Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 11)

Ауыл жаңалықтары

ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымның аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, қала, ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Мәжіліс күн тәртібінде екі мәселе қаралып, аудандық мәслихаттың әлеуметтік желідегі парақшасына тікелей эфирде трансля́цияланды. Төлеби ауданы халқын ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАР ҮЙІРГЕЛІК ЖЕРІНЕ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЕГУДЕ

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахылбеков Құдабек Жамбылұлы 0,50 га үй іргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен. Өңірдің топырақтық-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үй іргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде. Таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі: жемістері ірі әрі жоғары сортты өнім береді. Салмағы бес ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІН САЛУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде. Аталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен ...

Толығырақ »

«Тазалық табалдырықтан басталады»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Сауран, Яссы секторларында өткен тұрғындармен кезекті кездесуінде тазалық мәселесі өзекті болды. Жиынға қатысқан қала тұрғындары шаһардың жайнап-гүлденуіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтумен қатар әрбір қала тұрғыны қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастап, қаламызға жанашырлық таныту керектігін айтты. Сонымен қатар, әкіммен кездесуге тұрғындар инфрақұрылым, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, жер телімі, тұрғын-үй кезегі және тағы да басқа жеке ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ИНВЕСТ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз» деп Үкіметке жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Осы орайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде. «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ ЕКІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 білім ұясы халық игілігі үшін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан мектептердің құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Құрылыс басында мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма міндеттеді. Кедергілер орын алған жағдайда, дер ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ, ӘУЕ ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды. Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ӨТІНІШТЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

Түркістан қаласы, “Отырар” тұрғын алабында әкіммен кездесуге келген тұрғындардың басым бөлігі Жаңа қала аумағындағы көпқабатты үйлердің сапасын, ойын алаңшалары бойынша мәселе көтерді. Бұл бағытта қала әкімінің ұйымдастыруымен соңғы 2 жылда бірқатар жұмыстар атқарылды. Арнайы штаб құрылып, жұмысшы топтар жасақталды. Нәтижесінде 89 көпқабатты үй зерделеніп, 37 ақаулық акті түзілді. Әкімдік тарапынан 13 мердігерге хат жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді. Ал, 4 мердігер ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАЛА ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Отырар”, “Шауғар” тұрғын алаптарындағы кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, жұмыспен қамту, үйіргелік жер кезегі, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселелері көтерілді. Кей сұрақтар бойынша тұрғындарға заң талаптары түсіндірілді. Қабылдауға кірген 13 азаматтың өтініштері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Келесі кезекте әрбір сұрақ-өтініш бойынша заң шеңберінде жұмыстар ...

Толығырақ »

ҰСЫНЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНЫП, МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде жергілікті атқарушы билік халықты толғандырған мәселемен етене танысып, бұл бағытта жұмыс жүргізуі қажет. Билік бұқараға барынша жақын болып, алдына келген әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заң аясында шешім табуы бағытында еңбек етуде. Сөзіміздің дәлелі, аудан әкімі Төлеген Телғараев орынбасарларымен бірге аптаның бір күні бекітілген кестеге сай жеке қабылдау өткізеді. ...

Толығырақ »

СЕНАТОР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына сапар аясында ҚР Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Өз сөзінде Сенатор Мемлекет басшысы белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ жиын барысында өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты талқылап өз пікірлерімен бөлісті. Түркістан қаласында адами әлеуетті дамыту, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК 100% ЖАҢАРДЫ

Түркістан қаласында 2021 жылдан бастап 3 жылда қоғамдық көліктер 100%-ға жаңартылды. Оның ішінде 2024 жылы 40 автобуспен толықты. Шаһарда 2020 жылы 21 бағытта 220 шағын автобустар қызмет көрсететін. Қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Бағыттарда 300-ге жуық жүргізуші қызмет атқарып, тұрақты жұмыспен қамтылған. Жолаушылар 2 тасымалдаушы мекемеге тиесілі, сыйымдылығы жоғары автобустармен тасымалданады. Олардың бірі «Жолаушы» ЖШС қала тұрғындарына сапа ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІ 95%-ҒА ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Облыс орталығы мәртебесін иеленгелі Түркістан қаласының даму қарқыны күшейді. 2020 жылы шаһар көшелерінің 44,6% жарықтандырылған еді. Ал 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандыру көрсеткіші 80%-ды құрады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы құрылысы жоспарланған 218 көшедегі жұмыстар аяқталған соң, қала көшелерінің жарықтандырылуы 95%-ға жетеді. Бұл шаһар тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен қаланы көрікті ету мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Табиғаты таңғажайып Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы аудан. Мәселен, соңғы жылдары ауданға тартылған негізгі инвестицияның басым бөлігі осы салаға тиесілі. Oсы ретте  Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету және саладағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын пысықтау мақсатында мәжіліс өтті. Жиынға жауапты бөлім басшысы мен ауылдық округ, кент әкімдері аудандық статистика басқармасының басшысы және жауапты мамандар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 1200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлік нысан иелері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тазалық шарасы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығына сақтауға бағытталған іс-шара ауданның 55 елді мекен, 500-ден астам көшелерінде ұйымдастырылды. Жалпы аудандық тазалық шарасына 1200-ге жуық тұрғын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АҚСАҚАЛДАР БАСТАҒАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласының тұрғындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене атсалысып келеді. Бүгін кезекті рет облыс орталығында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған қаланың жанашыр тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар қатысты. Сенбілік іс-шарасы барысында қала аумағындағы 11 көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Жолдардың бойы мен арық-атыздар қоқыстан тазаланып, шөптер орылып, ағаштар ретке келтірілді. Бұл жұмыстарға 800-ден астам адам қатысып, 22 техника ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУ КУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

Халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы Төлеби ауданында жалғасуда. Халықтың шамадан тыс несие алуы – өте өткір мәселе болғандықтан, олардың банктің жұмыс жүйесімен таныстыру көзделген. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың басым бөлігінің 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар. Қазіргі кезде көпшілік адам өздеріндегі шығынды несиемен өтеуге құмар. Сол себепті де көбінің шығыны кірісінен асып түседі. Тіпті ...

Толығырақ »

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ САУДА ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Түркістан қаласында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді. Қала аумағында орналасқан базарлардың тазалығы да тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға жауапты мекеме және жауапты қызметкерлер бекітіліп, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Бірінші ауысымға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 15 қызметкер тартылған. Ал екінші ауысымда 3 арнайы техника және 8 адам тазалық жұмыстарын атқаруда. Түркістан қаласында орналасқан сауда орындарының иелерінің ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппарат мәжіліс өтті. Мәжіліс отырысында үш мәселе қаралды. Су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарының барысы және үш жақты келісімнің орындалу жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Ауылшаруашылық саласының бес айдағы өнім көлемі 11 млрд 773,8 млн теңге, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 406,7 млн теңге. Тамақ өндірісіне тартылған инвестиция 1291,30 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Түркістан қаласында жыл басынан бері 32,8 шақырымды құрайтын 35 көше орташа жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта 15,3 шақырымды құрайтын 19 көшенің құрылысы жалғасуда. Атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығындағы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 49,3 пайызға жетті. Асфальт салу жұмыстары инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталған, жол жабындылары табиғи тапталу кезеңінен өткен көшелерде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 94 көшеге орташа жөндеу ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТЕР ҮШІН «ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Түркістан облысынының орталығы Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді. 2024 жылы Түркістан қаласы «Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесіне ие болды. Киелі шаһарда құрылыс қарқын алып, туристік нысандардың саны да артып келеді. Өңірде туризм саласын дамытуға басымдық берілген. Туристерге қызмет көрсету саласын дамыту бағытында үшжақты меморандум аясында «Туристік ақпараттық орталық» қайта құрылып, өз жұмысын бастады. Орталықта келушілерге тарихи және ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ҚАЛАЛАР ӘРІПТЕСТІК ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТПАҚ 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау үшін Вэйнань қаласы халық үкіметінің қала әкімі Чен Сяоюн, Шэнси провинциясының халықаралық достық қоғамы төрағасының орынбасары Цао Хуэймен кездесті. Кездесу қорытындысымен Түркістан қаласы мен Вэйнань қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту, бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. — Түркістан күллі түркі әлемінің рухани астанасы ...

Толығырақ »

ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Биылғы жылы Түлкібас ауданының орталығындағы Нұршуақ мөлтек ауданынан 20 пәтерлік екі көп қабатты тұрғын үйдің және Бақыбек мөлтек ауданынан 48 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысандардың қабырғасын және ірге тасын қалау жұмыстары жеке кәсіпкерлер есебінен атқарылуда. Бұл туралы бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »