2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті. Эксперттік талқылауға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының эксперттері, облыстың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Эксперттік талқылауда ...
Толығырақ »Саясат
Артық ғылым – кітапта
Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлішер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиетке тарту мақсатында өз қаражатынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 ...
Толығырақ »Туған жерге туыңды тік
Спортты сүймейтін бала жоқ. Кішкентайынан асық ойнап, доп тепкен ауылдың қара домалақтарының ең үлкен арманы – спорт кешенінде жаттығу. Іскер азамат ауылдағы ағайынның арманын далада қалдырмай, олардың спортпен шұғылдануына ерекше жағдай жасап берді. Оның дәлелі – Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешені. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай, қаңырап қалған ғимаратты жекеменшіктен сатып алып, өз қаржысы есебінен қыруар қаржы құйып, зәулім спорт сарайына ...
Толығырақ »Ізгіліктің бастауы – отбасы
«Әке – асқар тау, Ана – баурайындағы бұлақ» деген тамаша тәмсіл бар. Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Әке мен ана сол шағын мемлекеттің құрушысы, иесі, қорғаны. Баланың да жақсы болуы – ата мен анаға байланысты. «Атаға қарап ұл өсетіні, ана қарап қыз өсетіні» белгілі. Өркен Есейұлының да әкесінің ерекше жан болғанын ауылдағы ағайын жиі айтып отырады. «Есей ақсақал өте мейірімді, ...
Толығырақ »АУЫЛДАН БАСТАҒАН…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген еді. Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті. Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды ...
Толығырақ »«Рухани жаңғыру» аясында
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өткен болатын. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, оларды ...
Толығырақ »ТУЫС ЕКІ ЕЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін елге оралды. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алып, көршілес елдің тарихи-мәдени орындарымен таныстырды. Бауырлас елдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сапар аясында қазақстандықтар алдымен Ташкенттегі Төле баба кесенесіне зиярат етті. Самарқандағы әйгілі ...
Толығырақ »«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ»
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстан Республикасына жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін Ташкентке жетті. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алды. Делегацияны бастап барған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау әрі бауырлас ...
Толығырақ »ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп ...
Толығырақ »ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ауыл жастарының форумы өтті. Жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, Қазақстан өзбектері «Достлик» қауымдыстығының төрағасы И.Хашимжанов, облыстық білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары мен ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Таяуда ғана Мемлекет басшысының Ташкентке жасаған ресми сапарында да жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Енді екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық техника яғни газ плитасын шағаратын цех іске қосылды. «Бадам» индустириалды аймағындағы жаңа кәсіпорынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті ...
Толығырақ »КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ
Шымкентте «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті. Жиынға облыстық партия филиалы саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуір күнгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру барысы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕГІ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ
«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы ...
Толығырақ »ЭТНОСТАРДЫҢ БІРЛІГІН ПАШ ЕТТІ
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды. «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ...
Толығырақ »ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыруға, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыруға, озық тәжірибелерді насихаттауға бағытталған «Ана тілі және отбасы» байқауы көпшіліктің көңілінен шықты ...
Толығырақ »ЖАНАШЫРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Ана тілі – халықтың жан дүниесінің айнасы, өсіп-өнуіне нәр беретін түптамыры, қолдаушысы барда мәңгі құламайтын бәйтерегі. Арынды өзен бұлақтан бастау алатыны тәрізді, ана тілге деген сүйіспеншілік, құрмет балғын шақтан қалыптасады. Ана сүтімен бірге ана тілдің қадір-қасиетін бойға сіңіріп өскен ұрпақ ел қамын ойлайтын ұлтжанды перзент болып жетілетіні хақ. Өйткені, бүлдіршін халқының мәдени-рухани болмысын ана тілі арқылы ғана танып, біледі. Осы ...
Толығырақ »20 мыңнан аса тіл үйренуші
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша Шымкент қаласындағы 902 300 тұрғынның 643 500-і ересек азаматтар. Оның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың саны 581 042 адам (90,3), орыс тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 528 960 (82,2) ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 211 100 адам (23,4). Орталық қаладағы барлық мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен, коммерциялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Қызметімізден жұртшылықты кеңінен хабардар ...
Толығырақ »«ҰЯТЫҢ БОП ТҰР БЕТТЕ»
Мемлекет басшысы «Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс» деген болатын. Мемлекеттік тілдің тағдыры тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның, қоғамды құраушы әрбір жеке адамның күш-жігерімен, қажеттілігімен айқындалады. Қазақ тілі – балабақша, мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптарына сай оқытылып, ...
Толығырақ »ТІЛ – ИДЕОЛОГИЯ ТҰҒЫРЫ
Кез келген елдің өзіндік орнын айқындайтын дара жолы болады. Ол мемлекеттің даму үдерісін айшықтап, барша азаматтар үшін ортақ құндылықтарды белгілейді. Оны идеология деп айтамыз. Тіл – сол идеологияның негізгі тұғырларының бірі деуге болады. Тіл жөнінде халқымызда небір орамды ойлар мен қанатты тіркестер бар. Оны адамзат үшін ең қастерлі тұлға – анаға теңейміз, ұлт уызына балаймыз, барша халқымызды біріктіруші құрал деп ...
Толығырақ »МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қазақстан мен Өзбекстанның ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданған іскерлік жиында ОҚО кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілді. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевта қатысты. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында әріптестік байланыс арта түсті. Мәселен, биылдың өзінде бекеттер ашылып, екі елдің арасында жаңадан поезд ...
Толығырақ »АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында болды. Сапар барысында Грекия республикасының елшісі облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдни бірлестігінің мүшелерімен бейресми жағдайда кездесті. Жүздесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, өңірімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этнос өкілдерінің экономиканы ілгерілетуге қосып жатқан үлесі жайында ақпарат ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕН 150 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрші елге жасаған сапары аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге 500-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Қазақстанда өндірілетін өнімдерінің көрмесі өтті. Өзбекстан астанасында кеше басталған көрмеге 90-ға жуық отандық компанияның өнімдері қойылған. Қазақстандық тауарөндушілер көрмеге ...
Толығырақ »ОҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Т.Сәрсембаев 1968 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, заңгер, гуманитарлық білім магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай» оқу-тәжірибе шаруашылығының бухгалтері ретінде бастаған. 1992-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының қаржы-несиелік органдары мен валюталық бақылауды тексеру бөлімі басшысының орынбасары, ...
Толығырақ »