Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 66)

Ауыл жаңалықтары

ЖЫР ЖҮЙРІГІ — МҰҚАҒАЛИ

«Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып, мәңгіге тасталған…» Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең – жырға әуес болған. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен жеткізе білу әрбір ақынға беріле ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Коронавирус инфекциясы өршіген жағдайда індетпен күресуге аудандық аурухана толыққанды дайын. 4 айлық дәрі-дәрмек қорымен, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл жайында бүгінгі жиында Түлкібас аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков мәлімдеді. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, канал, арық-атыздардың және елді мекендердегі күл-қоқыс тастайтын орындардың бүгінгі жағдайы мен жер саласындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде ...

Толығырақ »

САУАТТЫ ЖАРНАМА — ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Түлкібас ауданында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті. Бүгін аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21- бабы бойынша заң талаптарынын сақталуын қамтамасыз ету және Түлкібас кентіндегі көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, коммерциялық нысандар атауларының, жарнама мәтіндерінің қате жазуларын реттеу, дұрыс жазылуы мен эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстарын жүргізу ...

Толығырақ »

ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫ — КЕНТАУДА

Кентаулық Бахтяр Анарбаев «Ең үздік бокшы» номинациясын иеленді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агентігі. Ақтөбе қаласында бокстан кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, өз нәтижесіне жетті. Республикамыздың барлық аймақтарынан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізіліп, мықтылар анықталды. Бұл жарыста Түркістан облысының жас спортшылары жақсы нəтижеге қол жеткізді. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша жерлестеріміз 1-алтын, 2- ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданында өткен жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады деп күтілуде. Ту тұғыры алаңқайы мен Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берілді. Аудан орталығынан «Теріскей» және «Абай» саябағы халық игілігіне ұсынылды. Аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, Сызған, Раң ата, Аққолтық және Шолаққорған ауылынан шағын футбол алаңшасы салынды. Бабата елді мекенінен ...

Толығырақ »

ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Мырзакент кентінде көркіне көрік қосатын тағы бір құрылысы жүріп жатқан нысан — Даңқ аллеясы. С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін 2020 жылы бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Айта кетейік, өткен жылы Мақтааралда орын алған Төтенше жағдай салдарын ...

Толығырақ »

КІТАПХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Мырзакент кентінде орталық кітапхана күрделі жөндеуден өтуде. Мырзашөл өңірінің тұрғындарының мәдениетін және интелектуалын дамытуға үлкен серпіліс беретін алып нысанның құрылысына 309 миллион теңге қаржы қарастырылды. 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға берілетін орталық кітапханада елу мыңнан аса кітап қоры сақталады және арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс жасайды. Оқушылар үшін балалар кітапханасы да жеке ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛАР КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС

Облыс орталығынан алыс аудандарда жасалып жатқан жұмыстар да, жаңалықтар да аз емес. Созақ ауданының халқы ауданға көгілдір отынның кіруін асыға күтіп отыр. Бұл жөнінде аудан басшысы Салыхан Полатов өз сөзінде «2021 жылға магистралды газ құбырының құрылысына 1 млрд 100 млн теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына 2021 жылға 1 млрд теңге қаржы қаралды. Демек, келер ...

Толығырақ »

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДА

Түркістан облысы Созақ ауданында облыс әкімінің тапсырысы бойынша 22 азамат өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару қондырғыларын орнатып, көкөніс дақылдарын екті. «Болыс ата» шаруа қожалығы 112 тонна бақша дақылдарын Ресей Федерациясының Уфа қаласына экспорттады. Теріскейліктер үшін түйе шаруашылығын дамыту ауданның басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өткен жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, жылдың қорытындысымен 1980 бас ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Мақтаарал ауданында 2020 жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 15,4 миллиард теңгені құрап, одан алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 255,4%-ға артқан. Оның ішінде тұрғын үйлерді іске қосу 85 968 шаршы метрге артып, 410,7%-ға өскен, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ. Ауданда 8 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық бюджет есебінен жалпы конкурстық құны 2,9 миллиард теңгеге 5 ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «ПУИД-2» жобасы аясында каналдар мен арық-атыздардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп жазады аудан әкімінің баспасқз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Аталған жоба жалпы 40 мың гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Жоба аясында 220 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілуде. Жобаның І бағыты бойынша әзербайжандық «Акилик ...

Толығырақ »

ӨҢІРЛІК ӨНІМ АРТУДА

Созақ ауданының соңғы жылдары жеткен жетістіктері аз емес. Ауданда жаңадан мектептер мен медицина мекемелер, балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды. Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: 43 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Түркістан олысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын қолдау жобасы аясында Атакент кентінде өткен жылы 43 көшеге асфальт, 9 көшеге тас төселген. МКент тұрғындары мемлекетке деген өз ризашылықтарын білдіруде. Кентте көшелерді жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жасалған. Атап айтқанда, ұзындығы 12 шақырымға жуық 10 көшеге мемлекет есебінен, 7 шақырымнан асатын 5 көшеге тұрғындардың есебінен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 3,7 ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудан әкімдігі қызметкерлері мен және орталық аурухананың мамандары, аудандық мемлекеттік кірістер және полиция басқармасының ұжымы арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, ...

Толығырақ »

МАСУДОВ — МАҚТААРАЛДЫҢ БАС БАПКЕРІ

Бүгіннен бастап «Мақтаарал» футбол клубын ресми түрде тәжірибелі футбол маманы — Масудов Вахид Юнусович жаттықтырады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Вахид Юнусович — осыған дейін бірнеше клубтарда бапкерлік қызметін атқарып жетістікке жеткен. 1993 жылы Алматының «Достық» клубынан өзінің бапкерлік жолын бастаған. Бірнеше сатыдан өткен бапкер, 2016-17 жыл аралығында «Ақжайық» ФК бас бапкері болса, 2018 ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ДИҚАНШЫЛЫҚ ҚЫЗУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қыстың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыстар жүргізілуде. Қыс айларының жауын-шашынына қарамастан егістік алқапта жұмыс жасап жатқан диқандардың жай-күйінен хабар алу үшін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов пен аудандық ауыл шаруашылыы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков «Сабыр» шаруа қожалығына барды. Шағыр ...

Толығырақ »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖҮЗ АДАМ БОЛСА, ЖҮЗ ТҮРЛІ ПІКІР БОЛАДЫ… “Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі жолымыз қаламыздағы Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекені мен қала маңында орналасқан Ақжар ауылына түсті. Республикамыздың бас партиясы “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген топқа жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұрлыбаев Тасқынбай, жеке ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

Аудан көлемінде 2 бірлік құс етін өңдеу кәсіпорыны, 1 бірлік шұжық цехы және 2 бірлік сүт өңдеу кәсіпорны (1 бірлік ірі қара мал сүтін өңдеу, 1 бірлік ешкі сүт өнімдерін өңдеу) жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында өндірілген 5456 тонна күрке тауық етінің 4364,8 тоннасы, яғни 80 пайызы, 1004,5 тонна тауық етінің 703,1 тоннасы, яғни 70 пайызы, 180 ...

Толығырақ »

АЯҒЫНАН ТІК ТҰРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУДАН

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы 2020 жылға бектіліп берілген мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жоспарлар орындалуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық»бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, жоспар (2144 бас) 190,7 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас. Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны — 355 бірлік, оның 2020 жылы 76 бірлік мал ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Ордабасы ауданы экономикасының басты драйвері – ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгені құрап, былтырғы жылды тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артты. Жалпы өңірлік өнімнің 53,2 пайызын құрайды. Облыстағы үлесі 7,2%. Егістік жердің игерілуі 65 774 га жер игерілді (жоспар 65 400,) өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық. Жаңадан 710 гектар жер айналымға қосылды. Бұл ...

Толығырақ »

ТАУДАЙ ТАЛАП ТАНЫТҚАН ТҮЛКІБАС ТАҢҒАЛДЫРУЫН ТОҚТАТПАДЫ

Қызанақтан басталған сапарымыз қызыл алмадан бірақ шықты. Арасында көптеген кәсіпкердің қып-қызыл еңбегін көріп, тәнті болдық. Мәселен, 2013 жылдан бері қарқынды бау өсірумен айналысып келе жатқан Шақпақ ауыл округіндегі «Кентау» серіктестігінде 200-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Олар алманың Голден Делишес пен Рояль Гала секілді сорттарын өсіреді. Тағы бір түлкібастық кәсіпкер – Азаттық ауылының тұрғыны Икрамов Аброржан 505 мың теңге мемлекеттік ...

Толығырақ »

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылуына қатысты. Шәмші Қалдаяқовтың туып-өскен үйінің үлгісінде салынған «музей-үйі» демеушілердің есебінен жүзеге асты. Музей құрылысы кезінде даңқты сазгердің көзін көрген азаматтардың естеліктері есепке алынған. «Шәмші Қалдаяқов — ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», — деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында. Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы Келес ауданындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Қатерлі індеттің халық арасында таралуын болдырмау мақсатында ауданда бірқатар шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, аудандық ауруханада обсервация орталығы дайындалып, 297 тәуліктік және 110 күндізгі төсек орынмен қамтамасыз етілген болатын. Жалпы бүгінге дейін орталықта 385 адам ем қабылдаған. Алайда, қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты орталықтағы төсек орын саны қысқартылуда. ...

Толығырақ »

ЖАПОНИЯДАДАҒЫ  ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА  21 СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бердашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңадан салынып жатқан спорттық нысанның қатарында 7 ...

Толығырақ »