Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 102)

Қазақстан жаңалықтары

ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Баспана мәселесі қай заманда да күрделі мәселелердің бірі болып келген. Оны шешу жолында ерен еңбек ету қажеттігі айтпаса да, түсінікті шығар. Облыс басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарын бір сәт тоқтатқан емес. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы шуақты Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды. «Нұрсәт» шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен «Тұран» шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ БОКС МЕКТЕБІ

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Енді №5-ші спорт мектебі әлемдік кеңістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұған дейін ел аумағында мұндай мүмкіндікке Астана және Алматы қалалары ғана ие болып келген еді. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бокс мектебі оңтүстік өңірі жас боксшыларының тыңғылықты дайындалуына ...

Толығырақ »

1774 АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 1774 Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бас қосты. Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы универ¬ситетінде жиналған аналар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылады. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орын-басары, хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚХА қызметкерлері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың ...

Толығырақ »

АУЫЛ КООПЕРАТИВКЕ БІРІКТІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда. Бүгінде шұбат өнімін көбейтіп, табыс көзін арттыруды көздеген шаруалар «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік ...

Толығырақ »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 МЕДПУНКТ

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жария етті. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндаған спикердің айтуынша, өңірде бұдан өзге 4 ірі емхананың құрылыс жүргізіліп жатыр. «Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,7 млрд. теңгеге 34 нысан салынып, 1,92 млрд. теңгеге 10 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс тарихында бірінші рет бір кезенде ...

Толығырақ »

СОЛТҮСТІК АЙМАҚҚА КӨШКЕНДЕР

Жуырда Солтүстікке көшкен отбасылар дербес ауылшаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отыр. Ол үшін қарамақтарына 22 мың гектар егістік жер бөлініп берілді. Айта кетейік, қыркүйек айының аяғында Сарыағаш ауданынан 21 отбасы солтүстікке қоныс аударған болатын. Оған дейін шаруаның жайын білетін азаматтар Солтүстіктің Тимирязев, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарына барып, ондағы ақуалды көріп қайтқан болатын. Жұмыс орындары мен жер жағдайына қанығып қайтқан ...

Толығырақ »

ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев хабарлады. Оның айтуынша, республикалық көрсеткіштен төмен мұндай жетістікке облыста тұңғыш рет қол жеткізілді. «Облыста аналар және нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатында жүйелі шаралар қолданылып, балалар мен босанатын әйелдерге жәрдем беру қызметінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі табысты ендірілді. Қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде соңғы бірнеше жыл ішінде ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИСПУТ-ФОРУМ

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық диспут-форум өтті. Жиынға қатысқан ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев форумның халықаралық форматта ұлттық құндылықтардың қайнары болған Оңтүстік Қазақстан облысында өткізіліп отырғандығын үлкен жетістікке балады. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көненің көзіндей болған ұлттық ...

Толығырақ »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменовпен кездесті. Кедесу барысында қос тарап ОҚО әкімдігі мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесінің өзекті бағыттары көзделген. Мәселен, Әкімдік пен Аймақтық хаб жобалық менеджмент, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БІРЛІК, БЕРЕКЕ БЕСІГІНДЕЙ!..

Жерлесіміз, «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссандидің бастамасымен бірқатар республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшу жөніндегі бағдарламасын қолдап, Үндеу қабылдау мақсатында ауданымызға іссапармен келді. Қонақтар ең әуелі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығына бағыт бұрды. Онда арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. «Ордабасы» триосы домбыра, баянымен халқымыздың әсем әндерін әуелете орындады. Мұражайда қорықтың ...

Толығырақ »

ЖАҢА СЕРПІЛІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚАДАМ

Қазақстан Республикасы өз тарихында тұңғыш рет қолданыстағы әліпбиін жоғары жақтың нұсқауымен емес, өз еркімен, өз қалауымен, өз таңдауымен, өз ыңғайына қарай ауыстыруға бет алғаны – құптарлық іс екенін сезіне: елімізді экономикалық дағдарыстан қиындықтарға ұрындырмай алып шығудың сара жолын ұсынған; аласапыран кезеңде халықты ауыртпалықтан құтқарып қана қоймай, әрі қарай өсуді, реформалауды, дамуды көздеген; барша қазақстандықтарды жұдырықтай жұмылдырып, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуға ...

Толығырақ »

ТУТӨБЕДЕ БАС ҚОСҚАН ЖУРНАЛИСТЕР ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұстанымдарды толығымен қолдайтынымызды білдіре отырып, Қазақстан Республикасы өз тарихында тұңғыш рет қолданыстағы әліпбиін жоғары жақтың нұсқауымен емес, өз еркімен, өз қалауымен, өз таңдауымен, өз ыңғайына қарай ауыстыруға бет алғаны – құптарлық іс екенін сезіне, біз: «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссанди; «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі ...

Толығырақ »

ТУТӨБЕДЕГІ ТАРИХИ ТІРЛІК

Бар қазақты бауырына екі жиған қасиетті Ордабасы тауы тағы бір игілікті бастаманың куәсі болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында латын әліпбиіне өтудің еліміз үшін маңыздылығы атап өтілген-ді. Осыған орай Оңтүстік өңіріне белгілі қаламгерлер Серік Жанəбіл, Мұхтар Мұхамбетжан, Бақтияр Тайжан, Ерсултан Əмірбек, Әсет Әссанди, Ғалымжан Зиябек бастаған азаматтар Ордабасы тауында бас қосып, бұл бастамаға қолдау білдірді. ...

Толығырақ »

ТОМАТ ПАСТАСЫН ШЫҒАРАДЫ

Арыс қаласындағы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қызанақ өңдейтін томат зауытында күніне 400-500 тонна қызанақ өңделіп, 70 тоннаға жуық томат концентраты дайындалуда. Алдағы уақытта өндіріс орны жұмыс көлемін кеңейтіп, томат концентратынан дайын өнім шығармақ. Жақын күндері кәсіпорын жаңа желіні іске қосып, томат пастасын жасайды. Бүгінде арнайы қондырғыларды алып, орнатып қойған. Зауыт директоры Ерлан Ақжібековтың айтуынша, томат пастасын шығаратын желіні қарашаның екінші ...

Толығырақ »

ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Төкежанов ұшақ апатынан қаза болған дәрігер Талғат Патсаевтің жақындарына барып көңіл айтты. Қайғылы жағдай барша отандастарымыздың қабырғасын қайыстырғанын айтқан өңір басшысы, отбасылары үшін орны толмас ауыр қайғы екенін жеткізді. «Бұл дәрігерлер қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болды. Ақ халатты азаматтардың адамдардың өмірін сақтап қалу жолындағы адал еңбектерін ...

Толығырақ »

КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазіргі кезеңдегі травматология және ортопедияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, АҚШ, Германия, Ресей, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия сынды он мемлекеттен 14 ғалымдар мен үш жүзге жуық дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Медицина шекара таңдамайтынын айтқан аймақ басшысы шетелдің білікті ортопед, травматолог мамандары қатысып отырған бүгінгі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ...

Толығырақ »

ИСРАИЛ САПАРБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайды қабылдады. Кездесуде әкім ақын-сазгердің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, тәуелсіз елiміздің рухани байлығын арттырудағы еңбегінің еселене түсетініне сенім білдірді. «Біз Сізді ақын, композитор, драматург ретінде елге сіңірген абыройлы еңбегіңізбен еліміздің поэзиясы мен өнерінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан, өзінің дара жолы ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ КІЛЕМДЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Ұлы дала кілемдері» атты бес күндік кілемдер жәрмеңкесі ашылды. Көрмені тамашалауға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев және облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы бастаған делегация келді. Көрменің ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылғанын ...

Толығырақ »

КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан бастаған делегацияны қабылдады. Аймақ басшысы шетелдік қонақтарды Оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, әкім Оңтүстік пен Иран провинциялары арасында, оның ішінде Хорасан Разави аймағымен өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты арттырудың мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті. «Сізбен кездесіп отырғаныма және ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВА

Талантты ақын Түркиядағы, Ташкенттегі халықаралық ақындар айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. Арқалы ақынның «Алладан пәрмен сұраған» (1999), «Басыңды тікпей бақ қайда?» (2001), «Әселхан әлемі» (2008), «Сырттап кеткен тамырлар» (2004) кітаптары жарық көрген. Әселхан Әлішерқызы 22-cәуір 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Көксарай ауылында дүниеге келген. «Сыр бойының сүлейі» атанған Ергөбек Құттыбайұлының немересі. Әселхан ұзақ жыл Шәуілдір ауылындағы метеорология станциясының метеорологы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ТӨРЕБЕК БАЙТАСОВ

Төребек Төрекелдіұлының облыстық, республикалық газеттерге мақалалары жиі шығып тұрады. Әсіресе мәдени, рухани бағытта жиі қалам тербейді. Телехабарлары да осы бағытта. Поэзияға қызығады, бір топ өлеңдері жинақталған. Төребек Төрекелдіұлы 1987 жылы 27 тамызда ОҚО, Шымкент қаласында туған. 2004 жылы Шымкент қаласындағы техникалық лицейді тәмамдайды. 2005-2009 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «журналистика» факультетін оқиды, 2009-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «филология» факультетінің магистрі ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауына дайындық жұмыстары Конституциялық заңның талаптарына сай кезең-кезеңімен атқарылуда. Облыстық сайлау комиссиясы тағайындаған саяси іс-шара 2017 жылғы 29 қазан күні өтеді. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, мәслихат депутаттығына барлығы 42 үміткер ұсынылған, оның ішінде 38 үміткер тіркеліп отыр. Қалған 4 ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар басталды. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда. Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?

«Ауыл» ХДПП ОҚО филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастарға түсіндіру бағытында кездесу өтті. Кездесуге аудан, қалалардан жастар, «Интеллект» инкубатор қоғамдық қорының төрағасы, Қазақстанға белгілі блогер Нұрлан Жанай және Кітап клубтарының үйлестірушісі Мәулен Жанболат қатысты. Бағдарламалық мақалада «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ЖАСТАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу бастамасына қолдау білдіру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Латын алфавитінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еліміздің барлық аймақтарында қызу қолдау тауып жатқан латын графикасына өту мәселесіне қоғамның кез-келген ортасы өз ойларын қосуға асық. Бұл орайда, кеншілер қаласының өскелең ұрпағы да шет қала алмады. ...

Толығырақ »