Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 32)

Ауыл жаңалықтары

ҚАЗЫҒҰРТ: «Қақпақта» қарқынды жұмыс бар

Қазығұрт ауданына қарасты Қақпақ ауылдық округінде қолға алынып жатқан жұмыстар көп. Қай салада болмасын ілгерілеушілігімен көзге түсіп, мол табысқа қол жеткізіп отырған ауылдық округ өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы «Алтын күз – 2022» мерекесінде «Озат ауыл округі» деп танылып, бірінші орынды жеңіп алды. Мұндағы Қақпақ, Заңғар, Сырлысай елді мекендерінде жалпы жеті мыңнан астам халық тұрады. Үш жалпы орта білім беретін ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСУ МЕРЗІМІ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛУДА

Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов мердігер тарапынан «Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысаны бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасы және белгіленген мерзімде толық іске қосылуын қадағалау мақсатында қажеттілігіне қарай арнайы жұмысшы топты құрып, күнделікті бақылау жасауды ауызша тапсырған болатын. Осы мақсатта, аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »

Сайрамның шаруаларымен ағын су проблемасы талқыланды

Бүгін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының, «Ақсу» МКК-ның басшыларының қатысуымен ағын сумен шаруаларды қамтамасыз ету проблемасы талқыланды. Сайрам ауданы бойынша суармалы жер көлемі 18 500 га, оның ішінде үй іргелік жерлер 5 073ьга, суармалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірет жерлер 13 427 га құрайды. Суармалы жерлерді ...

Толығырақ »

БҮГІН СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезекті екінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық бөлім және мекеме-ұйым басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Алдымен өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Сыздықовтың төрағалығымен 15 мәселе пысықталып, аудандық мәслихаттың сессия отырысына қарап, бекіту үшін ұсынылды. Салаларға ...

Толығырақ »

Ауызбіршіліктері мығым, тірліктері тиянақты

Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінің он бір мыңнан аса тұрғыны негізінен мал өсірумен және диқаншылықпен айналысады. Қазақ, орыс, өзбек, татар, башқұрт, әзірбайжан, ұйғыр ұлттарынан құралған ауылдың ауызбіршілігі мығым, тірлігі тиянақты. Ауылда тойхана, тамақтандыру орындары, шаштараз, әсемдік салондары мен мал азығын сататын орындар жұмыс істеп тұр.  Дүкендерде азық-түлік, кеңсе заттары, автобөлшектерден бастап, электронды тұрмыстық техникаларға дейін табылады. Дәрігерлік амбулатория мен емхана, ...

Толығырақ »

САЙРАМДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Сайрам ауданы  Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несиені алу жолдары түсіндірілді. Бұл жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданына қарасты суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. Аудан аумағындағы каналдарды тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудандағы Құтарыс ауыл округінің аумағында орналасқан коммуналдық меншіктегі «Мұсабек», «Қызылжар» және «Оймауыт» каналдарына жоспарға сәйкес механикалық тазалау жұмыстары басталды. Тазалау жұмыстары ұзындығы 15 шақырымды құрайтын бөлігіне жоспарланған. Бұл жұмыстарға аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу ...

Толығырақ »

БЕЛСЕНДІЛІК БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысы жылдан-жылға артып, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, инвестиция тарту және басқа да маңызды салалар бағытында жұмыстар атқарылуда. Сайрам ауданы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айжан Кембаеваың мәліметіне сәйкес, өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 241,2 млрд теңгені құрап, өсім 36 млрд. теңгеге жетті. Агроөнеркәсіп ...

Толығырақ »

САЛАДАҒЫ СЕРПІНДІЛІК

Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы — ел экономикасының тірегі. Сайрам ауданында да осы 2 саланың жұмысында ілгерілеушілік бар. Былтыр біздің аудан аймақта топ жарды. Мерейіміз өсіп, шаруалар өз ісіне шабытпен қайта кірісті. Осы жетістіктердің мәнісін білу үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа барып, төмендегідей мәлімет алдық. Ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 124,2 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР ҚАТАРЫ КӨП

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері сайрамдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының азаматтарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, ...

Толығырақ »

САЙРАМДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленсе, соның 49,6-ы егістік жерлерге орналастырылды, яғни жоспардың 94% орындалды. Атап айтқанда, 13,0 мың га күздік бидай, 2,9 мың га арпа, 7,9 мың га майлы дақылдар, 16,0 мың га мал азықтық дақылдары, оның ішінде жаңадан егілген жоңышқа 3,3 мың га, 5,1 мың га көкөніс, 4,2 мың гектар жерге ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің Таскешу елді мекеніне газ берілді. Бүгінгі таңда 310 тұрғын үй көгілдір отынға қосылды. Мұнан алдын аталған ауылдық округтегі Сарыарық елді мекенінің 77 тұрғын үйі, сондай-ақ Тоған елді мекенінің 48 тұрғын үйі газбен қамтылған болатын. «Таскешу ауылын табиғи газбен жабдықтау» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған. «Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысында қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтан жалтарудың алдын алу бағытында жұмыстар күшейеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте осы мәселе талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды. – Облыста салық пен бюджет түсімін арттыруға мүмкіндік бар. Полиция департаменті мен инвестицияға жауапты басқарма заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды зерделеп, келісімшартты орындамағандары үшін тиісті шара қолдануы қажет. Бұл тараптан да салық толық түсуі қадағалансын. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КӘСІБИ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданында «Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуды аяқтаған 43 азаматқа өз ісін бастауға қажетті құрал-жабдықтардың сертификаттары табысталды. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, жобаның авторы Айжан Нұрланова, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашова, «Самұрық- Қазына» АҚ өкілдері қатысып, жоба түлектеріне сәттілік тіледі. – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 25 ӘМБЕБАП ДҮКЕН ИЕСІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум түзілді. Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт. Бағаның өсуі анықталған жағдайда келісімге тұрған дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі. Бұдан бөлек, азық-түлік бағасының тұрақтылығын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 16 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ПЕН ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аталған жылыжайда болып, жұмысымен танысты. Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Облыс әкімінің орынбасары газ, су, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің қолжетімділігіне тоқталып, шаруалармен пікір алмасты. Қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 860 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ мал азықтық дақылдары, көкөніс, картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Әлеуметтік маңызы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

Түркістан облысында 3,5 млн. 144 мың гектар орман қоры жері бар. Оның 50 %-ға жуығы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 16 200 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 32, 6 млн. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАРДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ІСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Тұран су» МКК меншігіндегі су жүйелерінің жағдайымен танысты. Мақсат – көктемгі егістік науқанына дайындықты пысықтау, шаруаларды ағын сумен қамту ісін жүйелеу. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шаруаларды ағын сумен қамту ісі тұрақты бақылауда. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиеселі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су ...

Толығырақ »

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі-терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайровтың төрағалығымен кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, «Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласының ТҚК жұмыс топтарының 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есептері» бойынша тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» АТТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті. Жиынға «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева модераторлық етті. Аталған шара Қазақстанның іскер әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмыскер әйелдерді дәріптеп, олардың мәртебесін өсіру мақсатында ұйымдастырылды. Форумға мемлекеттік мекемелер, өңірдегі бизнес қауымдастық өкілдері, мәслихат депутаттары қатысып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИ АНТОЛОГИЯСЫ» КІТАПТАР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары, ясауитанушылар, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, жастар қатысты. Іс-шарада сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ел руханияты тағы бір қазынаға молайғанына тоқталып, бұл кітаптың жас ғалымдар үшін маңызды көмекші құрал екенін атап өтті. – Халқымыздың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 2022 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда «Жыл үздігі-2022» атанған азаматтарды марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен, отаншылдығымен танылған түрлі сала өкілдерін құттықтады. – Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының мәртебесі әрқашан биік екенін айтқан болатын. Бүгін біз өңірдің дамуына үлес қосқан үздіктерге құрмет көрсетеміз. Елінің патриоты, мемлекетшіл тұлғалардың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ÓZGEEPIC ЗАМАНАУИ ӨНЕР КЕҢІСТІГІ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Khanshaiym Plaza» ойын-сауық орталығында ÓzgeEpic creative hub филиалы ашылды. Заманауи өнер кеңістігінің ашылу салтанатында ақын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса жалынды жастардың шығармашылық бастамаларына, жетістіктеріне тоқталып, жүрекжарды лебізін білдірді. Шара аясында фотожурналист Әйгерім Бегімбет, журналист Жанерке Хұмар, фотограф-дизайнер Шыңғыс Әбдіразақтың «Түркістан әйелдері» мен «Тіршілік» атты фотокөрмесі өткізіліп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен өзара ынтымақтастық меморандумына ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістанда «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты ҚР Президентінің атынан өткізілетін балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Ертегілер мен мультфильм кейіпкерлері балалардың көңіл-күйін көтеріп, театрландырылған қойылымдар сахналанды. Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. “Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2023 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары ...

Толығырақ »