Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін қала басшысы тұрғындармен бірге аллеяның ашылуына қатысты. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, ...
Толығырақ »Әлеумет
ТҮРКІСТАНДА МҰЗ АЙДЫНЫНДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ҚОЮ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан бүгінде көптің арманына айналған қалаға айналып келеді. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, мәдени-рухани бағыттан бөлек, халықтың спортпен тұрақты түрде айналысуына жол ашылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның ішінде «Мұз сарайының» орны ерекше. Енді мұнда театрландырылған думанды қойылым көрермен назарына ұсынылады. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Райымбек Сейтметов атындағы ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының шарттарын түсіндіру бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Мүйтембаев Азат Мақсатұлы түсіндіру жұмысын жүргізді. ...
Толығырақ »АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күн тәртібінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, ветеринариялық қызметі бөлімінің атқарған жұмыстары және оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мәселелер қаралды. Әр ...
Толығырақ »АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Тұран ауданы әкімінің орынбасары А.Жанаев Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалында аудан тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдау барысында ауданның инфрақұрылымдық дамуы сондай-ақ әлеуметтік көмек мәселелері талқыланды. Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары кезең-кезеңімен күрделілігіне қарай шешімін табатын болады. © Didarbek.kz
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕГЕН
Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен ...
Толығырақ »АНЫҚТАУШЫЛАР ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаевтың төрағалығымен Еңбекші ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ...
Толығырақ »Терроризм – зұлымдық торы
Бүгінгі күні әлем елдерінің басты назарында болып отырған күрделі мәселелер қатарында – экстремизм және терроризм, радикализм, фундаментализм, фанатизм ұғымдары. Қолданысқа саяси терминдер ретінде қалыптасса да, соңғы уақыттары дін төңірегінде көп қолданылып жүр. Экстремизм сөзі латынның «extremus» деген сөзінен келіп шығады. Мағынасы саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, діни т.б. мақсаттарға тыйым салынған жолдар арқылы қол жеткізу дегенге саяды. Экстремизмнің түрі, бағыты сан ...
Толығырақ »АРЫС ҚАЛАСЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №17 колледж бен Арыс гуманитарлы-техникалық колледінің студенттері, Арыс қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, мәдениет саласының қызметкерлері және «Асыл жүрек» КММ-нің ұжымы арасында «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ...
Толығырақ »Сауран ауданында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу болып өтті
Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округіне қарасты «А.Үсенов» атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай қатысты, деп хабарлайды didarbek.kz. Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Елімізді ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН ТАПТЫ
Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарды ...
Толығырақ »СҮЙІНШІ: ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Қызылқия ауыл округі тұрғындары үшін ерекше қуанышқа толы болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олай дейтініміз, ауыл округінің орталығында орналасқан ескі футбол алаңы меценат жерлесіміз Жармахан Тұяқбаевтың демеушілігімен қайта жаңартылып, 65 млн теңгеге табиғи көгал төселіп, жүгіру алаңдары мен көрермендерге арналған аймақ, футбол алаңының аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Жармахан Айтбайұлы әлі ...
Толығырақ »Діни терроризмнің алдын-алу бағытында жоғарғы сынып оқушыларынның арасында кездесу болып өтті
Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округіндегі «А.Байтұрсынұлы» жалпы білім беретін мектебінде «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі, діни терроризмнің алдын-алу, этносаралық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті, деп жазады didarbek.kz. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы ...
Толығырақ »МАҚСАТ – ТІЛСІЗ ЖАУДЫ ТІЗГІНДЕУ
15-16 мамыр күндері еліміздің барша өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Былтырғы жылы Абай облысында болған орман өрті, биылғы су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар күллі қазақ елінің қайғысына айналды. Қаншама орманды алқапты өрт шалып, бірнеше отандастарымыз қаза тауып, қаншама қалаларды су басты. Тілсіз жаудың салдарынан көптеген шығындар болды. ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы, Төлеби ауданында тірлігі табысты саналатын тігін фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Қазір ғимарат тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кәсіпорынның инфрақұрылымға қатысты мәселелері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бақылауына алынып, жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Алдағы уақытта электр, телефон желілері мен су құбырлары тартылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке инвестиция есебінен жүзеге ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Aудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға келген азаматтар үй іргелік жер, коммерциялық нысан және т.б. мәселелерді көтерді. Аудан басшысы әрбір мәселе бойынша зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырма берді. © Didarbek.kz
Толығырақ »ОТЫРАРДА ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Отырарлық полиция қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, Ескі Шілік ауылдық округінің С.Құртайов мектебінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында қыздар арасында кездесу жиынын өткізді. Шараға «Жастар ресурстық орталығы»КММ-ның психологы Л.Сейталиева, орталық аурухана психологы А.Жасекова, Отырар АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы З.Надирова және мектеп ұжымы қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш жиында зорлық-зомбылық пен ...
Толығырақ »ПОШТА ЖӨНЕЛТІЛІМДЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» тиімді іске асыру, Шымкент қаласы аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері тұрақты түрде бірлескен тексеру жұмыстарын ...
Толығырақ »«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖӘНЕ «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Аққала, Жиделі, Көкжиде және Байырқұм елді мекендерінің тұрғындары мен №11 балабақша қызметкерлері арасында «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы ...
Толығырақ »Жат ағымдардың алдын алу бағытында жиын өтті
Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекенінің Жаңа Иқан, Дарын KZ жеке меншік мектебі және Ұлықбек атындағы негізгі білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Ұлтаралық тұрақтылық және ағымдардың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті, деп жазады didarbek.kz. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов және «Жаңа Иқан Өзбек этномәдени ...
Толығырақ »Ordabasy: аға прокурор кәсіпкерлермен кездесті
Түркістан облысы прокуратурасының аға прокуроры Серік Ізтілеуов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуға аудан әкімдігі және ауданның құзырлы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері де қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлердің уәждері тыңдалып, олар бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді. Кездесуде аудан прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстары да баяндалды. Жиын соңында аға прокурор кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып, аталған бағытта ...
Толығырақ »Мопед жүргізушілеріне қандай талаптар бар?
Күнделікті күнкөріс қамымен қайтсем нанымды тауып жеймін деп тыраштанған халық жасынан жасамысына дейін таңның атысы, күннің бастысы қара жолда шапқылап жүр. Ал сол жолда жаяу жүргіншімен қатар, автомобильдердің түр-түрі күндіз-түні сабылып жатады. Ағылған көлік арасына кейбірі мақтан үшін, кейбірі кәсібінің нәсібін табу үшін, енді бірі күнделікті шай-суын ажырату үшін, тіпті кептелістен қажығандар жұмысқа бару үшін де скутер, мопед, велосипед, самокат ...
Толығырақ »СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакировтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелері бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкмідігінің дербес бөлім қызметкерлері мен жауапты мамандар қатысты. Жиында аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Ұлжан Шекеева жүргізіліп жатқан сыбайлас ...
Толығырақ »АУДАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуге аудан прокурорының орынбасары А. Туршеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Е. Бейсебаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы И. Елеусізов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ «СТАДИОН» ТҰРҒЫН АУДАНЫ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Стадион» тұрғын ауданына барып, халықпен бірге өзекті мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жыл аталған тұрғын ауданға балаларға базарлық ретінде екі ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Мамыр айында тұрғын аудан газға қосылмақ. Сондай-ақ, жаңадан ауыз су құбырлары жүргізіліп жатыр. Алайда, құбыр тартқан мердігер мекеме ...
Толығырақ »