Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 52)

Ауыл жаңалықтары

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫНА ЖОЛ САЛАМЫЗ

Қазақ елі ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тарихқа бойлап жатыр. Елбасы Жарлығымен 1997 жылдан бері 31 мамырда ұлтымыздың өткеніне көз салатын бұл айтулы күннің маңызы зор. Алаш ардақтысы, ұлт қайраткері Міржақып Дулатовтың «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген сөзі бар. Терең әрі құнын жоғалтпайтын пікір. ...

Толығырақ »

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРДАН ҚАСТЕРЛІ КҮНГЕ ЖЕТТІК…

ҚҰРМЕТТІ ҚАУЫМ! ҚЫМБАТТЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ұлтымыздың біртуар, аяулы ұл-қыздарын, жазықсыз жапа шеккен құрбандарды еске алатын қасіретті де, қастерлі күн. 1929-1933 жылдары қазақ елі бүкіл әлем тарихында сирек болған алапат демографиялық шығынға ұшырады. 2 миллионға жуық адам қаза тапты. «Зобалаң жылдары» Қазақстанда 100 мың жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 20 мыңнан ...

Толығырақ »

ЖАН ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛА ҚОЙҒАН ЖОҚ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛМАҚ ТА ЕМЕС

Құрметті отырарлықтар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасымыздың 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен «31 мамыр – Саяси репрессия және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып белгіленген болатын. Содан бері елімізде саяси репрессия және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бұл күнді атап өту, олардың рухына арнап құран бағыштау дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, тарихшы ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кезінде сталиндік билік тарапынан қазақ қоғамына ...

Толығырақ »

107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында төтенше жағдайға байланысты 2 ай мерзімге коммуналдық төлем үшін дербес шоттарға 15 мың теңге жәрдемақы төлемдері жүріп жатыр. Түркістан облысы тұрғындары Telegram әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkіstan Bot» немесе call-орталық арқылы өтінім жолдап жатыр. Әр аудан, қалаларда жеке call-орталықтар жедел қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда, жалпы тұрғындардан түскен өтінімдер саны – 154 028, оның ішінде 107 496 өтініш ...

Толығырақ »

БАҒЛАН ХАЛЫҚОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов тікелей эфирде халықпен тілдесті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ТО ПД-нің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлымен тікелей эфир өткізілді. Онда полиция полковнигі Б.Халықов Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасындағы блок-бекеттер алынатындығы баршаңызға белгілі. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының арнайы «Алғыс хатымен» ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков марапаттады. Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін ...

Толығырақ »

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгінде Жетісай ауданында жалпы саны 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса оның 1167-сі 18 жасқа дейінгілер. Ал, сол 1167 жанның 340-ы Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебіне алынған. Буыны бекімей жатып денсаулықтың қадірін сезініп, мүгедектіктің қамытын киген бүлдіршіндердің «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы ...

Толығырақ »

ОН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан. Бүгінде Фердауси ауылындағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни әр жанұяға 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып ...

Толығырақ »

ДЕНІ САУ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан облысы, Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны 27-ші мамыр күні Кентау қалалық жұқпалы аурулар аураханасына жатқызылған. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан коронавируске шалдыққан әйелдің жатыр тыртығынан қан кету қауіптілігіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасайды. Дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 кг, бойы – 51 см. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Сәби індеттен дін аман. Қазір бөлек ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балаларына «АЯЛА» қайырымдылық қорының басшылығы қонаққа келді. Қайырымды жандар 15 млн теңге қаражатына 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыстады. Балаларға қолдау көрсетіп, қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін қормен бірге әйгілі JOKEASSES командасының вайнерлері келді. «Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға ...

Толығырақ »

КӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ШАРУА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жергілікті кәсіпкер «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Алимбаев Аңсаған мал шаруашылығын дамытуға көшті. Қожалық иесі «Бастау – бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдіріп, «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен бизнес жоспарын әзірлеп, «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген. Нәтижесінде «Агробизнес» бағдарламасы аясында 30 бас сауынды сиыр, 13 бас сауынды бие сатып алып кәсібін жандандырып отыр. Салауатты өмір салтын ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАСА…

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі- сан түрлі мамандық пен сан түрлі кәсіп иелерінің еңбегімен іске асатыны белгілі. Алайда, қоғамның бір тұтқасын – қапарайым мамандық иелерінің ұстап тұрғаны анық. Сондықтан, қай елде болсын, мемлекеттің дамуына зор үлес қосатын орта буын кәсіп иелерін оқыту- басты мақсаттардың бірі. Мұндай үрдіс біздің елімізде де жалғасын тауып келеді. Мәселен, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекенінде ...

Толығырақ »

АВТОКӨЛІКТЕР СОҚТЫҒЫСЫП, ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл автокөліктер соқтығысып, жол апаты орын алды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін интернет желісінде бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде бейнежазба пайда болды. Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы 27.05.2020 жылы шамамен сағат 13.00-де Түркістан қаласында Шымкент-Самара тас жолында орын алғаны анықталды. «Донгфенг» автокөлігінің ...

Толығырақ »

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ

Түркістан облысы полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, ол 5 жылға жуық уақытқа бас бостандығынан айырылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының патрульдік полицейлері күнделікті жол бойында тұрып, түрлі оқыс оқиғалардың алдын алып, жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір жолаушының аман-есен үйіне жетуі үшін үнемі түсіндіріп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні елімізде енгізілген ...

Толығырақ »

ТУЫСЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ

Түркістан облысы полицейлері қонаққа келіп, туысының телефонын жымқырған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-не Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000-нан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын ...

Толығырақ »

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН АҚША ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері ұялы телефоны мен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің басқаруындағы автокөлігімен үйіне келе жатып, жол бойынша тоқтатқан ауылдасын мінгізіп алып, жеткізіп тастағанын айтады. Әрмен қарай өзі үйіне жеткен уақытта, көліктің ішінде тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефоны және ұялы телефон қаптағышында (Чехолда) ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы полицейлері Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, оның тамыры терең тарихымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өздеріңізге белгілі мерекеге толы мамыр айында «Халықаралық музейлер» күні аталып өтіледі. Қиын да қауіпті полиция саласында ҚР ІІО-ның музейлері ерекше орын алады, олардың қызметі полиция қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың арасында полиция қызметін насихаттауға бағытталған. Осыған байланысты ...

Толығырақ »

АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР БАҚЫЛАУДА ТҰРДЫ.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша: «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса. Осы мамыр айында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері «өткен жылдар» санатындағы қылмыстарды жасағаны үшін екі қылмыскерді ұстады. ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

«Туған жерге туыңды тік». Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Ауылын абаттандырып, аз қамтамсыз етілген отбасылар да қайырымды жандардың шарапатын көруде. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан игі іс көпке үлгі. Мектеп бітіруші түлектердің кездесуіне орай ауылға тарту жасау үрдісі жылда жалғасын тауып келеді. 1998 жылы   бітіруші түлектер «Бәйтерек» монументін тарту еткен болатын. 1999 жылы   бітіруші ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Үкімет отырысында баяндағанындай Түркістан облысында ауыл шаруашылығын нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта дамыту жоспарлануда. Соның iшiнде белгiленген Екінші бағыт: кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Осы бағытты аудан кɵлемiнде кеңiнен түсiндiру, тəжiрибе алмасу мақсатында аудан əкiмiнiң бастамасымен Жаскешу ауыл округiнде карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық талаптарды ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі ...

Толығырақ »

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН АРЫЛАТЫН БОЛДЫ

Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді. «2019 жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, департамент тарапынан барлық білім ...

Толығырақ »

БАУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданымызда болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Мәртебелі меймандарды ауданымызға кіре беріс жолдан күтіп алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен таныстырды. Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 300 млн. теңгені құраған. Серіктестіктің меншігінде 50 ...

Толығырақ »

ОРАЛДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық — түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Су тасқынынан ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамсыз етілген отбасыға баспана сыйлап етіп, игі іске ұйытқы болып отыр. Ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен Созақ ...

Толығырақ »