Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті бірлескен рейді өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шараға «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері ...
Толығырақ »Қала тынысы
Шымкент: тігін фабрикасының ғимаратында өрт-тактикалық сабақ өтті
«Томирис» тігін фабрикасының ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық сабақ өтті. Осындай іс-шаралар барысында өрт сөндіру қатысушыларында қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау, барлау жүргізу, қарсы алуды ұйымдастыру және күштер мен құралдарды орналастыру дағдылары пысықталады. Сабақ жоспарына сәйкес, өрт айналмалы тоқыма цехында пайда болды, оның алаңы 30 м2. Тігін фабрикасының әкімшілігі өрт кезінде эвакуациялау жоспары мен нұсқауына сәйкес әрекет етеді — негізгі ...
Толығырақ »Б.САПАРБАЕВ ШЫМКЕНТТІК ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Үкіметтік жұмысшы топ іс-сапарын Шымкенттегі қоғам өкілдерімен кездесті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевпен бірге Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ү.Бисақаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов қатысты. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕН БІЛІМ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
ҚР Президентінің халыққа Жолдауы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі қонақтар алдымен №65 мектеп-гимназияда ұстаздармен кездесті, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Т.Қасымовтың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. – Мемлекет басшысының білім саласын дамытудағы басты мақсаттар мен міндеттерді белгілеп берді. Қазір білім саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы дайындалуда. ...
Толығырақ »ЖАТТЫҒУ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
«GOLDALUMINIUM&PLASTICCO.KAZAKHSTAN» ЖШС алюминий зауытында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығудың мақсаты Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының өндірістік нысандарда өртті сөндіру бойынша тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады. Алюминий профильдерін әзірлейтін бұл кәсіпорын Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі кезде бұл жерде тұрақты түрде 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, алюмин балқытатын ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Шымкентке іс-сапармен келді. Д.Нұрашұлы алдымен ҚМДБ қарасты орталық мешітке ат басын бұрып, қала имамдарының жұмысымен танысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. – Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тағайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сыяды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. ...
Толығырақ »Шымкент қаласына Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы келді
Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездескен жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ал БАҚ өкілдерінің басқосуына қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бүгінде журналист-блогерлермен тығыз байланыста түрлі бастамалардың қолға алынғанын айтты. Б.Нарымбетов ...
Толығырақ »СЕЙІТҚАЗЫ МАТАЕВ – ШЫМКЕНТТЕ
Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев келіп, Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездесті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. – Журналистикада мемлекеттік қызмет немесе жекеменшік деген түсінік болмайды. Біз елдікті ту еткен саланың адамы болғандықтан, кейде түрлі қиын жағдайды да бастан кешеміз. Дегенмен, сол сын ...
Толығырақ »КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП ҰСТАЗДАРДЫҢ АЙЛЫҒЫН 25 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ КӨЗДЕЛУДЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша бүгін Премьер -Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев және білім және ғылым министрі А.Айтмағанбетов Шымкент қаласына келді. Ақпараттық топ қаладағы №65 мектеп -гимназиясына ат басын бұрып, Жолдауда айтылып өткен, білім сапасын жақсарту жолында қабылданатын заңдар мен әлеуметтік ынталандыру бойынша жаңалықтар жөнінде пікір алмасты. – Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
Үшінші мегаполисте «Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті. Халықаралық жиында Ауғанстан Ислам Республикасының консулы, Түркия, Австрия, Украина, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарының ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Шымкент қаласында әлеуметтік желідегі коммуникациялық менеджмент бағытында семинар — тренинг өтті. Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 23 қазанында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында өткен семинар — тренингке қатысып, білімдерін шыңдады. Мұндағы мақсат — полиция қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жандандыру, әлеуметтік желілер арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуді жүзеге асыру. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА ҰСЫНУЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынымды қарау шеңберінде кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және оның орынбасарлары Т.Серікбаев, К.Қабылбеков, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Р.Ракишев және жеке ...
Толығырақ »ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚҰБЫРЫН ТАЗАЛАП БЕРДІ
Шымкенттің іргесіндегі «Көксай» шағын ауданындағы жер үйлер ескі саманнан тұрғызылған, мұндағы тұрғындардың дені пеш жағады. Олар жылыту құралын пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайды, дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Статистикаға сүйенсек, өрттің 70% жеке сектордағы үйлерде кездеседі. Жыл басынан бері 5 адам қайтыс болған. Нұрболат Дербісов – Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы: Әр түрлі қайғылы оқиғаға тап болып жатамыз. Негізгісі осы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Шымкентте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» арасында спорттан желілік спартакиада басталды. Үш күнге созылатын жарысқа республиканың 6 қаласынан командалар қатысуда. 9-10 сынып оқушыларынан құралған ұлдар және қыздар тобы жүлделі Президент кубогын сарапқа салады. Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Спартакиаданың бағдарламасына спорттың төрт түрі енгізілген. Волейбол, баскетбол, шағын-футбол, үстел теннисі. Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Алматы қалаларынан ...
Толығырақ »ЕҢБЕК МИНИСТРІ «ӘЛЕМ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНА» БАРДЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС-ның шұлық жасау фабрикасының жұмысымен танысты және «Әлем білім орталығы» білім алушыларымен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жобалық құны 2 млрд.тг. болатын «Әлем БТ» өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Екінші кезеңі 2017 ...
Толығырақ »ЖӘРДЕМАҚЫ ЖӘРДЕМ БЕРЕДІ!
Бүгінде атаулы әлеуметтік жәрдемақы алып, оны заман талабына сай өзінің тұрақты кәсібіне айналдырып отырған азаматтар қаламызда аз емес. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 2019 жылдың 1 қазанына дейін 65 536 отбасын (324 877 адам) құрады. Нәтижесінде халықтың басым бөлігі қосалқы шаруашылығын дамытуда. Соның бірі — Перизат Ниязалиева. Үйінде тігіншілікті бастаған Шымкент қаласының тұрғыны Перизат Ниязалиева атаулы әлеуметтік көмек бойынша 300 мың ...
Толығырақ »САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына ие болған кәсіпорындарға ақпараттық тур ұйымдастырылды. Ақпараттық турға қаламыздың тілшілерімен қатар Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де қатысты. Алдымен, журналистер «Lux Shoes «БК» ЖШС-нің фабрикасына барды. «Lux Shoes» БК» аяқ киім фабрикасы – Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы қатысушысы. Осы бағдарлама аясында несие мөлшерлемесінің тоғыз ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА ӨТУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, «Open Space» форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бастаманы қазіргі уақытта білім беру және ...
Толығырақ »ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!
Шымкент қаласындағы мектептердің 6-10 сынып оқушылары арасында республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынға қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында қолға алынған байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: МӘМС ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсінірді. Медицина өкілдері «Қырғы базар» аумағындағы саудагерлер мен таксистерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керегін түсіндіріп, сақтандыру қорына төлетін жарналар туралы айтып берді. Сондай-ақ, акция барысында мамандар хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар таратты. Мамандардың қолдауымен №27, 84, 74, 35, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСТАМАСЫ АКЦИЯҒА ҰЛАСТЫ
Шымкент қаласы әкімінің бастамасы акцияға ұласты, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, сондай-ақ, көп балалы отбасылардың балғындары цирк ғажайыптары мен әртістердің ...
Толығырақ »ҮЗДІК ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында футзалдан желілік спарткиада мәресіне жетті. Үш күнге созылған додаға еліміздің 7 өңірінен келген 84 оқушы бақ сынасып, өзара кіл мықтыны анықтады. Жарыс Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Үш күн бойы ұлдар мен қыздар арасындағы 12 команда сынға түсіп, тартысқа толы турнир нәтижесі бойынша ұлдар арасында Павлодар ХББ команда чемпион атанса, ІІ және ...
Толығырақ »Төтенше жағдайлар департаментінде 9 айдың қорытындсы тыңдалды
Шымкент қаласы ТЖ департаментінде Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербісовтың басшылығымен департамент қызметі ойынша 2019 жылдың 9 айы қорытындыланды. Күн тәртібінде құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі, қызметтік тәртіптің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, БАҚ-тағы имидждік жағдай талқыланды. Есепті кезеңде ТЖ департаментінің басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары 204 төтенше жағдайға ден қойды, төтенше жағдайлар мен оқиғаларға ...
Толығырақ »ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкентте жаңа жүйе түсіндірілді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оған сай тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Кепілдендірілген медициналық көмекті Үкімет қаржыландырады. Ал, міндеттісі азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Жаңа жүйеге сай халық медициналық және дәрілік көмекті тең дәрежеде ...
Толығырақ »«STEP BY STEP» ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Шымкентте «Step by step» қоғамдық қорының бастамасымен ерекше семинар-практикум өтті. Онда мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін 100-ден астам педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Сонымен қатар, жиында оқулықтар көрмесі де ұйымдастырылды. Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайқызының материалына қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгінде заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап-міндеттер қойылуда. «Step by step» технологиясының ең ...
Толығырақ »