болып құрылып тарихи қалыптасу барысында бүгінгі Қазақ Eлінe айналғанша күрдeлі конглeмeрат рeтіндe қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-дeн астам бір-бірінe ұқсамайтын дәстүрлeрі саналуан, бірнeшe діни-конфeссионалдық бірлeстікт eрден тұратын этностар кіреді. Осындай әртeктілік жағдайында әлeмді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бeйбіт қатар өмір сүруінe мүмкіндік бeрeтін eң дұрыс шeшім қандай дeгeн сауал әрбір саналы Қазақ ...
Толығырақ »САЛАФИЛІК ИДЕОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ҰЙЫМДАР
Александриялық салафилер мектебі – өткен ғасырдың жетпісінші жылдары египеттік студенттердің белсенділігі нәтижесінде пайда болған «Әл-жамаға әл-исламия» ұйымынан бөлініп шыққан студенттерден құралған ұйым. Сол кездегі «Әл-жамаға әл-исламия» ұйымының көптеген өкілдері Мұсылман бауырлар (МБ) қозғалысының мүшелігіне кіре бастады. Қазіргі таңда бұл ұйымның әйгілі уағызшылары – Мухаммад Хассан, Мухаммад Хусайн Яъқуб және Абу Исхақ Хуайни. Олар Египеттің және басқа елдерге тиесілі кабельді телерадио арналарда, ...
Толығырақ »ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ
«Террор» және «терроризм» терминдері «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» мағынаны білдіреді. Қалыптасқан анықтамаларға сәйкес террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Мамандарының пайымдауынша, «террор» термині орасан зор үрей салатын және жекелеген адамдарды қаймықтырып, тоздыратын іс-әрекетті, амалды білдіреді. Ал, «терроризм» дегеніміз саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін іс жүзіндегі билікті, режимді заңнан тыс ...
Толығырақ »Хизбут-Тахрир әл-Ислами ағымынан сақ бол!
«Хизб-ут-Тахрир» партиясы ұйымын Палестинада дүниеге келген Такиу-д-Дин Набхани (1908-1977) құрды. Ол сенімі бойынша ауытқушы мутазиля (мутазалиттер – барлық мәселелерде ақылға жүгінетіндер) ағымына жатады. Т.Набхани әл-Азхар университетін бітіргеннен кейін Палестинаға оралып мұғалім, судья болып жұмыс істеген. 1952 жылы өз партиясын құрып, қалған өмірін оны басқаруға, партияның мәдени және идеологиялық бастауы болып табылатын еңбектер шығаруға арнады. «Хизб-ут-Тахрир» үгітінің басты мақсаты халифатты қалпына ...
Толығырақ »ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ
Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыны белгілі. Мұсылман қазақ ұлтының отаны – Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Қазіргі жастардың шетелде білім алып, болашағына сеніммен қарап, Отанына керекті маман боламын деген ұмтылыстары діни оқу орындарынан бөлек құптарлық іс. Өкінішке орай, Таяу Шығыс елдерінде соңғы ...
Толығырақ »Әлеуметтік желі — радикализмнің басты ошағы
Ғаламтор — дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушылардың бір-бірімен мәліметтер алмасуына тиімді құрал. Өзіміз білгіміз келген қажетті мәліметтердін жауабын, ғаламтордан тез әрі оңай табамыз. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын тигізетін ақпараттар жетерлік. Соның бірі – діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері. Ғаламтор желісімен таратылатын радикалды бағыттағы діни идеологиялардың көздейтіні – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және ...
Толығырақ »КЕРЕҒАР ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса мәдениет, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Ұлттық ...
Толығырақ »КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ
Дін – қоғамның ең қажетті саласы. Дінді күнделікті өмірден бөліп қарау мүмкін емес. Себебі дін – имандылықтың кепілі. Сол себепті егеменді ел болып қалыптасуымызда өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны ерекше. Бүгінде қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі артып келеді. Діндар мен діни бірлестіктердің саны үнемі өсіу үстінде. Бүгінде қазақ жерінде 130- ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Еліміз конфессияаралық ...
Толығырақ »Діни фанатизм – қоғамымызға қауіп төндіруші фактор
Қазіргі әлемдегі терроризмге, экстремизмге және оның құбылыстарына қарсы күрес жеке мемлекеттер мен жалпы әлемдік қоғамдастық үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мұны соңғы кездері жаһандық құбылысқа айналып, жеке және ұлттық бірегейлікті өзгертетін лаңкестік әрекеттердің көлемі мен сипатымен түсіндіруге болады. Осыған орай, терроризм мен діни экстремизмді жеңу мен жоюдың барабар әдістері мен тетіктерін әзірлеу үшін осы құбылыстардың мәнін нақты анықтау қажет. ...
Толығырақ »Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарттық агентігі. Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. ...
Толығырақ »Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды
Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 2022 жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 8359 отбасыға (40 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды
Шымкент қаласында санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі) курорттарымен келісім шарттар түзілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 736 зейнеткерге жолдама беріліп санаторлық-емдеу курорттарына жолданып ...
Толығырақ »Биыл Шымкентте 25 мыңға жуық жұмыс орны құрылады
Биыл Шымкент қаласында 24 196 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орны (тұрақты – 14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Мұратбаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжар шағын ауданындағы 1,8 шақырымды құрайтын Мұратбаев көшесіне және Мұратбаев көшесінің тұйығы № 1,2,3 көшелеріне асфальтбетон қабатының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталмыш жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, төселген асфальттың қалыңдығы 10 см құрады. Сонымен қатар, көшеге бір жақтама аяқ жол салынады. Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға ...
Толығырақ »«Біздің полиция» – спортшы Айдана Тұрсын
Қазіргі таңда спорттың алуан түрі баршаға мәлім. Ережелері әртүрлі болғанымен мақсаты жеңіс болатын әр спорттың өзінің жанкүйерлері бар. Оның ішінде құқық қорғау органдары мен әскерилерге, құтқарушыларға арналған спорт салалары да көп. Бүгін «Біздің полиция» айдарында тілсіз жауды тізгіндеп, ұтқыр қимыл арқылы құтқаруға бағытталған өрт сөндіру-құтқару спорты және онымен айналысып, жетістіктерге жетіп жүрген ару Айдана Тұрсын туралы айтпақпыз. Таяуда ғана, 2022 ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ
Түркістан облысы, Отырар ауданында ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 92 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты іс-шара өтті. «Шәмші» саябағында өткен іс-шара ұлы сазгердің ескерткішіне гүл қою рәсімі, кітап және сурет көрмесімен жалғасып, Шәмші музей үйін тамашалаумен бастау алды. Одан соң Отырар аудандық мәдениет сарайының қыздар дуэті шырқаған «Отырардағы той» әні халықтың көңілінен шықты. Жиынның ашылу салтанатында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК АЗАМАТ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ
Шымкентте «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі өтті. «Дара» дарындыларды қолдау қоры, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға қала жастары белсене қатысты. Белтемірге тартылу сайысында ең көп қатысушылар тіркеліп, сонымен қатар, рекордтық нәтиже жаңарды. «Мұз сарайы» спорт кешенінде өткен турникке тартылу бәсекесі таңнан кешке дейін жалғасты. Көше спортының мықтылары, сонымен қатар, белгілі балуандар мен ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: № 107 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстары барысын тексерді. 2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ...
Толығырақ »Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құраммен жедел кеңес өтті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі А.Жүзжасаров төрағалық еткен кезекті жиын өтті. Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Ш.Қожахметов, КАС «Даму» атқарушы директоры А.Битебаева мен тәртіп сақшылары қатысты. Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ талқыланды. ...
Толығырақ »Теріс ағымдардың негізгі белгілері
Қазіргі таңда мемлекетке, қоғамға, жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Деструктивті діни ағымдар өз жақтаушыларын пайдалана отырып, үстемдігін күшейту үшін, діни, діни-саяси, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттайтын авторитарлық ұйым болып табылады. Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ...
Толығырақ »Діни экстремизм шығу негіздері
«Экстремизм» (extremus) – латын тілінен енген термин, сөздік мәні «соңғы, шеткі» деген мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша – бұл шектен шыққан көзқараспен және іс-әрекетімен ерекшеленетін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сонымен қатар, ашық немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Діни экстремизм ұғымы – шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс ...
Толығырақ »Псевдосәлафизм зайырлы қоғамға аса қауіпті ағым
«Әс-сәлафия» араб тілінде «алдынғы өткендер, бұрынғылар» яғни «бұрын өмір сүрген бабалар, ізгілер, аталар» деген мағына береді. Терминдік мағынасында «ізашарлар, жол салушылар, негізін қалаушылар» деген мағыналары бар. Ал, теологиялық қолданыстағы «әс-сәлафу салихин» — «ең қайырлы буын» ретінде Мұхаммед пайғамбардың сахабалары, олардың көзін көргендер «табиғин» және табиғиндерге ерген «әтбаға әт-табиғиндер» болып үш ғасырда өмір сүргендер есептеледі. XIII ғасырда Тақиуддин ибн Тәймия фиқһ ...
Толығырақ »Дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қоғам
Қазақстан – экономикалық өсуі тұрақты, саяси жағдайы мен қоғамдық келісімі қалыптасқан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Бүгінде дәстүрлі дін рухани өмірдің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық өмірден шеттетілмейді. XX ғасырдың соңында кеңестік жүйеде жаңа саяси-қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы ұлттық танымның қалыптасуы мен рухани құндылықтардың дамуына әсер етті. Бұған осы мемлекеттердің жаппай дәстүрлі діни құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне көңіл бөлуі дәлел ...
Толығырақ »Ислам — отансүйгіш дін
Ислам діні сансыз көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген бейбіт дін. Сондықтан қасиетті Құран кәрім адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтауын, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасқанын құптайды. Құран тағылымы адамдарды жақын туыстар мен достарға, жолаушыларға, таныс пен бейтанысқа бірдей әділет көзімен қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік ...
Толығырақ »