Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 240 мыңға жуық жас бар. Бұл қала халқының 22,3% құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%. 2021 жылы 10 215 жас жұмыссыздықтың әлеуметтік қорғау шараларына қатысып, жұмыс орындарына орналасқан. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған 101 жас жұмыспен қамтылды. 4 ауданда «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды. Орталық жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, Коворкинг орталығы, шағын кітапхана ...
Толығырақ »Қала тынысы
ІШКІ САЯСАТ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында «Мобильді топ» және «Әлеуметтік зерттеулер» жобалары арқылы сауалнамалар жүргізу, кездесулер ұйымдастыру арқылы аймақтағы өзекті мәселелер зерттеліп, шешімін табу бойынша ұсыныстар енгізуде. Шымкент қаласында 840-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді. 2021 жылға арнайы 18 әлеуметтік жоба қарастырылып, «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Ресурстық орталық» ...
Толығырақ »ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Қазіргі таңда, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1400 бейнебақылау камералары орнатылды. Ал жол қауіпсіздігін сақтау үшін 199 желілік учаскеге 796 камера және 100 жол қиылысына 877 интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылды. Бейнебақылау камераларының ауқымын ескере отырып, Шымкент қаласының жедел басқару ортылығында жаңартылған бейнеқабырға құрылды. Көріну шолу 3 есе артып, контроллердің көзі 2 нүктеден 8 нүктеге дейін көбейді. Жоба толық қараша ...
Толығырақ »ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2021 жылға базалық станциялардың санын ұлғайту және байланыс сапасына толық талдау жүргізу мақсатында өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе 4 ауданға қарасты 110 шағын аудандармен тұрғын алаптардың тізімі жинақталып, толық талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, интернет сапасы төмен 22 елді мекен анықталып, оларды сапалы инетрнетпен қамту үшін жол картасы әзірленді. Бүгінде, мобильді байланыс операторларымен бірлесе 22 елді мекенге базалық станция орнату үшін орталықпен ...
Толығырақ »ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША
«Жасыл белдеу» алаңын ұлғайту бойынша ағымдағы жылы жалпы 155 722 дана ағаштар егілді. Күз айларында жалпы 285 835 ағаштар егу жоспарлануда. Сонымен қатар, 162 гектарына су тапшылығына байланысты тәжірибе ретінде сексеуіл тұқымы себіледі. «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябақтың» гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің (жаңа ағаш түрлері) 108 түрінен 540 дана көшет, 36 түрінен 180 дана ағаш-бұта егілді. Сонымен қатар ...
Толығырақ »ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ, ЭКОЛОГИЯ
Есепті кезеңге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 487 өтінім материалдары тапсырылып, оның 400-не рұқсаттар берілді, 87 өтінім қайтарылды. Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2 дана LED-экранды орнату үшін қала аумағынан жер учаскелері бөлініп, мемлекеттік актілер алынды. LED-экрандар жыл соңына дейін орнатылады. Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны іргесінен қатты тұрмыстық ...
Толығырақ »ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Қаламызда 13 көлік компания күнделікті 75 маршрутта, 720 көлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдауда. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын реттеу, жүйелендіру және дамыту мақсатында әзірленген кешенді схемасына сәйкес, 70 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды. Қалған маршруттардың жұмысы қаладағы газ толтыру станцияларының құрылысы аяқталысымен ұйымдастырылатын болады. Қала бойынша 1 886 аялдама орындары бар, оның ішінде 1 238 орын павилионмен қамтылған. 2021 жылға 250 ...
Толығырақ »ЖОЛ-КӨЛІК САЛАСЫ
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды. Оның ішінде: ▪ асфальт-бетонды – 2 029,2 шқ. (62,5%) ▪ шағал тас – 1 046,4 шқ. (32,2%) ▪ топырақ – 172,0 шқ. (5,3%) Ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға жалпы 30,9 млрд. теңге қаралып, 180 нысан немесе 310,3 шқ. жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Оның жыл қорытындысымен 274,7 шқ. ...
Толығырақ »ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ БОЙЫНША
Ауыз сумен қамтамасыз ету 2021 жылы 11 елді мекенде 11 нысанның және 3 магистралды суаққының құрылысын жүргізілуде. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 98%-ға дейін жоғарылайтын болады. 2023 жылға дейін Шымкент қаласының 2021-2025ж.ж. даму бағдарламасына сәйкес 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Кәрізбен қамтамасыз ету 2021 жылы 11 елді мекенде 10 нысанның ішкі орамдық жүйесі және 3 магистралды кәріз коллекторының ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША
Ағымдағы жылдың 9 айында 161 хаттама толтырылып, 45,9 млн. теңге айыппұл салынды.Оның ішінде: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақталуы негізінде құрылыс объектілерін тексеру жұмыстары бойынша: 48 құрылыс нысандарына қатысты тексеру тағайындау туралы актілері тіркелді. Нәтижесінде: – 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. – 102 әкімшілік құқық бұзушылық ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ 7,7 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Ағымдағы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 89,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,7 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 11,4 пайызға артып, 397,8 мың шаршы метрді құрады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздері есебінен 1,6 млн.ш.м. 275 тұрғын үйдің (14 551 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: – бюджет есебінен – 374,1 мың ...
Толығырақ »ҚАЛАМЫЗДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Жыл басынан коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді пайдалану мақсатында қаланың коммуналдық заңды тұлғаларының теңгерімінен 696 пәтер, 10 автокөлік, 5 ғимарат, 2 207 литр жанармай, 34 628 кг ветеринариялық препарат (ұнтақ), 2 551 литр ветеринариялық препарат (сұйық) және 4 107 негізгі қорларды басқа коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміне беру бойынша бұйрықтар шығарылып, коммуналдық мүліктерді қабылдау-өткізу актілері бекітілді. Сондай-ақ, қаланың коммуналдық меншігіне төмендегі мүліктер ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІК-САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ
Қала бюджетінің көлемі 490,6 млрд.теңгені құрады. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп 221,8 млрд.теңге бағытталды. Бұл жалпы бюджет көлемінің 45,2 пайызын құрады. Оның ішінде, білім беру – 149,5 млрд.. теңге немесе 30,5 пайыз, денсаулық сақтау – 18,6 млрд.теңге немесе 3,8 пайыз, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге – 33,1 млрд. теңге немесе 6,8 пайыз, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 20,6 ...
Толығырақ »ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША
Еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың талаптарының негізінде ағымдағы жылдың 9 айында әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен — 172 тексеру жүргізіліп, 254 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша — 191, еңбек қауіпсіздігі және ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША
Есепті кезеңге Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 46 426 азамат тіркеліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсті. Оның ішінде: жетім балалар – 1 752 азамат; көпбалалы отбасылар – 8 666 азамат; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 15 910 азамат; мемлекеттік қызметшілер – 20 071 азамат; жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 27. Сатып алу ...
Толығырақ »ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БОЙЫНША
2021 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында келген туристер санын 49 пайызға жеткізу қарастырылған. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 2 тоқсанында келген туристер саны 158 224 адамды құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (69 945 адам) 2,2 есеге өсті. Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында. Шымкент қаласы аумағында 2021-2022 жылдары 4 туристік жобаны іске ...
Толығырақ »МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2021 жылдың 9 айында 2473 мәдени іс-шара офлайн форматта өтті (763-көпшілік мәдени іс-шаралар, концерттер, 14 — премьера, 424-репертуарлық қойылым, 33-цирк қойылымы, 1 239 — танымдық, тақырыптық, әдеби іс-шаралар). Жалпы іс-шараға қатысқандар саны – 968 034, 8 онлайн-режимде іс-шаралар ұйымдастырылып, 49 665 қаралым болды. Атап айтқанда, Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Өнер барысы», «Наурыз Шымкенттен басталады» жобасы (10 күндік мәдени марафон), Наурыз ...
Толығырақ »СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША
2021 жылдың есепті кезеңіне дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2%-ын құрайды. Шымкент қаласында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы іске асырылуда. Биылғы жылы спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 339,8 млн. теңге қаржы бағытталды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 38 кәсіпкер 14 спорт ...
Толығырақ »ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Қалада коронавирус індетіне қарсы ем қабылдау бойынша 763 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап стационарларда 3027 төсек-орын және жаңсақтау бөлімінде 369 төсек-орын жабылды. Дәрі-дәрмекпен қамту Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторинг барысында дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну және оларға бағаны негізсіз ...
Толығырақ »ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ КӨРСЕТКІШТЕР
Өлім жағдайларын азайту мақсатында шеберлік сабақтары трансплантология бойынша ресейдің жетекші мамандарымен өткізілді, 28 уз-диагностика дәрігерін Санкт-Петербург қаласының маманы оқытты, Израильдік маманмен мастер-класс өткізу барысында 4 операция жасалды және 12 травматолог-дәрігерлер оқытылды. Шымкент қаласының жүрек орталығында жүрекке 2059 операция жасалды. Ағымдағы жылы №2 және №3 қалалық ауруханалардың базасында инсульттік орталықтар ашылды. Ашылған орталықтардың арқасында 9 айда шұғыл медициналық қызмет 1617 азаматқа ...
Толығырақ »БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Білім сапасын арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда. — PISA Халықаралық зерттеу апробациясы – 6 мектеп енді. — Жазғы мектепке 75% оқушы қамтылды. — Апта сайын әдістемелік сағаттар ұйымдастырылды. — «Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асырылды — Әдістемелік орталықтан «Білім сапасына эксперттік шолу» бөлімі ашылды. Қосымша біліммен қамту Бүгінгі таңда қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары, 17 аула клубтары (5-і ағымдағы оқу ...
Толығырақ »БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ КӨРСЕТКІШТЕР
Мектепке дейінгі білім беру саласы Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен қаладағы 526 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 65 835 бала қамтылған. Оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығындағы 50 609 бала – 100%, 1-6 жас аралығындағы 75 900 баланың – 86,7%-ы (65 835 бала) қамтылған (жоспар – 86,2%). Орта білім беру саласын дамыту 2021-2022 оқу жылында 202 ...
Толығырақ »АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ АЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ
Қалада зейнеткерлер саны 82 351 болса, оның ішінде: ҰОС ардагерлері — 12, тыл еңбеккерлері – 2 848, көп балалы аналар («Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған) — 10 653. 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ардақты ана», сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 10 364 көп балалы аналарға 149,7 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. ...
Толығырақ »МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 36 942 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Есепті кезеңде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 96,5 млн. теңгеге 2 805 протездік-ортопедиялық құралдар, 164,0 млн. теңгеге 2 130 сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және 700,6 млн. теңгеге 9 602 міндетті гигиеналық құралдар, 370,0 млн.теңгеге 2 689 шипажай орындарына емделу үшін жолдама, 762,1 млн. теңгеге 2 400 ымдау мамандарының және жеке көмекшінің қызметтері, 121,7 ...
Толығырақ »АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Атаулы әлеуметтік көмекке 2021 жылға бюджеттен 17,8 млрд.теңге бөлінген (РБ – 14,5 млрд.теңге, ЖБ – 3,3 млрд.теңге). Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша барлығы 14,9 млрд.теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 42 964 отбасыдан (212 052 адам) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, 2 666 адам тартылды оның 2 054 адамы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 241 адам ...
Толығырақ »