Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 88)

Ауыл жаңалықтары

ТҰРҒЫНДАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған — туыстарының үйлеріне орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге ...

Толығырақ »

ТАҒЫ 3 АУЫЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Бүгін Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын ...

Толығырақ »

Ө. ШӨКЕЕВ: ХАЛЫҚҚА ЖАН-ЖАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ

Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ол халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ең алдымен эвакуациялық пункттерге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

«Су – тілсіз жау» демекші, қазір барлық күш Мақтаарал өңіріндегі тасқын сумен күресуге жұмылдырылған. Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 3600 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған», деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...

Толығырақ »

3 ЖАСАР ҚЫЗ АНАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 3 жасар қызды үйіне, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 30.04.2020 жылы күндізгі уақытта Арыс ауданы Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқайды. Учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Батыржан Салыбаев балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, ...

Толығырақ »

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Келес ауданы əкімдігінің қызметкерлері мен Келес аудандық полиция бөлімінің полицейлері Мақтаарал ауданының Фирдоуси елді — мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізуде. Көмек қолдарын созып, қалып кеткен тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз аумаққа шығаруда. Осындай кезекті көмекті полицейлер жасады. Төтенше жағдай жарияланған кезде, үйінде қалып қойған егде жастағы азаматты тауып, қайықпен қауіпсіз аймаққа алып шықты. Осылайша қиын сәтте жәрдемші болған барлық қызметкерлерге ауылдың ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯДА ПАТРИОТТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Мақтаарал ауданы, Фирдоуси ауылындағы мектеп ғимаратының ауласын су басқан тұста Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Есімжан Надиров мемлекеттік тудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп жазады Түркістан облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Биік тұғырда ілініп тұрған туды шешіп алып, құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шықты. Тәртіп сақшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етті. ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: ТАСҚЫН СУДЫҢ ШЫҒЫНЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстармен Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Бүгін бұл туралы Мырзакент кентіндегі штабтың баспасөз орталығында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Басқарма орынбасарының айтуынша, ...

Толығырақ »

ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

2020 жылғы 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасы «Сардоба» су қоймасында орын алған апатты жағдайға байланысты Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекендері судың астында қалды. Орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мақтааралмен іргелес жатқан Жетісай ауданында да бірқатар эвакуациялық орындар дайындалған болатын. Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты «Өргебас» ауылынан эвакуацияланған адамдардың ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданы Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекеніне жауапты болып бекітілді. Ауданға бекітілген аумақтағы жағдайды толық бақылауда ұстау мақсатында Сарыағаш ауданының штабы құрылып, елді мекеннің кіріс – шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылды. Сарыағаш ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің 100 қызметкері жұмылдырылып, көшелерде патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымы 120 отбасыға көмек көрсетті, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бүгінгі таңда Төлеби ауданында Республикалық «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясындағы қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Осы орайда аудан аумағындағы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, әлеуметтік аз қамтылған 120 отбасыға азық-түлік түрінде көмек үлестірілді. Әр қорапта 20 мың теңге ...

Толығырақ »

СЕЛДЕН 620 ҮЙ ЖАПА ШЕККЕН

Түркістан облысында селден 620 үй жапа шеккен, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл ...

Толығырақ »

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА 3200 ТҰРҒЫН ҚАУІПСІЗ АЙМАҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, суданқауіп төнген Нұрлыжол мен Фредауси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылған. Бүгін бұл туралы Мақтаарал ауданының орталығы — Мырзакент кентінде орналасқан облыстық штаб жетекшісінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн режимде өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және арнайы облыстық штаб басшысының орынбасарлары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлімдеме жасады, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өзбекстан Республикасындағы Сардоба суқоймасының жарылуына байланысты Мақтаарал ауданына келетін су ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АПАТТАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН КӨЛЕМІ ЕСЕПТЕЛУДЕ

Мақтарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны да қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жалпы осы сәтке дейін 5400 тұрғын қауіпсіз ...

Толығырақ »

«BIZ BIRGEMIZ» АКЦИЯСЫ – ТӨЛЕБИДЕ!

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы жалғасын табуда, деп жазады Төлеби аудандық Nur Otan партиясының филиалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Алатау ауылдық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, ауылдық округтің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалыұлы Даулет есімді азаматтың демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Кәсіпкерлер қиын кезеңде халқымыздың жанынан табылып, игі бастамалардың бас қасында жүріп, қол ұшын ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШІРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысының 450 полицейі Мақтаарал ауданының тұрғындарын су басу қаупіне байланысты көшіруге қатысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, 01 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысындағы елді-мекенді су басты. Көрші мемлекеттің облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайту мақсатында орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу ...

Толығырақ »

Н.БАЙҒҰТ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін жаңадан тағайындалған Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Шақпақ блокбекетінің және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің ауданымызға қарасты Шақпақ-баба елді мекені тұсында соғылып жатқан жер асты өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бірінші кезекте аудан басшысы коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында өңірімізге кіруші жолаушыларды тексеру мақсатында құрылған «Шақпақ» блокбекетінің жұмысымен танысты. Соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері «Шақпақ» блокбекетінен 28812 автокөлік, ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде адам шоғырлануын болдырмау үшін көптеген кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Алайда, осы кезеңде құрылысты тоқтатпауға Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген болатын. Құрылыс барлық өңірлерде санитарлық тазалық нормаларына сай жабдықталып, қарқынын тоқтатпады. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков дәл осы кезеңді тиімді пайдалануды айтты. — Жыл басында нысандардың қасбетін сынға алғанымда «күн жылынсын» ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталық көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгін аудан əкімі Ұласбек Сәдібеков Сайрамның орталығы Жібек Жолы, Абылай хан көшелерінің бойын жəне Мəртөбе саябағын аралап, бірқатар тапсырмалар берді. Аудан басшысының тапсырмасына сəйкес, аталған көшелерде көктемгі абаттандыру жұмыстарымен қатар тұрғын үй, кəсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, заң талаптарына ...

Толығырақ »

КЕЛЕС МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы Фердауси және Жантақсай елді мекендеріне жауапты болып бекітілді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Елдімекенің кіріс — шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылып, жағдай бақылауға алынды. Осы жұмыстарға Келес ауданды әкімдігі және полиция бөлімінің 70 қызметкері және техникадан 4 ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ»

Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Ол Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елдімекеніне барып, аппаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ең алдымен облыс басшысы Еңбекші ауылдық округі Жаңа тұрмыс ауылында болды. Мұнда ...

Толығырақ »

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінгі күнде Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс- туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық- түлік, ыстық тамақпен толық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАҒАН МӘЛІМДЕМЕСІ

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың ...

Толығырақ »