Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 21)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАНДА «БАЛ ТАҢДАЙ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ЖАС ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының концерт залында облыстық «Бабадан қалған – асыл сөз» жас термешілер байқауы өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы биылғы «Балалар жылына» орай Түркістан қаласында жыл басынан бері «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалін ұйымдастырып келеді. Жыр додасын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров ашып беріп, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ОРМАН АЛҚАБЫ ҰЛҒАЮДА

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл Аймақ» КММ-сіне қарасты жер телімдерінде 2019-2020 жылдар аралығында 4700 гектар алқапқа 11 миллионнан астам жапырақты ағаш көшеттері өсірілген еді. Былтыр жоспар бойынша көктемде Түркістан қаласы айналасына 3000 гектар жер телімдеріне 7 миллион данадан астам әр түрлі жапырақты ағаш көшеттерінен мәдени екпе алқаптары отырғызылды. Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» құруға облыстың ...

Толығырақ »

Сайрамда «Мұхтар әлемі» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті

Қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым, жазушы, көркем ойдың алыбы, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 125 жыл. Ұлының ұлылығын дәріптеп, еліне еңбегі сіңген жазушының мерейтойына орай, бүгін Сайрам аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мұхтар әлемі» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе – білім, ал сол білім кітапта», деп М.Әуезов айтқандай, өскелең ұрпақтың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДАРҒА ИНТЕРНЕТ ОРНАТЫЛДЫ

Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісті. Түркістан облысының Цифрланландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен отандық танымал Kcell компаниясының арасында түзелген меморандум аясында ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУҒА АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ АЙТЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылдық округінің орталығын ретке келтіру мәселесін қарап, нақты тапсырмаларды берді. Бұл жиынға аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Б.Зиятаев, учаскелік полиция қызметкері, аудан әкімінің орынбасарлары М.Оразалиев және Б.Хасанов, әкім кеңесшісі Р.Есполай, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев, тиісті дербес бөлім басшылары және Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі К.Абдилахатов қатысты. Алдымен ауылдық округінің әкімі ...

Толығырақ »

АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін Төлеби ауданына қарасты Сарқырама елді мекенінің 20-ға жуық тұрғыны жиналып, Ақсукент ауылындағы автобекетте «Янс» ЖШС-імен Ақсукент-Аққала бағытындағы қоғамдық тасымал бойынша көрсетіліп жатқан қызметіне қарсылықтарын білдірді. Осы азаматтар аудан әкімдігінің ғимаратына шақыртылып, Сайра  ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қабылдап, түсіндірді. Мәселенің мән-жайымен танысып, зерделеу үшін «Түркістан» телеарнасының тілшісі жиынға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында балалар жылына орай қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Ұлы Дала Елі Орталығы» кубогі үшін тоғызқұмалақтан сайыс өтті. «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты аталмыш сайысқа Түркістан қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» үйірмесінің оқушылары қатысты. Тоғызқұмалақ – шахмат сынды ақыл-ой дамытуға арналған ежелгі ойын. Бұл ойын түрі екі адам арасында арнайы ...

Толығырақ »

Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары

«Ұлы Дала Елі» орталығына қарасты Нұртас Оңдасынов музейінде Қэқазақ батыры — Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдығына орай «Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары» атты тақырыпта арнайы іс-шара өтіп, батырды еске алды. Танымдық кештің мақсаты батыр тұлға – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы өскелең ұрпаққа мәлімет беру, оның ерлігі жайында кеңінен талқылау, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын түсіндіру. «Қаракерей Қабанбай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КИНО ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

Биылғы «Балалар жылына» орай «Оңтүстікфильм» мекемесі өңірде түсірілген көркем және анимация туындыларын тұрақты түрде насихаттап келеді. Осы орайда, Түркістан қаласында білім ошақтарында кинокөрсетілім өтуде. Атап айтсақ, осы бағытта мекеме ұжымы қараша айының алғашқы жартысында түркістан қаласындағы №24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мен №26 Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырды. Аталған оқу ордаларында 600-ден аса білім алушы жергілікті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Облыс орталығы Түркістан қаласында 17 жылу беру қазандық блогы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков айтты. – Биыл қалада жылу беру маусымы 27 қазанда басталды. Қалада 17 жылу беру қазандығы бар. Бұл қазандықтар арқылы барлық 155 көпқабатты тұрғын үй, яғни 7798 пәтер жылумен қамтылып отыр. Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТАДЫ

Түркістан қаласындағы рухани-мәдени нысандардың қатары артпақ. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев 9 айдың есептік қорытындысында айтты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. ...

Толығырақ »

«ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК»: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ЭКО-АКЦИЯ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ

Түркістанда «Орман шаруашылығы қызметкері күні» кәсіби мерекесіне орай «Отбасыңмен он тал ек» ерекше эко-акциясы биыл да жалғасын табады.  Былтыр бастау алған акция ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды ағаш егуге жұмылдыру арқылы табиғатты қорғауға ынталандыру, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақсатында ұйымдастырылуда. Облыс орталығында акция аясында алты секторда ағаштар отырғызу жоспарлануда. Айта ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТАДЫ

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев 9 айдың есептік қорытындысында айтты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында қоғамдық маңызы бар «Түркістаным-Тұраным» қолөнер шеберлері, фотокөрме, суретшілер көрмесі байқауының бүгін жүлдегерлері марапатталды. Ережесі мен шарттары әлеуметтік желіде алдын-ала жарияланып, үміткерлер өз туындыларын ұйымдастыру алқасына ұсынған болатын. Қазылар алқасының құрамы жұмыстарды саралап, үздіктерді анықтады. Үш жанр бойынша өткен байқаудың негізгі мақсаты — ұмыт болып бара жатқан қолөнерді дамыту мен жандандыру, ел ішінде елеусіз жүрген қолөнер шеберлері мен ісмерлер, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Түркістан облысын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте аталған саладағы мәселелер мен жоспарлар талқыланды. Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиеваның айтуынша, өңірде туристер санын арттыру бағытында жан-жақты зерттеулер, сараптамалар жасалып, жұмыстар атқарылуда. Түркістанның басты бренді әрі құндылығы – Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі. Бүгінде зиярат етушілері саны артып келеді. Дегенмен туризм өңірге нақты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТҮРКІТАНУШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ

2022 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды оқыды. Мемлекет Басшысының құттықтауында «Ұлт ұстазы атанған Ахаң түбі бір, тарихы тамырлас елдер үшін аса құнды ғылыми-танымдық мұра қалдырды. Сол себепті оны барша түркі ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕТІН ОРЫНДАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған 4 топ мүшесі Сайрам ауданына келді. Топтың құрамында аталған департаменттің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Үсіпбаев Бауыржан Кеңесбайұлы, осы басқарманың бас маманы Төлегенқызы Гүлмира және «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы болды. ...

Толығырақ »

Сайрам ауданы прокуратурасымен бірлескен құқықтық оқыту жиыны өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектепте, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2022 жылғы 3 қарашадағы №15-6/933-И хаты негізінде, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 11.1.2022 жылдың №27-08-07/336 санды хаты, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 09.11.22 жылғы №11/01-09/1927 санды хаты негізінде 2022 жылғы 10-20 қараша аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖАС ЖАМБЫЛДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Күні кеше облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының концерт залында “бала Жамбыл” атымен көпшілікке танылған жас ақын, Республикалық жыр бәйгелерінің жеңімпазы Жамбыл Дүйсеновтың «Тәуелсіздігім-тұмарым» «Бірлігім-ұлы ұраным» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке Түркістан қаласының ардагерлер алқасының төрағасы, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері,Түркістан қаласының құрметті азаматы Құлбайымбетов Жарқынбек ашып, жас ақынға батасын берді. Одан соң сөз алған Түркістан облыстық мәдениет басқарма басшысының орынбасары Темірхан ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының 2022 жылғы 14 қарашадағы бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызы тағайындалды. Жаңа басшыны облыстық салалық басқарманың бас маманы А.Оспанов және аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев ұжымға таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызы бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданында 1971 жылы ...

Толығырақ »

Ірімшіктің төрт түрін өндіреді

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында ірімшіктің төрт түрін өндіретін «Рассвет» деп аталатын өндірістік кооператив бар. Аталмыш ауданға іссапармен барғанда осы өндірістік кооперативтің басшысы Жанболат Алпысбайұлына жолығып, зауыттың жай-күйімен танысқан болатынбыз, деп жазады  «Ońtústik Qazaqstan» тілшісі Д.Бименованың мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.  Өндіріс орны екіге бөлінген. Оның үлкен бөлігінде ірімшік өндіріледі екен. Ішке енгеннен бізге Түркиядан әкелінген техникалардың гүрілдеген дауысы ...

Толығырақ »

Call-центры на время выборов президента запустят в 4 районах Шымкента

В это воскресенье 20 ноября в Казахстане пройдут внеочередные выборы президента РК. К значимой для страны политическому мероприятию избирательные участки и комиссии готовятся тщательно. О том что делать, тем кто не прописан, и как он должен проголосовать, читайте далее. К предстоящим внеочередным президентским выборам Шымкент готов, уверяет председатель городской избирательной комиссии Кайырбек Кунанбаев. Подготовлены паспорта участков, ящики для бюллетеней, кабины ...

Толығырақ »

Төл теңге – тәуелсіздік келбеті

Бүгін елімізде Ұлттық валюта — теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi аталып өтуде. Ел егемендігінің белгісі – мемлекеттік рәміздер ғана емес, сонымен қатар ұлттық валюта да тәуелсіздік атрибуттарының бірі. Ұлттық валютаны қалыптастыру көп күш пен еңбекті талап ететін күрделі үдеріс. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮЗДІК МАУСЫМДА 120 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛЕДІ

Түркістан қаласында күннен-күнге көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. 2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 120 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Оның ішінде мыңнан астамы жеміс ағашы болады. Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн. шаршы метрге жетті. 70 мың шаршы метрге түрлі гүлдер егілген. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен. Күздік маусымда «Отырар» ықшамауданына – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «МАҒЖАН» СПЕТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Түркістан музыкалық драма театрының қоржыны тағы бір тамаша қоғамдық маңызы бар туындымен толықты. 12-13 қараша күндері Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынды. «Мағжан» қойылымының идея авторы – Айнұр Көпбассарова, Түркістан музыкалық драма театрының директоры – Әлімхан Мырзахан, туындының қоюшы режиссері – Давиде Ливермор, режиссері – Chiara Ocella. Екі күн қатарынан қойылған ...

Толығырақ »